Гүлдер сөйлесін

Гүлдер сөйлесін

Нәзік жандылардың көптен күткен күні - 8 наурыз да өтті. Сыйлықтар, гүлдер, көңіл, сезім... Бұл күн әр арудың есінде ерекше болып қалды. Әлі солып үлгермеген гүлдерге қарап, оны сыйлаған адам жайлы ойланамыз. Ал ол жігіт гүл шоқтарын қандай ниетпен таңдап сыйлады? Гүлдер сөйлесін...

Әрине сізге көңіл бөліп, гүл алып келген әр жігіттің ойында бір астар жатқаны анық. Сөз салып не әзірше жай мейраммен құттықтап тұрған жігіт дәл осы гүл шоғын неліктен таңдады?

Сонымен жігіттің қандай гүлді таңдағанына байланысты оның сезімін біліп алуға болады екен. 

Қалампыр гүлдері махаббат, құлшыныс, қызығушылық, бостандық, адалдық сияқты түрлі сезімдерді білдіреді. Ол оның түсіне байланысты. 

Қызыл қалампыр − ыстық сезім, ақ қалампыр − сенімділік, сағыныш белгісі.

Сүмбігүл (гиацинт) − көтеріңкі көңіл-күй, әзілдесуге деген құлшыныс белгісі.

Аққанат (калла) гүлін сыйлаған жігіт сізді құрметтеп, таңданады. 

 Сарыгүл (ирис)  - достық, адалдық, құрметті білдіреді. 
Фрезия атты нәзік гүлдерді сыйлаған жігіт өте сабырлы және байсалды болады. Оның сезімдері дәл осы гүлдер сынды нәзік.     

 

Лалагүл (лилия) – мейірімділіктің нышаны.  
Ақ лалагүл сыйлаған жігіт сізді пәк, жас ару деп санайды.
Сарғылт-қызыл лалагүл "Сіздің жүрегіңіз бос па?" деп сұрайтындай.
Сары лалагүлдер сыйлаған жігіт басқалардан өзгеше жан.

Кінәмшіл (мимоза) – қарапайымдылық, ұяңдық нышаны.            

Ақ нәркес (нарцисс) – адалдықты білдірсе, сарысы өзімшілдік, өзіне жоғары баға беруді көрсетеді.   

Орхидея гүлдерін сыйлаған жігіт сізді ерекше қатты сыйлайды. Нәзіктік, жоғары талғам, тылсым сезімді білдіреді.

Бәйшешек сыйлаған жігіт қарым-қатынасыңызда жаңа күн туғанын аңсап жүр.

 

Раушан – махаббаттың нышаны.

Қызыл раушан – ыстық сезімдерді білдіреді. Бұл гүлдер "Мен саған ғашықпын" дейді.

Сары раушан – бақыт, қуаныш, көтеріңкі көңіл-күйді білдіреді. 

Ақ раушан – сенім мен жасырын сезімдерді көрсетеді.  

Қызғылт раушан "Маған сенші" деп тіл қатады. 

Қызғалдақ - өзара сыйластық, махаббат, үлкен бақыттың белгісі. Бұндай гүл сыйлаған жігіт сізді шын сүйіп, өз сезімдеріне сенімді. 

Фиалка – қарапайымдылық, ар, сабырлық, пәктік, жасырын махаббатты көрсетеді. Ақ фиалканы ерекше романтикалық адамдар сыйлайды.

Хризантема гүлдерін жақын дос жігіттер сыйлайды. Ол көтеріңкі көңіл-күй, демалыс, шаттықты білдіреді.

Ал сіз 8 наурызда қандай гүл алдыңыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: pulsev.com.ua 

С. А