Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 8 НАУРЫЗ 2013 / Әріптес қыздарды 8 наурызбен құттықтау

Әріптес қыздарды 8 наурызбен құттықтау

Әріптес қыздарды 8 наурызбен құттықтау

Әріптес қыздарды 8 наурыз мерекесімен құттықтау қазір барлық жұмыс жасайтын жігіттер үшін үлкен мәселеге айналып отыр. Қыздарды қалай ерекше етіп құттықтауға болады? Біздің және біздің оқырмандарымыздың кеңестерімен таныс болыңыздар.

Бірінші және ең бастысы әріптес қыздарды ұмытып қалмаңыздар. Оларды елемей, мерекемен құттықтамау - сізге жыл бойы әсер ететін үлкен қателік. Қандай болса да көңіл білдіріп, құттықтау сөздер мен тілектер айтылуы шарт.

Әрине әріптес қыздар жақын достарыңыз, құрбыларыңыз болуы екіталай. Сол себепті олар да сіздерден қымбат сыйлықтар мен шоқ гүлдер күтпейді. Артық шашылмай-ақ қойыңыздар. Сыйлық пен гүлдердің құны емес, оны сыйлағандағы көңіліңіз маңызды.

Гүлдерден артық сый бар ма? 8 наурыз, мереке, қыздар, гүлдер. Бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Жұмыстағы қыздарға әдемі гүл сыйласаңыздар, сыйлықтың қажеті де жоқ. Кеңседегі қыздардың бәріне бірдей гүл шоқтарын сыйлағанша, әр қызға өзіне тән, ерекше гүл тарту етіңіз. 

Тосын ашық хат. Смс пен интернеттегі хаттар мен құттықтауларға үйреніп кеткеніміз соншалықты, ашық хаттар жолдау жайлы ойланбаймыз да. 7 наурыз күні (8-і қыздар арқасында демалыс күні) қыздардың үстелдерінің үстіне ашық хатқа не жай стикер қағазға "Ең көрікті қызға", "Мерекемен!" деп жазып, қыстырып қойыңыз. Бұл кеңседегі қыздардың бәрінің көңілін көтерері анық.

Бұл жайлы оқырмандарымыздың ойы қандай екен? 

Айжан Табын: "Қыз бала болған соң әдемі нәрселерге көз түсетіні анық қой. Сол себепті әдемі бұйымдарға қуанып қалам, әсіресе ерекше кеңсе тауарларына құмармын. Блокнот, қалам, қалам салғыш секілді керекті, ерекше ашық түсті, әдемі өрнегімен болса деп тілеймін. Сосын гүл, әріптес жігіттерден бір тал раушан гүлі жарайды".

Жанат Ахметов: "Әріптестерге сыйлық таңдау ең қиын, шоколад, торт сыйлай салуға болады, бірақ өз басым оны ұят деп санаймын. Жақсы араласып жүрген дос қыздан нені қалап жүргенін немесе нені ұнататынын сұрап алуға болады. Алайда жай әріптесіңнен оны сұрай алмайсың, нені ұнататынын байқай да алмайсың. Осы орайда әріптеске сыйлық алу қиын деп айтар едім. Жалпы жасы үлкен отбасылы апайларға асханада пайдасына жарар зат сыйлаймын, ал тұрмыс құрмаған бойжеткендерге кітап сыйлаймын. Әріптес қыздарға әріптес жігіттермен бірігіп сыйлық жасау тәсілі өте тиімді деп айтар едім".

Абзал Сариев: "Дәл осы сағаттар мен секундтарда күллі жер бетінде жігіт атаулының жүрек дүрсілі жиілеп, күре тамырындағы қаны әдеттегіден қатты жүгіріп, бойын «үрей» не «жалтару» да емес, сөзбен айтып жеткізе алмайтын, әлде айтсаң бүлдіріп алатын біртүрлі сезім билеп тұрғаны рас. Сол ұзын-сонар тізімге қаз-қатар бой түзеп тізіліп тұрғандардың ішінде мен де бармын.

Сонымен әріптес қыздарға не сыйлау керек? Бұл жөнінде айтар болсам, бұл сұрақтың жауабын нақты беретін арнайы маманның, не ЖОО-да оған дайындайтын арнайы мамандықтың жоқ екенін ескере келе, мен бұл «таңдауды» әрбір жігіттің жүрегіндегі (аяулы, ардақты, әдемі, ибалы, тәрбиелі, құдіретті, қасиетті т.с.с миллион теңеу) әйел затына деп бөлген «жазықтығына» қарай үлестірдім.

Әр жігіт өзімен кеңседе қыста да жазда да бірге ысып, тоңып отырған әйел әріптесіне бұл мейрамда не сыйлау керек екенін «біліп» отырған болу керек немесе білуі керек, тіпті білуі шарт!

Мейлі жасы үлкен-кіші болсын, мейлі сүйгенің-сүймегенің болсын, қырындап көз салғаның, ырымдап әншейін сөз салғаның болсын, сен айналаңдағы әйел атаулының бәрін осы «бір» күні міндетті түрде құттықтап, жағымды сөзбен жүзіне шаттық-әшекейін тағып, күлкіден түйілдірмесең де, әзіліңді айтып, көзіне нұр себуің парыз! Сенің өміріңдегі әйел адамның алдындағы ер-жігіттік ең басты парызың сол, айналайын жігіт! Олай болса, бауырым, қапы қалма!"

Ал сіз әріптес қыздарға не сыйлайсыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

9548 7
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 05 наурыз 2013, 17:05
Пікірлер
+0
05 наурыз 2013, 18:35

Охо дұрыс айтады

+0
05 наурыз 2013, 19:55

Білесізбе, қыз болып, әшекей, алтын алқа күтпейді екем мерекеде, тек құшақ-құшақ гүл күтемін. Мен үшін гүлден артық сыйлық жоқ. Ал, жігіт - ағаларым жоғарыда айтылғандарды кәдеге асырғайсыздар!

+0
05 наурыз 2013, 20:35

ал мен 8 наурызға жігіттерден жақсы тілек алғым келеді))

+0
06 наурыз 2013, 09:18

Құрметті Қазақтың қызғалдақтай қыз-келіншектері!
Сіздерді 8-наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, «болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтпақшы, айтулы ақын болмасам да, екі сөздің басын құрап жыр арнау әркімнің қолынан келері анық.Сондықтан, Сіздерге деген жылы лебізімді жыр жолдарымен жеткізуді жөн санадым. Орамал тон болмайды, жол болады демекші, аз да болса көптей қабыл алыңыздар.
Елімнің көрік қосып келбетіне.
Аналар аман жүрсін жер бетінде,
Құлпырған, гүл жайнаған, ару қыздар,
Гүл тұнған , кең далада тербетілген.
Қазақтың қыздарына жыр арнадым,
8-наурыз мейрамының құрметіне.
Қызғалдақтары көк белдің,
Бүлдіргендері бөктердің.
Ақ жаулықты аналар,
Мейіріміңмен көктермін.
Жылы жүзді жеңгелер,
Әзілімізді шектер кім.
Күлімкөз қарындастарыма,
Тәңірім тәтті бақ бергін.
Қатарлас, құрбы қыздарым,
Өздеріңе жоқ өкпемнің.
Өткіздім жастық шағымның,
Ең аяулы сәттерін.
Құттықтаймын Сіздерді.
Мерекесімен көктемнің.
Қылықты қызы болыңдар,
Қазақ дейтін текті елдің. деп жазған едім былтыр... Шығармашылық тоқырауда жүргендіктен биыл да күшін жоя қоймаған болар деген ойдамын.

:)

+0
06 наурыз 2013, 09:49

керемет жыр!!! Керемет!

+0
06 наурыз 2013, 09:58

Өткен жылы әріптес қыздарға боз орамал мен сабын сыйлағанмын. Кейін "сол сабынды қайдан алдың" деп мазамды алған. Осы жылы да ерекше бір сый жасау керек не болса да)

+0
06 наурыз 2013, 10:55

Мерекелеринизбен кыздар! Гулдей адеми болып журе бериниздер! Жигиттергеде мерекелеримен,ягни ана,карындастарынын)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...