8 наурыз. Мерекені кинотеатрда қарсы алыңыз!

8 наурыз. Мерекені кинотеатрда қарсы алыңыз!

Назарларыңызға 8 наурыз күні көрсетілетін фильмдер легін ұсынамыз. Мерекені кино өмір сүретін үйде қарсы алыңыз!

"21 и больше"

Жанры: комедия (АҚШ)

Режисерлер: Джон Лукас, Скотт Мур

Рөлдерде: Майлз Теллер, Сара Райт, Джастин Чон, Джонатан Кельтц, Дэниэл Буко, Дастин Ибарра, Саманта Фатерман, Бонни Бентли

Жалындаған жастық шақ пен ойсыз, қамсыз күн кешіп жүрген оның кейіпкерлері туралы фильм сізді қызықтырады деп ойлаймыз. 8 наурызды аталған фильммен қарсы алыңыз!

"Гамбит"

Жанры: комедия, криминал

Режисер: Майкл Хоффман

Рөлдерде: Колин Ферт, Камерон Диаз, Алан Рикман, Стэнли Туччи, Клорис Личмен, Того Игава, Том Кортни

Лондондық өнерсүйер жанның фильм барысындағы таңғажайып әрекеттері сіздерді бір күйдіріп, бір жандырып, бір күлдіріп, бір жылата алады деген үміттеміз. "Гамбит" 8 наурызда ханымдарымызға күлкі мен шаттық сыйласын!

"Инглиш-Винглиш"

Жанры: лирикалық комедия

Режисер: Гаури Шинде

Рөлдерде: Шридеви, Адиль Хуссэйн, Мехди Неббу, Прия Ананд, Сулабха Дешпанде, Сухата Кумар, Навика Котия, Шиванш Котия, Кори Хиббс, Раджив Равиндранатан

8 наурыз мерекесіне арналған тамаша сыйлық! Барлық әйелдер қауымына арналады!

"Ангел хранитель"

Жанры: боевик, триллер

Режисер:Тиль Швайгер

Рөлдерде: Тиль Швайгер, Луна Швайгер, Мориц Бляйбтрой

Әлемде жападан жалғыз қалған Нина есімді бойжеткен шытырман оқиғалардың куәгері атанады. Ал Макс есімді полиция офицері оның қолдаушы періштесі сынды барлық қиындықта жанынан табыла кетеді. Киноны өзіңіздің "періштеңізбен" көріңіз дер едік...

"Медный чайник"

Жанры: триллер, фэнтези

Режисер: Рама Мозли

Рөлдерде: Алексис Бледел (Alexis Bledel), Алия Шокэт (Alia Shawkat), Майкл Ангарано (Michael Angarano), Джуно Темпл

Эллис және Джон есімді жас жұбайлардың өмірге деген көзқарастары көз алдыңызда өзгеріп сала береді... 8 наурыз күні жұбайыңыздың қолынан ұстаңыз да, кинотеатрға жол тартыңыз!

"О чем молчат девушки"

Жанры: комедия

Режисер: Карен Оганесян

Рөлдерде: Юлия Пересильд, Олеся Судзиловская, Ольга Смирнова, Таисия Вилкова, Михаил Пореченков, Ольга Тумайкина, Игорь Жижикин

Мәскеуден Испанияға сапар шеккен төрт бойжеткен туралы фильм құрбыларыңызбен, туыстарыңызбен, әріптес қыздармен бірге көруге арналады.

"Оз: Великий и Ужасный"

Жанры: фэнтези

Режисер: Сэм Рэйми

Рөлдерде: Мила КунисДжеймс ФранкоРейчел ВайсМишель УильямсБрюс Кэмпбелл, Эбигейл Спенсер, Джои Кинг.

Үрей мен қорқыныш, сиқыр мен шынайы өмір бейнеленетін фильмді отбасылы жандарға кеңес берер едік.

 

Материалды дайындау барысында kino.kz сайтындағы ақпараттар пайдаланылды.

Суреттер:hameleons.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева