Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 8 НАУРЫЗ 2013 / 8 наурызда қызды таң қалдырудың 10 әдісі

8 наурызда қызды таң қалдырудың 10 әдісі

8 наурызда қызды таң қалдырудың 10 әдісі

Нәзік жанды арулар үйдің берекесін келтіріп қана қоймай, ер атаулының сұр әлемін әрлеп тұратын әшекей іспеттес. Сол себепті ерлер таңдаған жан жарларын әрдайым қадірлеп, қамқор болуы тиіс. Және 8 наурыз ерекше ілтипатын білдіріп қалуға жақсы мүмкіндік. Ал сүйген қызыңызды немен таң қалдыра аласыз?

Гүл
Гүл – көктемнің сегізінші күнінің ажырамас белгісі. Қызыңызға міндетті түрде гүл сыйлаңыз. Бұл қарапайым гүл шоғы болуы мүмкін, үлкен гүл шоғы болуы мүмкін немесе раушан жапырақтарынан жасалған шашу болса да керемет.

Өз қолыңызбен жасалған сыйлық!
Сурет салатын рамка болсын, ваза болсын, ең бастысы өз қолыңызбен жасасаңыз, құрбыңыздың көңілінен шығатыныңыз анық. Тіпті қарапайым шамдарды әрлеп, жағып қойсаңыз да әсерлі болады.

Үш сағатқа лимузин
Қыздың таң қалдырудың бір әдісі – түнгі қалада лимузинмен серуендеу. Көліктің салонын өз қалауыңызша әрлеп, ал аққайнар мен талғамды әуен кешті әсерлі ете түспек.

Мекенжайды өзгертіңіз
Сүйіктіңізбен қаланың сыртына шығып, демалыс орнына барыңыздар. Немесе тауға шығып, қыдырыңыздар. Ең бастысы үйреншікті ортада болмағандарыңыз абзал.

Шоппинг
Қыздардың 80%-ы шоппингпен ауырады. Сондықтан оны сауда орталығына апарып, бір кешке демеушісі болыңыз. Оның бар қалауын сатып әперсеңіз, бір мезетте көз алдында батыр болып шыға келесіз.

Бірге түскен суреттеріңізден құралған күнтізбе жасаңыз
Әр айдың әрбір бетінде түрлі суреттеріңіз салынған бір жылға аспалы күнтізбе жасатыңыз. Мұндай қызметті жасату қиын емес.

Жұлдыз сыйлаңыз
Қазір Интернетте жеке меншікке жұлдыз сататын сайттар өте көп. Яғни, өзіңізге ұнаған жұлдызды таңдайсыз да, сайтта тапсырыс жасайсыз, кейін олар сізге сатып алғандығыңыз жайында сертификат жібереді. Сонымен қатар, ол жұлдызға сүйіктіңіздің атын берсеңіз, ортақ каталогта сол атпен сақталатын болады.

Әуе шарымен сөз айту
Өте үлкен қорап алыңыз да, сыртын сыйлықтарды орайтын қағазбен әрлеңіз. Қораптың ішін гелийлі әуе шарларымен толтырыңыз, кейін жүрек пішіндес шарды алыңыз да, оны да гелиймен толтырыңыз. Бірақ басқа шарлардан бөлек оны ортасына қарай жайғастырып, жіппен қораптың түбіне жабыстырып қойыңыз. Сонымен бірге, шар қораптан шыққанда қызыңыздың көздерінің деңгейінде болу үшін жіптің ұзындығын қадағалаңыз. Әуе шарларына толған қорапты жабық күйінде сыйлаңыз. Сүйіктіңіз оны ашқанда барлық шарлар ұшып шығады да, жүрек пішіндес шар ғана қалады.

Экстрим
Егер сүйіктіңіз экстрималды спорт түрлерін сүйетін болса, пейнтболға апарыңыз. Қызыңызға қайда баратындарыңызды айтпаңыз, арнайы жерге келген кезде достарыңыз күтіп алып, қызықты кеш өткізуге болады.

Интернетте
Егер қалтаңыз көтеріп жатса, әлеуметтік желілердегі жарнама орнын сатып алып, құттықтау сөздерін және оның суретін іліп қойсаңыз болады. Ал ең жақсысы өз парақшаңызға екеуіңіз түскен суретті қойып, статусқа оны қатты сүйетініңізді жазу.

P.S. Және ең соңғы, ең таңқаларлық сыйлық! Бұл өте көп күшті және көп ақшаны талап етеді!

Көліктен шыққанда оған қолыңызды ұсыныңыз, ғимаратқа кірерде есігін ашып сүйіктіңізді бірінші кіргізіңіз, үстелге отырарда орындығын жылжытып отыруға көмектесіңіз, сырт киімін шешіп-киюге көмектесіңіз, оған барынша көп назар аударыңыз. Оның таңданысында шек болмайтынына сенімдіміз!

Және қыздарға ерекше қамқорлық пен күтім арнайы күн мен мезгілді талғамайтынын естен шығармаңыз!

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

2753 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 06 наурыз 2013, 21:41
Пікірлер
+0
06 наурыз 2013, 15:42

Керемет кеңестер)маған осындай сыйлықтар жасаса мәз болар едім)

+0
06 наурыз 2013, 15:42

Тамаша, Анар :D Ұшатын шарлар салынған үлкен қорап ұнап қалД)))))))))) Қалғандары да ұнайд.

+0
06 наурыз 2013, 15:51

оооо кандай керемет сыйлыктар... :D

+0
06 наурыз 2013, 15:52

P.S. Және ең соңғы, ең таңқаларлық сыйлық! Бұл өте көп күшті және көп ақшаны талап етеді!-риза болдым))))Және қыздарға ерекше қамқорлық пен күтім арнайы күн мен мезгілді талғамайтынын естен шығармаңыз!-оте дурыс айтылган))

+0
06 наурыз 2013, 15:55

Шоппинг Қыздардың 80%-ы шоппингпен ауырады. Сондықтан оны сауда орталығына апарып, бір кешке демеушісі болыңыз. Оның бар қалауын сатып әперсеңіз, бір мезетте көз алдында батыр болып шыға келесіз. Аха, барыңыз да Меганы аралатыңыз. Сосын, сосын бітеді, шаруаң да, ақшаң да ))))) Жақсы кеңестер! Сайттың баннерін сатып алу идеясы мықты!

+0
06 наурыз 2013, 16:21

Керемет!

+0
06 наурыз 2013, 16:27

Ұшатын шарлар ұнады интернетте))

+0
06 наурыз 2013, 19:22

кума биреу го жазган адам

+0
06 наурыз 2013, 19:25

Айдай арулар арке қарындас аналар,Мерекелеріңіз құтты болсын!! Жстарыңыз ұззззааақ бақытты ажарлы өмір сүріңіздер!!! :)

+0
07 наурыз 2013, 02:27

Ахахах қыздың ойынддағын Мегаға апарып қалағанын сатып әперу деген.. :D ужс ужс шашы ғана емес, қалтасы да ағарееееп қалады ғой жігіттің :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол
ҰБТның алаңдатар сұрақтары
ҰБТның алаңдатар сұрақтары

Гранттан айырылып қалмау үшін нені ескеру керек? Шығармашылық емтихан туралы

Автор: Диана Рахым

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...