8 наурызға құттықтау өлең...

8 наурызға құттықтау өлең...

Тілектің бәрі бір осы күн,

Осы күн мәдени пішінде.

Осы күн... өмірдің хошы мың

Осы күн әйелдер үшін бе?

 

Бақытты болсын деп жатамыз

Орындау серт болсын ерлерге.

Мамамыз, қарындас, апамыз.

Санамыз...шамамыз келгенде.

 

Жақсылық жасайық бұл күні

Жақсылық ұлассын мың күнге.

Бір күнге қарыздар боп қалсын,

Еркек атаулы бір түнде...

 

Бар өмір қайғысы, мұңы шын,

Құрысын және де бұл үшін

Тынысы кең болып, кем болмай 

Ырысы және де жүрісі...

 

Дені сау болсын, күлкісі

Кетпесін езуден, жұрт іші

Жұрт іші бақытқа бөленсін,

Бөленсін алдымен ұлт ісі.

 

сурет:bestwatch.ru 

Дайындаған: Әділет Ақылбек

Л. Лига