Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 8 НАУРЫЗ 2013 / 8 наурыз. Әлемді өзгерткен әйелдер - 2

8 наурыз. Әлемді өзгерткен әйелдер - 2

8 наурыз. Әлемді өзгерткен әйелдер - 2

8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында тарих беттерінде алтын әріптермен жазылып, кейінгі ұрпаққа үлгі бола білген және әлемді өзгерткен әйелдер туралы әңгімелеуді жалғастырамыз.

"Темір леди"("Железная леди")

 

Маргарет Тэтчер премьер-министр болған он бір жыл - Ұлыбритания тарихында өте жемісті жылдар болды. Бұл уақытта елдің экономикалық жағдайы соңғы он жылға қарағанда үш есе өсті десе де болады. Кезінде халық оны қалай атамады десеңізші: "НАТО-ның ең мықты еркегі", "Тынымсыз мыстан", "Темір леди"... Оның жұмыс күні - таңғы алты мен түнгі бір аралығы. Ол бір сөзінде: "Мен 4-5 сағаттан артық ұйықтамаймын. Менің өмірім - менің жұмысым. Бір адамдар өмір сүру үшін жұмыс істейді. Ал мен - жұмыс істеу үшін өмір сүремін" деген екен.

 

 

"Мейірімді жүректің иесі"


 

Агнес Гонджа Бояджиу (Тереза Ана) аскөк сатумен айналысатын өте қарапайым отбасында дүниеге келген. Отыз алты жасқа келгенде жағдайы нашар әйел өзінің мейірімге толы жүрегі мен ерекше ынтасының арқасында Халықаралық Қайырымдылық Ұйымын құрады. Қазір бұл қордың құрамында әлемнің сексен елінен тіркелген 300 мың адам бар. Ұйым балалар мен жетімдер үйін, ауруханаларды, қарттар үйін қамтиды. Қазір Калькуттадағы бір ғана орталықтың өзінде 10 000-ға жуық адам емделіп жатыр.

 

 

Қайырымдылықтан бақыт тапқан...

Диана Спенсер кезінде Ұлыбританияның ханшайымы болған (Чарльз ханзаданың жұбайы). Алайда ақсүйектердің өміріне үйренісе алмаған және күйеуімен жараспаған Диана екі баласының бар болғандығына қарамастан, Чарльзбен ажырасып кетеді. Ол өзінің барлық ғұмыры мен байлығын қайырымдылыққа арнайды: сирек кездесетін жануарлардың құқығын қорғады, әрі қауіпті қаруларды жою шараларын жүргізіп, мыңдаған жетімдер мен ауруларға көмектесіп, көпке үлгі бола білді.

 

Сән анасы

 

Габриель Бонёр Шанель - ХХ ғасырдағы әлемдік сән үлгінің бетке ұстар тұлғасы. Ол әйелдік пен мәңгілік классиканың, кербездіктің нышаны.  Коко Шанель нәзік жандылар қауымына қара түсті, қысқа шаш үлгісін, шалбарды, кішкентай ғана қара көйлекті және "Chanel №5" иіссуын тарту етті. Сөз зергері бола білген Коко Шанель: "Әйел 30 жасында сұлу көрінбеген болса, ол нағыз ақымақ" деген екен. Үйленгелі жүрген серісі аяқ астынан қаза болған соң, махаббатына адал болған Шанель өмір бойы тұрмыс құрмай өтті.

 

 

Кино патшайымы


 

Кішкентайынан "тышқан" деген мазақ сөзден зәбір шегіп өскен Мэрилин өзіне "Мені бүкіл әлем танитын болады" деп уәде береді. Ол уәдесінде тұрды. Пластикалық операцияның көмегімен көрікті келбетке ие болған әйел атақ пен байлыққа лезде жетті. Кино әлемін дүр сілкіндірген аңыз тұлға жігіт атаулының қолжетпес арманына айналды. Бірақ бақытты болған емес. Сәтсіз некелер мен бірнеше аборт жасаған актриса өмірден тым ерте кетті. Жалғыз және бақытсыз... Мэрилин Монроның мың-мыңдаған актрисаларға үлгі болып, кино әлеміне зор жаңалықтар енгізгенін бүкіл әлем мойындайды.

 

 

 

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3810 4
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 05 наурыз 2013, 09:56
Пікірлер
+0
05 наурыз 2013, 10:36

Расында танымал әйелдер. Әлемді өзгерткен десе де болады.

+0
05 наурыз 2013, 11:02

Коко Шанельді өте жоғары бағалаймын! Бір кездері еліктегенмін де! махаббатқа адал болса осындай болсын!

+0
05 наурыз 2013, 11:27

Маргаретті қатты құрметтеймін. Сүт ұрлаған әйелдің даңқы асқақтап қала берсін!!!

+0
05 наурыз 2013, 18:32

Ооо аңыздар ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...