Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 8 НАУРЫЗ 2013 / 8 наурыз. "Мен қазақ қыздарына қайран қалам..."

8 наурыз. "Мен қазақ қыздарына қайран қалам..."

8 наурыз.

...Сүймеген сені азамат, азамат па?
Көңілің тәрізді аппақ таза мақта.
Бәрін айт, бірін айтта лайықсың,
Қазақтың қызы деген ғажап атқа. 

Осынау өлең жолдарынан ақынның барша қазақ қыздарына деген шексіз махаббаты мен ерекше ілтипатын аңғаруға болады. Мұндай құрметке қазақтың қаракөздері қашан да лайықты бола білгендігіне таласыңыз жоқ болар... Қадым замандардан бері жауға қарсы шауып, ерен ерлігімен тарих беттерінде қалған қайсар қыздарымыз, асқан ақылдылығымен бүкіл бір елді басқарып, даналығымен ішкі-сыртқы жағдайды жөнге салып отырған орақ ауыз, от тілді шешен-дана-аналарымыз аз болмаған. Қазақ әйелі қашанда дәстүрлі мәдениеттің бесігін тербетіп, әйелдіктен даналыққа, отбасы, ошақ қасы тірлігінен рулы елдің қамын жейтін ел анасы деңгейіне көтеріле білген. Иә, қазақ қызы әрдайым бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеттті. 

Ел қорғаған батырларымыз бен данагөй аталарымызды қашанда көтеріп жатамыз ғой, ал бүгін, яғни, 8 наурыз қыз-келіншектер мерекесі қарсаңында сол батырлар мен ақындарды туған, ақылымен ел билеген және айбатымен жау қашырған Аналарымыз бен Апаларымызды - Қазақтың Қыздарының есімдерін ұлықтайық!



Тұмар ханша – күнгей түркі сақ халықтарын билеген атақты әйел патша. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсы патшасы Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста жеңуімен тікелей байланысты. То­мирис шайқас соңында тор­сықты қанға тол­ты­рып, оған Кирдің ба­сын са­луға бұй­рық бе­реді. Ол өз елінде бұдан кейін де та­лай жыл­дар билік етіп, қара қыл­ды қақ жарған әділдігімен, да­ныш­пандығымен, көре­гендігімен халқын та­лай таң қал­дырды. 

 

Айғаным Сарғалдаққожақызы - Ұлы Абылай ханның тұңғыш ұлы, тақ мұрагері, Уәли ханның кіші ханымы. Уәли қайтыс болғаннан кейін, хан сайланады (1821-1822). ХІХ ғасырда қазақ әйелдерінен шыққан қоғам қайраткері. Айғаным өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болды. Бірнеше шығыс тілдерін (араб, шағатай, парсы, өзбек, орыс) еркін меңгерген. Петербордағы Сібір комитетімен, Ресей патшалығының сыртқы істер министрлігінің Азия департаментімен дипломатиялық хат жазысып тұрған.

 

Бопай − Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың зайыбы әрі мүдделесі, Кенесарының қарындасы. Сол кездегі қазақ халқының басына ел болу немесе елдігін мүлде жоғалту қауіпі төнгенде Әбілқайыр ұстанған саяси бағытты Бопай қолдап, ең бір шешуші кезеңдерде айырықша икемділік-тапқырлық танытып отырған, шайқасқа шыққан сарбаз болған. Мұны Бопай ханымның Анна Иоановнаға, Елизавета Петровнаға, А.И.Тевкелевке, И.И.Неплюевке, канцлер А.П.Бестужев-Рюминге жазған хаттарынан аңғаруға болады. 

 

Қаракерей Қабанбай батырдың сүйген жары, арғын—бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы. Көптеген жорықтарға қатысып, ерлік істері ел есінде қалған. «Қалмаққырғанның» сыртындағы тауға Гауһар батыр қарауылға шығады екен» деген бұрынғылардан жеткен сөзді ақсақалдар айтып отырады. Шымкенттің Шәуілдір ауданындағы Арыс өзенінің Сырдарияға құятын тұсындағы үлкен төбелердің бірі «Гауһар ана төбесі» деп аталады. Ақын Бақи Әбдіқадыровтың «Гауһар батыр» деген дастаны бар. 

 

Бәйдібектің екінші әйелі, шын аты Нұрила (Бибісара). Ол 1378-1456 жылдары өмір сүрген. "Диһнат мама" (әулие ана) деген атаудан шығарылып, Домалақ ана есімімен аталып кеткен. Өз заманында адамгершілігімен, әдептілігімен, парасаттылығымен, шыншылдығымен аты шыққын, қасиет қонған кісі болған. Домалақ Ананың өзі Қожа руынан, Мақтым ағзам қожаның немересі.  

 

Қазақ қыздарына үлгі бола алатын бірден-бір образ Қарашаш сұлу - әйгілі Жиренше шешеннің әйелі болған. Ол өзінің ақылдылығы, тапқырлығымен Жиренше шешенге лайықты жар бола білген ерекше адам ретінде суреттеледі. Қарашаштың есімі әрқашан да Жиренше шешен атымен қоса айтылып жүреді. Жиренше шешен өзі - Әз-Жәнібек (Алтын Орданың ханы) ханның тұсында өмір сүргендіктен және Кіші жүз Жетіру бірлестігінің Рамадан руынан шыққандығы тарих пен шежірелерден белгілі болғандықтан, Қарашаш сұлуды да тарихи тұлға ретінде бағалай аламыз.

 

Суреттер:aigerim-altynshash.blogspot.com,

 liveinternet.ru ,tarih.spring.kz,kazakh.ru 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

17083 6
Рейтинг: +6

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 02 наурыз 2013, 07:44
Пікірлер
+0
02 наурыз 2013, 12:10

"көрген адам танңған естен қыздар ақ таңбыз,
кең далада жайнап өскен қызғалдақтармыз.
Бұл біз - ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫ!"

+0
02 наурыз 2013, 12:28

Қазақтың қыздары асыл ғой

+0
02 наурыз 2013, 21:37

шағатай деген де тіл бар ма?

+0
02 наурыз 2013, 22:06

иә, бар! бір кездері Орталық Азияда кең таралған, қазір өлі тілге айналған түркі тілі. Әлі күнге дейін естімегеніңізқызық екен

+0
03 наурыз 2013, 01:09

сәукелемен краватта жаткан кз))

+0
03 наурыз 2013, 15:05

Аналарымыз аман болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...