8 наурыз. Ана туралы әндер

8 наурыз. Ана туралы әндер

Сайтымыз 8 наурыз қарсаңында ана туралы әндер тізімін жасап шықты. Қабыл алыңыздар.

Ана туралы жыр

Сөзі: Ғафу Қайырбеков

Әні: Шәмші Қалдаяқов

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық қоштарың өзіңе арнаған

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын

Өтеуге борышын анашым жан сырым
Іздедім сен үшін әлемнің асылын
Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені
Сыйлар ем ай - күнін қолыма түспеді

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын

Ете көр қанағат, әзірге берерім
Балалық махаббат, балалық жүрегім
Бол риза анашым, қолдағы осы бар
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал

ва

Анама деп...

Ағаш ектім жемістерін балама деп

Алдап бақтым келістіріп алама деп

Ойды қырды тегістедім балама деп

Айтшы достым не істедім анама деп

Айтшы достым не істедім анама деп

Қан жусада білегімді балама деп

Аямадым жігерімді балама деп

Жараладым жүрегімді балама деп

Не жасадым айтшы достар анама деп

Не жасадым айтшы достар анама деп

сапарларда киім алдым балама деп

Зәулім сарай – үйлер салдым балама деп

Бар тәттіні үйіп алдым балама деп

Айтшы қандай сыйлық алдым анама деп

Айтшы қандай сыйлық алдым анама деп

Ақшаны да селдей төктім балама деп

Ауыр жүкті сүйрей өттім балама деп

Дем алуды білмей өттім балама деп

Көңілімді бөлмей өттім анама деп

Көңілімді бөлмей өттім анама деп

Ақ сүт беріп әлпештеген анама деп

Ниет қылсам ақ орамал жабам ба деп

Ыңғайсыздық ұялайды санамды тек

Біреулерді ренжітіп алам ба деп

Біреулерді ренжітіп алам ба деп

ва

Асыл ана

Самайдағы, ақ шашыңның әр талына қарызбын,
Еш нәрсемен өтелмейді – ау парызым.
Жауаптымын, жанарыңнан, сырғанаса тамшы жас,
Маған, бәрі сын.
Ауырмашы, аман жүрші, көз алдымда көрініп,
Арамыздан ұзамашы бөлініп.
Көңіліңе қаяу түссе, шырылдайды – ау жүрегім,
Жаным, егіліп

Қайырмасы: 
Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.
Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.

Ақ тілекшім , ақ жолдайым, ақ жүректі анашым.
Бәйек болып, қабағамды бағасың,
Сан айналып, өтсем дағы, таба алмаспын әлемнен.
Сендей жан ашыр.
Есейсемде, аңсатады алақаның, аялы,
Еске салып сәби күнді баяғы.
Айналайын деген созің жүрегімде анашым,
Мәңгі қалады.

Қайырмасы: 
Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.
Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.

Қайырмасы: 

Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.
Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.
Асыл ана, жүрегі елжіреген

ва

Жан анам

Әлдиімен әлдилеген анамдай жан табылмайды
Менің бала жан күйімнен аңдып тұрар барлық жайды
Кешегі жаз, гүл күзіңді жоқтығыңа сене алмаймын
Көрем бе деп бір жүзіңді алды-артыма қарайлаймын.

Қайырмасы:
Жан анам, жан анам, қимаймын өзіңді
Ойлаймын, тынбаймын, анашым, өзіңді.
Алладан ғана жақсы үміт тілейді адам
Өмірде мынау бес күндік жүрейік аман
Тілекшің болса егер де жаныңда жақсы
Жалғыз жан ғана бұл сенсің менің анашым
Әлі де сенбеймін, іздеймін,
Қимаймын, қайдасың, жан анам?

Бұл өмірде өзің едің бір көрмесем аңсағаным
Енді қалай сезінемін дүниенің мол шапағын
Мына өмір жалған екен көрген түстей жанды арбайтын
Қашан өзің жеткеніңше жалғандықты аңғармайтын

Қайырмасы.

а

Құшағыңды сағындым, ана

Сөзі: Индира Дауылбаева

Әні: Бақытжан Мұстапаев

Балғын тәтті тілегімменен
Алға басып, ілгері келем
Күннің нұрлы ай саулесінен
Өткен күннің іздерін көрем

Құшағыңды сағындым, ана
Жұбатады жанымды сан ән
Қасиетім, қорғаның ең маған
Әніммен де табынам саған

Қайырмасы:
Әттең-ай-ау, әттең
Тағдыр неге қатты-ең.
Жадымдасың мәңгі ана деген атпен.

Бөбегіңнің құрып ұйқысын,
Құшағыңа ап, күнім дейтінсің.
Ертеңімді әрдайым ойлап,
Арман болсын ұлым дейтінсің.

Сұрағым көп өмірге мынау
Жанымда мұң, көңілде қырау
Бақыт нәрін сезген сәттерде
Қуат берген сенің демің-ау.

Қайырмасы.

п

Ана сен бақыттысың

Ана сен бақыттысын жыламағын
Жай түсіп жатқанда да кұламадын
Тәнірінен мен едим ғой сурағанын
Сондықтанда жыламағын жыламағын

Бармынғой тірімінғой қасындамын
Өлмеймін мен өзіндей асылданмын
Таусылып өз-өзінен шашылмағын
Байырғы берекенді кашырмағын

Мен сенің каныкпынғой көз жасына
Өзін кепіл тот басып тозбасына
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
Ана деп жаздым ылғи сөз басына

Тәнірім кеше горсін кесірімді
Аспанға жазам сенің есімінді
Ана сен бақыттысын тербетебер
Құба талдан иілген бесігінді

Ана сен бақыттысын жыламағын
Жай түсіп жатқанда да кұламадын
Тәнірінен мен едим ғой сурағанын
Сондықтанда жыламағын жыламағын

Тәнірім кеше горсін кесірімді
Аспанға жазам сенің есімінді
Ана сен бақыттысын тербетебер
Құба талдан иілген бесігінді

сурет: nrcmc.kz, ytimg.com, antika.kz, veta.kz

Е. Қайрахан