Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 22 наурыз – 2019 / Әкемтеатрда "Ұлы даланың ұлы күні – Наурыз" атты шара өтеді

Әкемтеатрда "Ұлы даланың ұлы күні – Наурыз" атты шара өтеді

Әкемтеатрда

Наурыз – Ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы, айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық мейрам. 17 наурыз күні сағат 11.00-де М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында "Ұлы даланың ұлы күні – Наурыз" атты шара өтеді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл мерекені балалардың көз қуанышына айналдырып, оқушылардың үшінші тоқсандық демалысын наурыз мерекесіне үйлестіру, Наурыздың  атрибуттық белгісі, эмблемасы һәм символикасын бекіту, осы мейрам аясында тал егу, көрісу, т.б құндылықтарды дәріптеу, мерекені заманауи ұлттық киімдермен қарсы алу, т.б керектігін алға тартты. Министр "Заман талабына сай Наурыздың форматын түбегейлі өзгерту қажет. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбие, қадір-қасиет беретін түрлері өте ерекше. Сондықтан, Наурыз мейрамына жаңа реңк беру үшін, адамның ұлтына, діни бағыныштылығына қарамастан, адамгершілік құндылықтарға мән бере отырып, Қазақстан халқы түгел қамтылатындай мазмұнын жасау керек" екендігін өз сұхбатында айтқан болатын.

М.Әуезов театры алаңындағы ауқымды шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мәдени ошақтардың көрісуімен басталып, қазақ өнері жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелі күн қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесіне, ұлттық ойындар мен мерекелік-концерттік бағдарламаға ұласпақ.

Наурыз – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы, айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық мейрам. Меркелік шарада Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбай мен Арыстанбек Мұхамедиұлы бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, «Өнер барысына» қатысқалы жатқан Еркебұлан Дайыров пен Аян Өтепбергенге бата береді.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: Әуезов театры
Қосылған күні: 15 наурыз, 15:55

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.