Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 22 наурыз – 2019 / Амал мейрамы құтты болсын!

Амал мейрамы құтты болсын!

Амал мейрамы құтты болсын!

Көктем. Жаз. Күз. Қыс. Тағы да көктем...

Көктем мезгілі қашан да жастықтың, бастаудың белгісі болды. Қыс жылдың басы бола алмайды. Тек көктем ғана. Ал, қалың қазақ жыл бастауын күн мен түн теңелетін Наурыз мейрамында тойлауды әдетке айналдырғанымен, шындығында бұл күн 14 наурызға сәйкес келеді. "Неге бірі емес, он төрті?" десеңіз,  Амал мейрамы туралы қызықты деректер тақырыбымен шыққан материалда көрсетілгендей, ескі Юлиан күнтізбесі Григориан күнтізбесіне ауыстырылып, күндер 13 күн алға жылжыған. Бұрынғы күнтізбе бойынша 1 наурыз 14 наурыз болып шыға келген.

Бұл мейрамның Наурыздай ұлықталмауының себебі оның ұлан ғайыр қазақ даласының тек Батыс өңірінде ғана сақталуы себеп болса керек. Көктем негізі жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін кезі. Ал, осыдан аман өткен халықтан қайта қауышуы Амал атауымен танымал. Батыстың қысы қыс, жазы жаз. Қысы жұмсақ оңтүстік және өзге өңір емес, ызғарлы, боранды, қалың қарлы Батыста қыстан аман шығудың нағыз құбылыс екені шындық. Бәлкім, оның мейрам ретінде сақталып қалуына түрткі болған да осы табиғат ерекшелігі шығар.

Ресейдің Астрахань, Саратов, Орынбор қалалары, Қарақалпақстан және Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Орал облыстары қазақтары бұл мейрамды ерекше атап өтеді.

Ел-жұрт шаттықтан шырайы бал-бұл жанып, бір-біріне "Жылың құтты болсын!", "Бір жасыңмен!", "Жасың құтты болсын!", "Жылдан-жылға аман жетейік!" деп жылы лебіз бен ыстық ықыласын жаудырады. Массагет ұжымы оқырмандарын Амал мейрамымен құттықтайды! Көсегеміз көгеріп, керегеміз кеңейсін! Өлім-жітім азайып, сәбилер көбейсін! Жылдан жылға, наурыздан наурызға деніміз сау болып жете берейік! 

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 14 наурыз, 10:08

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.