Наурыз дастарханы

Наурыз дастарханы
Фото: vk.com

"Наурызды қалай қарсы алсаң, жыл бойы сондай боласың" деген ырым бар. Дастарханның мол болғаны жақсы ырым. Ендеше дастарханда қандай тағам болу керек?

Алдымен қымыз, шұбат, айран болғаны құба-құп. Бауырсақ пен тоқаш, нан, құрт дастарханыңыздан табылуы тиіс. Бауырсақ пісірудің оңай жолын мына жерден көре аласыз. 

Дастарханның сәні – ет. Етті пісіру, оны әдемілеп кесу – үлкен өнер. Еттің нанын жаю да екінің бірінің қолынан келе бермейді. 

Мейрамның басты, маңызды асы – Наурыз көже. 22 наурыз мерекесіне ғана тән, көпшілікке арналған тағамды әр үй жеті дәмнен жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы ет мүшелерін қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көже дайындау тәсілін мына видеодан көре аласыздар. 

Тәтті шаймен бірге ішетін тәтті тағам да пісіргеніңіз жөн. 

Наурыз мейрамында есігіңіз ашық, дастарханыңыз дәмге толы болып тұруы тиіс. Өйткені бұл күні берекелі шаңыраққа бақыт қонады. Наурыз құтты болсын!

М. Оңғарова