Наурыз күні жақыныңызға қандай сөз айту керек?

Наурыз күні жақыныңызға қандай сөз айту керек?
Фото: vecher.kz

Ұлыстың ұлы күні – наурыз мерекесі күні ертең есік аттап, елімізге келері анық. Біз бұл мерекені асыға күтеміз. Себебі мерекенің берері көп, ырысы мол, мерекесі ұзағынан. Ал бұл күні ағайын-туыс болып бір дастархан басына жиналамыз. "Жақсы сөз жарым ырыс" деп жақсы сөйлеуге, жақсы тілек айтуға асығамыз. 

Наурыз келіп қар кетті,

Ақ қар көк мұз жұтатқан

Шаруа елінен зар кетті.

Наурыз келіп жаз кірді

Жаз періште «Әз кірді»

Жан біткенге наз кірді.

Жапырақсыз бұтақтар

Арбағай да сарбағай,

Желек жаппай қалмағай,

Арық тұрақ төрт түлік

Көк жеп жапа тармағай

Қабырға Жаппай қалмағай.

Бізге келген бәлекет

Қармен бірге қаңғырып,

Таудан ары өрлегей.

Мұсылман бетін көрмегей.

Еріп аққан сумен кет!

Көтерілген сумен кет!

Қызарып батқан күнмен кет!

Ағарып атқан таңмен кет!

Жақындамай мал басқа,

Тау-таста өлген аңмен кет!

alauinform.com

B. ZHAQSYMBET