Халқымыздың ұмыт болған мақал-мәтелдерін бірге жинайық

Халқымыздың ұмыт болған мақал-мәтелдерін бірге жинайық

Қазақ халқы әу бастан сөзге тоқтап, сөз қадірін білген ел. Бір ауыз сөздің құдіретімен бабаларымыз бітіспес жер дауын, келіспес жесір дауын шешіп отырған. Осы сөздің арқасында елмен-ел кетісіп, ермен-ер шабысқан замандар болған. Аталы сөз деп мақал-мәтелдерді сөз арасына қосып айтқан. Өкінішке орай, осы күндері көп мақал-мәтелдеріміз ұмыт болып барады. Немесе еліміздің белгілі бір аймағында ғана қолданыста бар. Бұрын-соңды кітап бетінен кездестірмеген, ауылдың жасы үлкен ақсалдарынан жазып алғаныңыз немесе естіген-білгеніңіз болса, сілтеме бойынша өтіп, жазуыңызды сұраймыз. Артынша жинақталған мақал-мәтелдерді кітап етіп баспадан шығаратын боламыз.

Халқымыздың асыл қазынасы – бізге мирас болып қалған мұра. Оның бізден кейінгі ұрпаққа жетуіне сіз де өз үлесіңізді қосыңыз!

Сурет: voxpopuli.kz 

Қ. Бүйенбай