Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2012 / 22 наурыз. Ат әбзелдері

22 наурыз. Ат әбзелдері

22 наурыз. Ат әбзелдері

22 наурыз келіп қалды. Қыр қазағының ауылды жерде ат жарыстырып, мәре-сәре болып жататын кезі. Жылқы малының қадір-қасиеті, бағасы да айқындалып, асқақтап қалар сәті. Бәрінен бұрын ауылдағы ағайынға кермедегі аттардың көзге шоқтай басылуы. Оның ішінде аттардың әбзелі де ең бірінші сөз болуы. Жақсы сәнделген аттардың ауыл арасына тарап, талай күнгі қызықтың тұздығына айналуы. Осының бәрінен, ат-әбзел турасындағы қазақ халқының түсінігі, пайым-парасаты, сұлулыққа құштарлығы көрініп тұрады.

Ер қосу, ер жасау атаулары қазірге дейін қазақ ерін жасау үзілмей келе жатқан Монғолия, Шыңжаң қазақтарында жақсы сақталған.

Ер – ердің ағашы, сүйегі, қаңқасы ағаштан жасалады.

Қас – ердің алдыңғы және артқы шошайып тұратын бөліктері. Қазақ ерлерінде алдыңғы қас және артқы қас болады. Алдыңғы қас артқы қасқа қарағанда биіктеу келеді.

Қаптал – ат арқасына үйлесімді етіп жасалған екі қисық ағаш. Ердің алды-артына байланысты «қапталдың алды», «қапталдың арты» болып бөлінеді.

Үзеңгілік – үзеңгі бау өткізуге арналған екі қапталдағы тесік. Үзеңгілік екі қапталдың астыңғы шетін ала тесіледі.

Үзеңгі атқа міну үшін қолданылатын және аяқтың талмауы үшін жасалған жабдық.

Ер-тоқым тұрманындағы тоқымның өзі ерді жабдықтайтын бірнеше бөлшектерден тұрады: тебінгі тоқым, ішпек, ішкілік, терлік, өң және көпшік, өткерме сияқты төсеніш жабдықтары кіреді.

Тоқым аттың арқасына, ер батпас үшін салынатын нәрсе. Киізден сырылып, айнала жиегін шұға, барқыт сияқты маталармен көмкеріп жасайды.

Ноқта – атты бұлтарыссыз, тырп еткізбей, толық және түпкілікті бағындыратын жүгенге қарағанда құрылысы қарапайым жабдық түрі. 

Жүген – ауыздық, екі сулық, екі шаужай, тізгін, шылбыр, екі жақтау, кеңсірік, екі сағалдырық, желкелік, милық деп аталатын жабдықтардан тұрады. 

Тұрман – аттың жабдығы, сонымен бірге, қазақта әр аттың өзіне ғана арнап тұрман жасату ертеден келе жатқан дәстүр.

Жүген – атты басқаруға, асауды үйретуге, адамның ырқына көндіріуге арналған әбзел. Адамзат жылқыны алғаш қолға үйрету кезеңінде шыққан ер-тұрман жабдықтарының ең алғашқысы деп айтуға болады.

Сағалдырық – жүгеннің ат алқымы астынан орап тұратын бауы. Сағалдырық жүгеннің ат басынан сыпырылып түспеуі үшін қажет.

Өмілдірік – ер-тұрманның ең бір күрделі және маңызды жабдығы. Ер-тұрман жабдықтарының даму эволюциясында құр тоқымды атқа бір немесе екі айылмен тартып мінген заманда өрге, тауға шыққанда тоқым ат арқасынан кейін сырғымау, ерттеген жерінен қозғалмау үшін істелген жабдық-құрал.

Құйысқан – өмілдірік сияқты ер-тұрманның көне замандардан келе жатқан жабдығы. Салт атты адам еңіске жүргенде, таудан түскенде ер аттың мойнына кетпес үшін тағылатын тұрман.

Қазақтар пайдаланатын ерлер төрт түрге бөлінеді, негізінде ерлер бір-бірінен алдыңғы қастарының әртүрлілігімен ерекшеленеді: көне қазақ ері, жаңа қазақ ері, қоқан ері, бұқар ері.

 

Cуреттер "Қазақ жылқысының тарихы" кітабынан алынған

8838 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 20 наурыз 2012, 12:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Цифрлы журналистика
Цифрлы журналистика

Технологиялардың дамуы журналистикаға да жаңа серпін әкелді...

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...