Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2012 / 22 наурыз. "Қара жорға" болмаса, бидің сәні келер ме?"

22 наурыз. "Қара жорға" болмаса, бидің сәні келер ме?"

22 наурыз.

Осы күні той-жиындардың сәніне айналған «Қара жорға» биінің төңірегінде түрлі алып-қашпа әңгімелерге қарамастан, би халыққа тарап, көпшілікке еніп кетті. Қауым да биді жатсынбай, бірден икемге салып, тойларда мың бұралудан тайсалмайды. Бұның сыры неде екен?

Жалпы қазақ халқы биінің түп-төркіні шамандардан бастау алады дейді ғалымдар. Бұрынғы заманда бақсылар бастарына үкі тағып, денелеріне түрлі шашақты киімдер киіп, дабыл соғып, немесе басқа күй аспаптарын шертіп, билейтін болған. Бақсылардың бейнесі салынған суреттер бұрынғы қазақтар мекендеген аймақтардағы жартастарда кездеседі екен. Ол суреттер шамаман 3500 жыл бұрын (б.з.б. 2000 – 1500 ж) салынған туындылар деп бағаланған.

Шамандар

Дәстүрімізге еніп жатқан «Қара жорға» биінің негізі былай құрылған: бір жігіт жабайы жылқыны ұстап алып, қолма-қол үйретіп, ауылына мініп келеді. Жылқының өңі қара, оның үстіне жорға екен. Осындай табысқа риза болған жігіт жорғаның үстінде ойнақтап, кейін жерге түсіп, билейді. Ауыл адамдарына олжасын көрсетіп, мақтанады. Басты қимылдар иыққа түседі.

Бидің «Қара жорға» деп аталуының бір сыры: қазақта төл дүниеге «қара» сөзі қосарлана жүреді: «қара шаңырақ», «қара өлең», «қара сөз» деген сияқты «Қара жорға» да сол төл мұрамыз, өнеріміз деп аталған деген де ұғым бар. Ал көшпенді қазақтар үшін көшсе көлігі, сауса сүті, сойса еті, кисе киімі болған жылқыны киелі жануар ретінде өте қатты бағалаған. Жалпы алғанда биде шаман іс-қимылдарының элементтері және көшпенді халықтың тұрмысы мен түрлі ерекшеліктері бейнеленген, адамның ой-толғанысын, қуанышын жеткізген. Бұл бидің үш түрлі аты бар: «Қара жорға», «Бақсы биі» және «Буын биі». 

«Қара жорға» биі негізін Іле, Алтай аумағын мекендеген халықтардың “Жылқы биі” салған екен. «Қара жорға» биі осы бидің дамыған, басқа нұсқасы деген де деректер бар. «Қара жорға» биі басқа ұлттарда бар болғанымен олардың биленуі қазақ биінен өзгеше екен. 

Қазақстанда «Қара жорға» биін қайта жаңғыртқан Арыстан қажы ата осы биді 65 жыл бойы билеп келе жатқандығын айтады. Арыстан қажы атаның әкесі биші болған адам екен. Атадан қалған мұрадан «Қаражорға», «Майдажал», «Телқоңыр», «Аю би» дегендері бар. «Қазірде «Қара жорға» биінің денсаулыққа пайдасы зор екенін мамандар айтып жатыр. Таңғы жаттығуларға осы биді енгізіп, буындардың шынығуына, қан жүгіруіне зор ықпал етеді. Өйткені, бұл биді билегенде, адамның он екі мүшесіндегі бүкіл сүйегі қимылдайды. Бидің қасиеті де осында» – дейді ақсақал. Сонымен қатар, ақсақал «Қазір біз «Сал күрең» күйінің әуеніне билеп жүрміз» дегенді айтады. Шындығында «Қара жорға» күйі өзгешелеу екен. «Сал күреңге» қарағанда байсалды, рухты болып келеді. Алайда, қазақтың «Сал күрең», «Келіншек», «Қара жорға» күйлері бір-бірімен қатты ұқсас. Дегенмен, өз ерекшеліктері бар.

1965 жылы Түркияда түсірілген көпсериялы «Қароғлан» фильмінің «Алтайдан келген жігіт» бөлімінде қазақтар ойнаған. Бізге жаңа жетіп жатқан Қаражорғаны Түркияда қазақтар осы фильмде көрсеткен екен. 

"Қароғлан" фильмінен үзінді. "Қара жорға" билеп жүрген қазақ

Қалай болғанда да, қазіргі кезде әуенін сақтап, М.Тұрдақын мен С.Қалиевтің сөздеріне жазылған «Қара жорғасы» елге танылып кетті. Асыл дүниелер халыққа тез таралып, қалып қоятынын уақыт өте келе аңғарып жүрміз. Бидің тарихын қопара бергенше, оған жаңаша леп қосып, дамуына ықпал етіп, дәстүрді қайта жаңғыртқанымыз жөн болар еді.

Сіздердің назарларыңызға "Қара жорға" биін үйрететін бейнебаян ұсынамыз. Бейнебаянда көрсетілген элементтермен қимылдар жасап, биді тез үйреніп алуыңызға болады.


Суреттер: baq.kz, iloveburyatia.ru, kinostan.kz

3072 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 15 наурыз 2012, 15:00
Пікірлер
+0
15 наурыз 2012, 16:40

негізі Қаражорға қазақтардың емес, қалмақтардың биі деп бір тарихшыдан естіп қап едім...

+0
15 наурыз 2012, 17:21

тарихшылар оттай беред десең)

+0
15 наурыз 2012, 17:22

меніңше шынымен солай сияқты

+0
15 наурыз 2012, 18:46

Осы биді билеп ем тойда)))

+0
16 наурыз 2012, 16:06

Шыны керек қазіргі таңда ҚАЗАҚ халқы бұл биді толық біздікі деп қабылдаған жоқ! Өйткені бұл би бізге қытай қазақтарынан келді. Неге біз қара жорға биін кеш біліп отырмыз (2010 біле бастадық)??? сондықтан көп күмән тудырып отыр қазіргі таңда.????????????

+0
16 наурыз 2012, 18:40

Қара жорға біздікі, біздікі, біздікі!!!

+0
17 наурыз 2012, 15:39

Қытай шпиондарының ойлап тапқан биі дейді гой??????????????

+0
16 наурыз 2012, 22:57

Шыны керек қазір кез келген той - томалақта Қара жорға биін билейді. Бірақ, Қара жорғаны қазақтың биі деген пікірмен келіспеймін. Бірнеше жылдар бойы Қамажайды билеп келген қазақтардың ұлттық биі 2-3 жыл бұрын ғана біле бастаған би қара жорға деген қыйсынға келмейді. Бір жағынан ер азаматтар қауымына жақсы болды бұрынғыдай қамажайды мың бұралып билеген әйелдер қауымына қарап тұрмайды. Қара жорғаны қосып қойып ұл демей, қыз демей мың бұралып билей береді. Ал, қара жорғаның денсаулыққа пайдасы бар дегенмен толық келісемін.

+0
17 наурыз 2012, 16:08

Қара жорға тек атауы ғана. Қытай қазақтары әнімен сөзін жазып шығарған. Бұрын буын биі деп аталған. Буын биі бұрыннан бар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...