Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2012 / "Алаш айнасы" Наурыз мерекесін атап өтуде

"Алаш айнасы" Наурыз мерекесін атап өтуде

«Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газеті ұжымы Алматы қаласында Наурыз мерекесін кеңінен атап өтуде. Төрт қанатты киіз үй тігіліп, ақ дастархан жайылды. Барлық қонақтар ұлттық тағамнан ауыз тиіп, Наурыз көжеден дәм татты. Газет ұжымы ұйымдастырған дүбірлі тойға бірқатар әдебиет қайраткерлері мен өнер адамдары келіп, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен күллі қауымды құттықтап, игі тілектерін білдірді. 

Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының студенттері ұйымдастырған шағын қойылымнан кейін белгілі ақын-сықақшы Көпен Әмірбек ақ батасын беріп, мерекелік іс-шараның шымылдығын ашты.

Аты алашқа ғана емес, алты құрлыққа белгілі «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі мен «Алдаспан» тобы халық сазгерлері мен авторлық шығармаларын орындап беріп, «V-Alem», «Алаш ұлы» топтары мен жас әнші Ермек Балжігіт сияқты өнер иелері әсем әндерін шырқады.

«Тұран» этно-фольклорлық ансамблі:

«Ұлтымыздың мерейі асқақтайтын Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесі баршымызға құтты болсын! Әр шаңырақ шаттық пен риясыз қуанышқа, ырыс пен берекеге толсын. Аспанымыз ашық, еліміз аман, жеріміз тыныш, төрт құбыламыз тең болсын! Наурыз мерекесін атап өтіп отырған «Алаш айнасы» газетінің ұжымына алғысымызды білдіре отырып, шығармашлық табыстар тілейміз!»

«Алдаспан» тобы:

«Келіп жеткен ұлы мереке Наурыз құтты болсын! «Алаш айнасы» газеті ұйымдастырып отырған үлкен мерекеде баршаңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!»

«Жастар жырлайды» бағдарламасында бой көрсеткен айтыскер ақындар қос ішекті қағып жіберіп, айтысқа түсті. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған ақындар мүшәйрасы қорытындысы жарияланып, жүлдегер ақындар марапатталды. Наурыз мерекесінде ұлттық ойындар ойнатылып, салт-жоралғылар ұйымдастырылды. Жұмекен Нәжімеденовтың жары «Алаш айнасы» газетінің «Өркениет» бөлімінің тілшісі, журналист Айнұр Сенбайдың қызы Айшаның тұсауын кесті.

Шара соңында жиналған қауым «Қара жорға» биін биледі. Бір жыл бойы тойланатын Ұлыстың Ұлы күні Алатау бөктерін ән мен күйге кенелтіп, қауымды жаңа күннің қуанышына бөледі...

1537 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 19 сәуір 2012, 16:33
Пікірлер
+0
19 сәуір 2012, 18:34

Ия, шара керемет өтті! Өте қуаныштымын ) Еркін Шүкіман ән айтқан кезде, далада отырғандай сезіндім өзімді :)

+0
19 сәуір 2012, 23:06

Ого, дүрілдетіп өткізіпті ғой! Көже ішкім кеп кеттіііі..

+0
20 сәуір 2012, 09:39

Бұл ескірген ақпарат па, әлде Наурызды кеш тойлады ма?

+0
20 сәуір 2012, 09:42

Ескірмеген. Наурызды атам қазақ қырық күн той өткізіп, отыз күн ойын ажсап тойлаған. Сол жолмен бізде кеше Әз-Наурызды атап өттік ;)

+0
20 сәуір 2012, 09:55

Керемет той болғанға ұқсайды. Тамаша!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...