Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2012 / 22 наурыз. Құмалақ ашудың құпиялары

22 наурыз. Құмалақ ашудың құпиялары

22 наурыз. Құмалақ ашудың құпиялары

“Отырып үкамалар құрға салды, 
Құрғаның құралдарын қолға алды.
Қарасып, сiз баяндап берiңiз деп, 
Кошауаттың үйдi алдына өңшең палды”

Фирдоусидің "Шахнамасынан"

22 наурыз қарсаңында халықтың дүниетанымы, түсінігінің түп- тамырына, сенім-нанымына тағы бір үңіліп шығуды жөн көрдік.

Құмалақ - қазіргі кездің жұлдыз жорамалы. Бүгінде бірқатар ел жұлдыз жорамалды асыға күтсе, бағзы замандарда жұрт басына іс түскенде, құмалақшыларға имандай сенген. 

Құмалақ тартуға қойдың қырық бір құмалағы пайдаланылған. Сондай-ақ, ұсақ тастар, құрма дәні, өрік сүйегі, өсімдік дәндері арқылы құмалақ ашады. Қойдан басқа түліктің құмалағы "сөйлемейді". 

Құмалақтың бірнеше түрі бар деседі: ырым құмалақ, шашпа құмалақ, біртартар құмалақ т.б. Ақпан айының ортасында құмалақшы таңертең қар үстіне құмалақ шашып, алдағы ауа-райын болжаған. 22 наурыз күні күн мен түн теңелген шақта, болашақты көру үшін құмалақ шашқан. Біртартар құмалақты жаугершілік замандарда майданның бетін бағамдау үшін салған. Шашпа құмалақты есіктен төрге дейін шашып жіберіп, келер күнге жорамал жасаған.

Құмалақ салудың құпиясы өте көп. Оның өзіндік атау, тәсілдері бар. Тартқан кезде құмалақтың түсуіне қарай, “ашпас әліп”, “жеті әліп”, “оң көз”, “кез түсу” деген түрлері бар. Сондай-ақ, “маңдайы ашық”, “босаға берік”, “албарлы”, “күпті”, “құйысқаны көтеріліп тұр” деген сияқты көріністері де болады. 

41 құмалақпен бал ашу Орта Азия, Кавказ, Үндістан, Жапония, Америка елдерінде ұшырасады. Құмалақтың шығу тамыры ата-бабамыздың мифологиялық танымында жатыр. Т. Өмірзақов "Қырық бір құмалақ" атты еңбегінде былай дейд:"18 мың ғаламда 41 мұсылман елi бар. Осы мұсылман елдерiнiң санына сай 41 тас алып, Жақып пен Дәуiт пайғамбар құмалақ ашуды дәстүрге айналдырыпты" деп түсiнiк бередi. Әрине, бұл жауаптың күмәндi екенi кiмге болса да аян”. "Қырық бір құмалақ – Данияр Пайғамбардан қалған мұра", – дейді Ш.Уәлиханов 

Тігінен 3, 7, 9 және көлденеңінен 4 деген атаулық дүниетанымдық сандары негізінде қырық бір құмалақ ашу дәстүрі қалыптасыпты. Қырық бір құмалақтың үшке бөлініп ашылуы жаратылыстың тігінен үшке бөлінуіне негізделген. Құмалақты тек қана үшке дейін ашу да осының дәлелі. Қырық бір құмалақтың үшке бөлінген әрбір тобы төрт санына мүшеленеді. Бұл жаратылыстың көлденеңінен төртке бөлінуіне негізделген. Қырық бір құмалақты бір үш ретке бөліп, төрт мүшелеген соң, тоғыз топтан құраған "құмалақ тізбегін" тізеді. Бұл тіршілік әлемнің "тоғыз қат көк" немесе "тоғыз өлшем бірлігіне" дәл келеді. 

Құмалақты арнайы күндері ашады. Құмалақты көбінесе күндіз құбылаға қаратып (кейде күнге) ашады. Кейбір құмалақшылар тек қана бейсенбі, жұма күндерді ашуды жөн көреді. Құмалақшы құмалақты таза ақ мата бетіне ашуы керек. 22 наурыз күні ашылған құмалақ кейбірінің ойынша дәл келеді-мыс.

Құмалақшы мен құмалақ салдырушының ойлары бір ортаға тоғысқанда, құмалақ ашылып сөйлейді екен.

Сурет: gstatic.com

10578 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 19 наурыз 2012, 15:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...