Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2012 / 22 Наурыз. Мәзір: Бауырсақтар

22 Наурыз. Мәзір: Бауырсақтар

22 Наурыз. Мәзір: Бауырсақтар

Бауырсақ халықымыздың ертеден келе жатқан, кәделі ұлттық тағамы. Бидай ұнынан иленіп, ашытылған қамырды әртүрліше кесіп, қыздырылған майға пісіреді. Бұл басқа нан тағамдарына қарағанда дәмді әрі көп сақталатын түрі. Бауырсақтар - қазақы дарқан дастарханның ең басты ажары десек, артық айтқандық емес. 22 Наурыздың мерекелік дастарқанында бауырсақтар міндетті түрде болуы керек. Назарларыңызда оларды дайындаудың оңай әдісі.

Құрамы:

  • ұн;
  • сүт - 1/2 литр;
  • жұмыртқа - 1 дана;
  • ашытқы - 1 ас қасық;
  • тұз - 1/2 ас қасық;
  • майонез - 2-3 ас қасық;
  • сары май - 50 гр;
  • қант - 1 ас қасық;
  • сұйық май;


Ашытқыны бір стақан суға салып ерітеміз. Осы суға тұзды қосып, 5-10 минутқа қоямыз. 

Жылы сүтке жұмыртқа, сары май, майонез, қант және ерітілген ашытқыны қосып, жақсылап араластырамыз.

Сүтті қоспаға біртіндеп ұн қосып араластырамыз.

Қамырды жұмсақ болатындай илейміз.

Бетін жауып, 2-2,5 сағатқа жылы жерге қоямыз.

2 сағаттан кейін қамырға ұн қосып, қайта илейміз.

Қамырды қолымызбен басып жаямыз.

Оқтаумен қамырды қалыңдау етіп жаямыз. Қамырды жұқа жайып жібермеңіздер.

Қамырды пышақпен қиық пішінді бауырсақтарға бөлеміз.


Бауырсақтарды қыздырылған майға екі жағынан пісіреміз. Майдың қатты ысып кетпеуін қадағалаңыз. Сондай-ақ бауырсақтарды күйдіріп жібермеңіздер. Олардың пісуне аз уақыт та жетеді.

22 Наурыздағы дастарқанның басты тағамдарының бірі - бауырсақтар дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

17466 9
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 18 наурыз 2012, 12:00
Пікірлер
+0
18 наурыз 2012, 13:21

Қандай аппетитный бауырсақтар...))

+0
18 наурыз 2012, 14:16

исін-аааай!

+0
18 наурыз 2012, 15:26

Анамның бауырсағын еске түсіріп жіберді ғой((

+0
18 наурыз 2012, 16:37

Студенттте бұл да жоқ қой.

+0
18 наурыз 2012, 20:25

мына бауырсықтарды жеу керек қой)

+0
19 наурыз 2012, 10:24

Бізде мұны бауырсақ емес қиықша дейді. Ал бауырсақты ұзынша әрі жіңішкелеу етіп жасйды))

+0
19 наурыз 2012, 10:55

Иә, әр жердің бауырсағы түрлі болып келеді. )

+0
15 желтоқсан 2012, 15:21

ням ням)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...