Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2013 / 22 наурыз. Астана төріндегі Наурыз мерекесі

22 наурыз. Астана төріндегі Наурыз мерекесі

22 наурыз. Астана төріндегі Наурыз мерекесі

Қазақ жұртына көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың нышаны саналатын Наурыз мерекесі де келіп жетті. Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы – Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. Әсіресе, елорда жұртшылығы оны қызу түрде атап өтуде. 

Күн енді ғана көтеріле бастаған сәтте Астана тұрғындары "Қазақ елі" монументінің алдындағы алаңға жинала бастады.

Кіші сахнаға шыққан ақ кимешекті әжелеріміз той бастап, ақ тілектерін ақтарып, жырдан шашу шашты.

Үлкен сахнаға қарай шақырылған көрермендерден ине шаншар орын жоқ. Олар халық өнерпаздары дайындаған сахналық қойлымдарды тамашалап, мерекелік әндерді, күмбірлеген күйді тыңдауда.

Алаңда тігілген салтанаты мен сымбаты көз тартар киіз үйлерді санап біте алмайсыз. Ал үйлердің іші лық толы.

Сүт, нан-бөлке және шұжық өнімдерінің көрме-саудасы.

Республикамыздың әр аймағынан әкелінген азық-түліктердің саудасы қызып жатыр.

Онда бас сұққан халық та, саудагерлер де дән риза.

Мерекелік іс-шараның бір көрінісі - қолөнер шеберлерінің көрмесі саналады.

Қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-саудасы.

Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облысының  декоративті-қолданбалы өнер шеберлері төл туындыларын таныстырып жатыр.

Бұл жерден ағаштан, керамикадан жасалған заттар мен зергерлік бұйымдарды, музыкалық аспаптарды, картиналар мен киімдерді, сырмақ пен текеметті, басқа да қол өнер бұйымдарын көре алдық.

Айналдыра тігілген үйлердің ішінен Алматы қаласының үйіне көзім түсті.

Үйдің іші тола халық. Қазақтың қолданбалы өнер үлгілері ілінген киіз үйдің ішкі көрінісі көз тартады.

Мұнда қазақтың ай қабақ, күміс кірпік арулары да жиналған.

Мұнда елінің ертеңі болар, отбасының тірегі болар бозбала мен ел ағасына айналған азаматтар да, ел басына қиын-қыстау күн туғанда ақыл айтар ақсақал да келген.

Ұлттық аспаптармен орындалып жатқан әуендер құлақтың құрышын қандырады.

 

Қазақтың жеті қазынасының бірі құмай тазы да, бүркіт те мерекені тойлап жатыр.

Наурыз тойында ұмыт қалып бара жатқан дәстүрі мен салттың жаңғыратындығы баршаңызға аян. Алаңда қазақтың бірнеше түрлі спорттық ойындары өтті. Асық ойнауға асыққан қазақтың бозбаласына асығын алшысынан түссін деп тілек білдірейік!

Күш сынасуға жиналған білекті жігіттеріміз бен оларды қолдауға жиналған халықтың көңіл-күйлері тамаша.

Ұйымдастырушылар алаңның ортасына тоғызқұмалаққа арналған үстелдер орналасыпты. Бос орын жоқ. Жас та, кәрі де осында отыр.

Күннің суығын да, халықтың көптігін де ығыстырып тастап ұлттық ойындарды жаңғыртуға ат салысып жатқан қазақтың бөріктілеріне іштей риза болдым.

Ұйымдастырушылар мерекеде қонақтарға тегін дәм ұсынуды да назардан тыс қалдырмаған. «Қазақ елі» монументінің жанында және қала әкімдігі алдындағы алаңда барлық келушілер ыстық тағамнан дәм татты. Наурыз көжеге деген кезекті айтып жеткізу қиын.

Мәліметтерген сүйенсек бүгін 20 мың бауырсақ пісіріліп, 10 мың үлес палау дайындалыпты.

Астананың дәмі тіл үйірер палауын біз де татып көрдік.

Астана қаласынан арнайы Массагет кз үшін: Айгерім Сматуллаева

13208 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 22 наурыз 2013, 13:08
Пікірлер
+0
22 наурыз 2013, 18:43

Астананың аты - Астана ғой!!! PAXMET, Айгерім!

+0
23 наурыз 2013, 00:29

ана қуыршақ күшті екен иа

+0
23 наурыз 2013, 14:42

ооо менің сыр елім Қазалымның өнімдері жүрғо :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жасанды тіс-имплантат
Жасанды тіс-имплантат

Оқып,көңіліңізбен бөлісе отырыңыз!

Тыйым салынған махаббат
Тыйым салынған махаббат

Кино-сериалдағы махаббат өмірде бар ма екен деген сұраққа жауап

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...