"Нұр" триосы: 22 наурыз құтты болсын!

"Нұр" триосы: 22 наурыз құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында өнер әлеміне жаңадан қадам басып жатқан "Нұр" триосы "Батырлар жыры" әнінің тұсауын кесті. Жаңа әнді алғаш болып Massaget.kz ақпараттық-танымдық порталының қолданушылары мен "СТВ" арнасының көрермендері тыңдайтын болады.

Таныс болыңыздар! Қазақ сахнасында жаңа есім - "Нұр" триосы!

Исаев Нұрболат, Бекбосынов Нұртас, Елемесов Нұрсұлтан есімді үш жігіттен құралған "Нұр" этно-фольклорлық тобы өткен жылдың сәуір айында құрылды. Жігіттер Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің 3-курс студенттері. Ән айтып қана қоймай, әрқайсысы бірнеше аспаптарда ойнады. Халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары. Осы жылдың қаңтар айында өткен халықаралық байқауда жүлделі орынға ие болып, арнайы шақыртумен наурыздың 28-жұлдызында Санкт-Петербург қаласына жол тартпақ.  

Жастайынан өнерге жақын болып өскен жігіттер жеке орындауда да өнер көрсетіп жүр. Өткен жылы Түркияда өткен мерекелік іс-шараға қатысып, бірігіп және жеке орындауда ән айтты. Жігіттердің ән қоржынында бүгінде 10 шақты ән жиналған. Ал әлі де сиясы кебе қоймаған "Батырлар жырын" Наурыз мерекесінің қарсаңында жазып, күллі қазақ жұртшылығының құрметіне тарту етті. Әннің авторы Қорлан Картенбаева, ал сөзін жазған Бағдат Қашқынбекова.

Түсірілім жұмыстары: "СТВ" арнасы

Студия: "Tengri FM" радиосы

Дыбыс: Шоқан Уразаев

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: жеке мұрағаттан алынған

Ғ. Ұзақ