Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2013 / Наурызкөже және оның 7 компоненті

Наурызкөже және оның 7 компоненті

Наурызкөже және оның 7 компоненті

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін дәстүрлі наурызкөжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурызкөже дайындалады. Ырымшыл қазақ халқы әу бастан киелілікке, қасиетті сандарға мән берген. Сол себепті бұл тағамды жеті түрлі тағамнан жасап, молшылық болсын, береке болсын деп ниет еткен.

Табиғат бастауы су ғой. Сусыз тіршілік болмас. Сондықтан Наурызкөженің де негізі су болып табылады. Бұның да астарында - өмір өзен, ұрпақ-өріс судай асып-тасысын дегені болса керек.

Қазақтың ең жақсы көретін, негізгі ас дәмдерінің бірі – ет. Қашанда қазақы дастарханның берекесін ет келтіреді. Сол себепті Наурызкөжеге қазақтың төл асы – ет қосылады. «Ұзынсарыға» сақталған сүрі етті қазан толсын, ас мол болсын деген ырыммен тұтастай Наурызкөжеге салып қайнатады.

Көжеге үшінші - дәм арпаны қосады. Арпаның емдік қасиеті жайлы бәріне белгілі. Арпаны жиі пайдаланатындардың қаны бұзылмайды дейді білгіштер. Ирак тәуіптері бұл дәнді «ғажап құтты дән» деп атаған. Көптеген ауруларға шипалы. Сонымен қатар тойымды болып келеді.

Арпамен қоса, тары, күріш сияқты дәнді дақылдар қосылады. Жалпы, Наурызкөжеге дәнді дақыл қосудың бір мағынасы – бір тамырдан өсіп-өнген дәндей ұрпағымыз көп болсын деген тілек болса керек. Наурызда берілетін бата нышаны осы Наурызкөжеде де сайрап тұр.

Көжеге міндетті түрде айран немесе ақ құяды. Бұның да негізінде – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болсын деген ниет жатқан болар. Қазақтың ұлттық тағамдарының көбіне осы сүттен жасалады. Ұлттық тағам – Наурызкөжеге де қосылуы заңдылық па дейміз.

Қазақтың ұлттық тағамдарына кіретін құрт та көженің дәмін келтіріп, ерекшелендіреді.

Кез келген тағамның дәмін тұз келтіреді. Наурызкөжеге де дәм беретін тұз жетінші тағам ретінде қосылады.

Әлбетте, наурызкөжеге белгілі бір тағам түрін қосу керек деген арнайы нұсқау жоқ. Әркім қолындағы бар азық-түлігіне қарайды. Тіпті кейде көкөністер де, жемістер де қосатындар бар. Дәм саны жетеу болса болғаны. Осылай, Наурыз мерекесінде қазандар көжеге толып, ауыл тұрғындары бір-біріне қонақ болған.

Бұрынырақта әйелдер өздерімен ыдыс ала жүрген. Әр үйден көже құйып алып, өз үйінің қазанындағы көжеге қосқан. Бұл дәм-тұзымыз араласып, ынтымақ-бірлігіміз нығайсын, көже секілді мидай араласып, көжедей дәмді қатынаста болайық, біріміздің ырысымыз бірімізге жұғысты болсын деген үлкен ұғымды білдірген.

Көжені ыдысқа толтырып құйып береді, бұл - «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырзығы кем болады дейді.

Наурызкөже ішілерде ақсақалдар:

Қарық қып құтты Наурыз,
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурызкөже де,
Толтырып ішкей кесеңе.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың,
Молайсын елге қосқаның.
Жарасып көңіл хоштығы,
Бекісін халық достығы.
Ішінде жүрсе азғана,
Шайылсын өкпе, наз-нала.
Алдыға сыймай сәбилер,
Құшағын жайсын жаңа үйлер.
Жастардың самсап отауы,
Мейірім төксін Отаны.
Әспеттеп ата дәстүрін,
Әсем боп өссін жас буын.
Кірбің тартпасын кәрілер,
Барыңның дәмді нәрін бер! - деп бата берген. 

Наурызкөже мәзірі мына жерде. 

Суреттер: voxpopuli.kz, alashainasy.kz, altaynews.kz 

Дайындаған: Анар Мұстафина

124371 2
Рейтинг: +3

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 19 наурыз 2013, 00:33
Пікірлер
+0
19 наурыз 2013, 08:49

апалардың көжесін сағынғаным-ай)

+0
19 наурыз 2013, 09:27

Көже саламыз ертең, апамның қасына барып көріп бәрін жазып алмасам. Апам көже салғанда осы сияқты сөздерді айтып отырып салады.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...