Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2013 / 14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

- Ата, бір жасыңызбен!

- Бар бол, қарағым... Айналайын...

14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Кішкентай балаларға аналары шағын пакет ұстатып қояды. Бала қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден пакетіне салып алады. Қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.

- Айткүл әжелерге көрістің бе, балам?

- Иә, апа, көрістім. Төлен атамдарға да кірдім.

- Жиенғали жезделерің де осы жаңа көрісіп шықты. Соларға бара ғой, құлыным. Түс болып қалды, үш үйдің есігін ашуға үлгермей қаларсың...

Біреуге реніші бар адамдар бұл күні өкпесін ұмытып, ренжіскен адамына кіріп көріседі. Сөйтіп, арадағы суық қарым-қатынастың жібі үзіліп, көрісу күні адамдар бір-бірімен қайта табысады. Көрісу күні кіріп-шықпаған жасы кіші туған-туысқан, көрші-қолаңға жасы үлкендер «Көрісіп шықпады» деп ренжиді. Сондықтан, бұл күні әр адам мүмкіндігі болса, бүкіл ауылдың табалдырығын аттап шығуға тырысады.

- Пәлі, әлгі Төлен кіріп шықпады. Жолым кіші демейді бұлар.

- Жә, апа, бүгін келмесе, абыр-сабыр боп үлгермеген шығар, ертең кіріп көрісер...

Бүгінгі күні Қазақстанның батыс аймағына берік орныққан бұл дәстүр жыл сайын жергілікті халық сағына күтетін бірден-бір салт болып отыр. Бұл күні бауырсақ, тәттілерді оқушылар мен мұғалімдер мектепке де апара береді. Көрісіп болған әр адамға тамақ үйлестіріліп, «Бір жасыңмен!» деген тілек айтылады.

14 наурыз күні басталатын Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табады. Көрісуде ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық-саулықтан кейін «Бір жасыңмен!» деп қол алысуымыз керек.

Таң лебі мен таң атысымен қазанда бұрқырап пісіп жатқан бауырсақтың иісі Көрісу күнінің белгісі іспетті. Әр үйдің үлкендері оянып, дастарханын толтырып, көрісіп шығатын бала-шағаны күтіп отырады. 14 наурыз күні күн шыққанда есігі ішінен құлыптаулы тұрған үй болмайды. Бәрінің есігі ашық, үйі жинаулы, дастарханы мол болып тұруы керек.

Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре-сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жылы - 22 наурыз мерекесін қарсы алады...

сурет: adyrna.kz

18873 23
Рейтинг: +9

Қосылған күні: 14 наурыз 2013, 18:33
Пікірлер
+0
14 наурыз 2013, 11:41

Бір жастарыңмен!

+0
14 наурыз 2013, 11:51

ия,Батыста бугін мейрам. бір-бірімізбен жұмыста көрісіп, бауырсақ жеп мәре сәре болып жатырмыз. Ал ауылда бала күнімізде аналарымыз толтырып тәтті үйлестіретін. барлык ауылды аралап үлкендерге көрісіп шыққанда дорбамызды ң іші тәттіге толатын. Жақсы мейрам. Өкпе наздың бәрін ұмыттырады. Жұмыстан кейін әке-шешеміздің үйіне көрісуге барамыз.

+0
14 наурыз 2013, 11:53

Оңтүстік аумақтарда көрісу аса көңілді жоралғы емес еді. Жақсымызды асырайық десек осы көрісу күнін ұлықтағанымыз дұрыс болып отыр.

+0
14 наурыз 2013, 11:55

келісемін, біз жақты мүлде таныс емес, осында келіп біліп жатырмыз! Бір жастарыңызбен!

+0
14 наурыз 2013, 12:21

Құтты болсын, бір жастарыңыз!

+0
14 наурыз 2013, 12:30

Құтты болсын!

+0
14 наурыз 2013, 12:44

Бір жастарыңызбен!!! Ақтауға жиі баратын болғандықтан бұл мейрамды білемін, негізі Қызылордаданмын ғой, бізде де бұл мейрам аталмайды, ал қазір Қарағандыдамын, бұл жақта мүлде білмейді, орыстанып кеткен.

+0
14 наурыз 2013, 12:55

бұл мейрам неге оңтүстікте жоқ. Ал батыстық ағайындар құтты болсын!!!

+0
14 наурыз 2013, 13:15

"Ассалаумағалейкум" - деп амандасып қояйық :)

+0
14 наурыз 2013, 13:26

Уағалейкумассалам! Мейрамдарыңмен!

+0
14 наурыз 2013, 14:09

"Көрісу күні" емес "Амал мерекесі" деуші еді... "Көрісу күні" дегеннің өзі дұрыс емес. Ол көрісуді тек бір күнмен, 14-мен шектеп қою(8наурыз сияқты 1 күн емес, одан кейін құттықтасаң "кеш қалдың" деп діңкеңді құртады)), одан кейін де адамдар көрісіп жүре береді... Көрісу 14-нен басталып жалғаса береді...

+0
14 наурыз 2013, 16:15

"Амал мерекесі" деп Маңғыстау жақта айтады шатаспасам

+0
14 наурыз 2013, 14:49

Танертен "Таншолпанды" карап отырып, такырыбы "корiсу" туралы екенiн корiп танданып калганмын,бiр жагынан куандым. Бурын "Корiс" мерекесi (14нен басталады, наурыз айы бiткенше, бiр кунге кадалган мереке емес) тек батыста бар деп естушi ем. Барлык онiрде тойланатыны куантып отыр. Жыл кутты болсын, агайын!

+0
14 наурыз 2013, 15:14

Дұрыс! Бүгін батыста үлкееен мереке! Бүгін 3 үйдің есігін аштым. Өкпе-реніштің бәрі ұмытылып, үлкендердің "Бір жасыңмен" деген жылы сөзі қанаттандырып жібереді. Бұл айт мерекесі еліміздің барлық аймағында да дамып, жалғасын тапса деген ізгі тілек бар..

+0
14 наурыз 2013, 17:16

Жыл құтты болсын! Түске дейін 3 үйдін емес мектептің есігін аштық))

+0
14 наурыз 2013, 20:13

жылдарың құтты болсын бәріңіздің

+0
15 наурыз 2013, 00:55

Йа.Казирги кезде Мангыстауда ерекше аталып отеди.Мен бул мен мерекени асыга кутемин.Айтпакшы жылдарыныз кутты болсын.

+1
15 наурыз 2013, 02:02

СОНДА ТЕК БАТЫС ҚАЗАҚСТАН БОЛЫП ТҰР ҒО САЛТ-ДӘСТҮРДІ ҰМЫТПАҒАН

+0
15 наурыз 2013, 04:20

ар жерден салты басқа иттері қара қасқа

+0
15 наурыз 2013, 09:54

Бір жастарыңызбен!

+0
18 наурыз 2013, 14:31

22 наурыз - ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

+0
14 наурыз 2015, 14:47

Кутты болсын мейрам!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...