Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2013 / 22 наурыз. Заманауи "селтеткізер"

22 наурыз. Заманауи "селтеткізер"

22 наурыз. Заманауи

Көктем келді дегенше, махаббатқа бөленетін шақ келді дегейсің. Шаттық пен қуанышқа бөлейтін Ұлыстың Ұлы күні - 22 наурызбен бірге ғашықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін білдіретін, жүректердің лүпілін сездіретін ерекше мүмкіндік келеді. Жас жігіт сүйіктісіне "селтеткізер" жасайтын, қыздар да көңілі қалаған жігітіне «ұйқыашар» тарту ететін сәт туады.

22 наурыз күні, күн мен түн теңескен уақытта, жұрт ұйықтап қалмауы үшін жас келіншектер, қыздар "ұйқыашар" деп аталатын дәм тағайындап, өздері ұнатқан жігіттерге апарып береді. Ұйқыашардың қарымтасына жiгiттер селт еткендіктен "селтеткiзер" рәсiмiн жасайды. Сыйлықтар да сол кезеңге сай, айна, тарақ сияқты бұйымдар болған. Осы күні дәстүрімізді жалғастырып, 22 наурызда сүйген қызыңыз «ұйқыашармен» қуантса, селт еткен жүрегіңізді тарту етіп, "селтеткiзер" сыйлаңыз. Ал оған не сыйлауға болатынын біз меңзеп жіберейік:

Сақина, жүзік немесе білезік. Талғаммен таңдалған әшекей бұйым қыздың көңілінен шықпай қоймасы анық. Ұлттық мейрам болғандықтан, қазақы ою-өрнектермен көмкерілген, күміс зергерлік бұйымдарды сыйласаңыз жаңылмайсыз.

Моншақ. Әлемде қыз бен жігітке тән барлық зат өз болмысын өзгеріп жатса да, моншақ әрдайым қыздардың бұйымы болып қала бермек деп сенеміз. Қарапайым моншақтың өзі қыз көңілін бір серпіп тастары сөзсіз.

Орамал, шарф. Көктемнің салқын лебінде мойнына орап жүретін, сәнді орамал сыйласаңыз, оған деген қамқорлығыңызды білдіресіз. Осы күні дүкендерде сәнді шарфтардың түр-түрі бар.

Маникюр жиынтығы. Қыздар өз-өзін күтуде алдына жан салмайды. Тері күтімін, иіссуларды таңдауды қыздың өз қалауына қалдырып, оған тырнақ күтіміне арналған маникюр жиынтығын сыйлаңыз.

Ғажайып қобдиша. Сіз сыйлаған, не өзі жинаған түрлі әшекейлерін салып қоятын әдемі қобдиша да таптырмас сый болар еді.

Ас-үй жабдықтары. Сүйіктіңіз осы бастан тамақ дайындап, ас үй шаруашылығында машықтана берсін десеңіз, ас үйге арналған жабдықтарды сыйласаңыз болады. Мейлі ол оқтаулар жинағы болсын, не нан пісіргіш құрал болсын, таңдау өз еркіңізде. 

Суреттер: redvelis.ruredvelis.rubody-life.ru, vse.kz, cinemas.su

Дайындаған: Анар Мұстафина

8714 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 19 наурыз 2013, 08:40
Пікірлер
+0
19 наурыз 2013, 10:37

Кеттім жаныма ұйқыашар жасаймын :P

+0
19 наурыз 2013, 10:44

кім селт еткізер екен бізді :D

+0
19 наурыз 2013, 10:50

әлі де ешкімге ұйқыашар дайындап беріп те, селтеткізер алып та көрмеппін) бірақ қатты қалаймын) былтырғы жылы өзіме ұйқыашар міндетті түрде дайындаймын деп уәде бергем, тағы да реті келмейтін сияқты :(

+0
19 наурыз 2013, 12:26

Блогкемпке келсей :)

+0
19 наурыз 2013, 11:09

қобдиша сыйласа ғой)

+0
19 наурыз 2013, 11:44

заманауи селтеткізер деп қобдишаны айтуға болар ә? Бірақ тағы да басқа жаңа заттар туралы ойланып көрейік

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз тұратын Еуразия сыры
Біз тұратын Еуразия сыры

оқып көріңіз бәлкім білмейтін шығарсыз

"ДенсаулықKZ" арнасы

Елімізге десаулық жайлы арна керек пе?

Автор: Ұлжан Лайық
Аспанға қараңызшы...
Аспанға қараңызшы...

Мен аспанға қарап отырмын. Сіз де қараңызшы...


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...