Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2013 / 22 наурыз. Бата бере аласыз ба?

22 наурыз. Бата бере аласыз ба?

 22 наурыз. Бата бере аласыз ба?

Келіп жеткен 22 наурыз мерекесі құтты болсын!!! Ағайынмен көрісіп, ас үстінде көңіл босатысып жатқанда әр қазақтың бата берер сәті туады. Әсіресе, бір үйдің қонағы болып отырсаңыз. Ендеше, жаттап алуға тұрарлық баталар.

Дәулетің зияда болсын,
Дұшпаның қияда болсын,
Аққуларың ұяда болсын, 
Ауыл-аймақ, 
Бота, тайлақ, 
Үй-жамағат –
Бәрі түгел аман болсын, 
Кейінгіге береке берсін!
Алғанда аз да болса көптей көр, 
Бергенде көлдей бол. 
Жарылқасын құдайым,
Тартпасын халық уайым. 
Бай қылсын, 
Төрт ТҮЛІКТІ сай қылсын,
Кетпес дәулет берсін, 
Отауыңа сәулет берсін.
Ұлыс КҮНІ қазан толса, 
Осы жыл ақ мол болар!

* * * *

Күндерің - күміс болсын!

түндерің - пұлыш болсын!

Қыдырдың бірі дарып,

үйіңе ұлыс қонсын!

Замана - құбылмалы,

дүние тыныш болсын!

Ақыл - дос!

ашу - дұшпан!

Көңіл-күй дұрыс болсын!

жиналмай дастарқаның

Үстіне - ырыс толсын!

әумин!

* * * *

Берекеміз қашпасын,

Белімізді ешкім баспасын,

Адал жан болып астасың...

Арыңды күлдей шашпасын.

Бақыт болса бастасың,

Тірлікте түзу жол тапсақ,

Тәңірім берер басқасын.

Әумин!

* * * *

Әумин десең маған,

Берейін бата саған.

Қатарыңның алды бол

Тең құрбыңның туы бол.

Қайырлы болсын ұлыс күн,

Орындалсын ойлар

Гүлге толсын өңір

Көңілді өтсін өмір.

Асқа толсын табақ.

Ашық болсын қабақ.

Бола берсін тойлар!!!

* * * *

Жас баланың күлкісін бер,

Жас ананың ұйқысын бер.

Жомарттың қолын бер,

Жорытқанның жолын бер.

Қыздың қылығын бер,

Судың тұнығын бер,

Асаудың арынын бер,

Түнгі оттың жарығын бер.

Асқар таудың паңдығын бер,

Бұлбұл құстың таңғы үнін бер.

Даланың жазықтығын бер,

Гүлдің нәзіктігін бер.

Теңіздің тереңдігін бер,

Қыранның көрегендігін бер.

Ердің көңілін бер,

Бүркіттің жігерін бер.

Лашынның жүрегін бер,

Нағыз достың тілегін бер.

Мәңгі-бақи ажырамас,

Шын ғашықтың тілегін бер!

Әумин!

* * * *

Құтты болсын Жаңа жыл!

Басталды бугін мереке.

Жана жылда тілейміз,

Халқымызға молшылық.

Жеріміз биыл көркейіп,

Болсын дейік молшылық.

Бақыт қонып еліме,

Жауын жауып жеріме,

Аулақ болсын қуаншылық.

 Бәле-жала алыстап,

Қауіп-қатер қалыс қап,

Ортақ дінде бас қосып,

Барша ұлттың баласы,

Көтерілсін қарыштап.

сурет:мұрағаттан

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

5821 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 21 наурыз 2013, 19:50
Пікірлер
+0
21 наурыз 2013, 20:51

амин (Аллаху Акбар)

+0
21 наурыз 2013, 21:21

Әумин! Батаменен ел көгерер!

+0
22 наурыз 2013, 12:22

Атам жақсы баталар беруші еді..

+0
22 наурыз 2013, 12:25

Әумин!

+0
22 наурыз 2013, 16:49

Әумен!!! Қазір той жиындарда бата сұрасан бата емес тілек айтып кететін үлкен кісілерді көз көріп жүр! Сондықтан ең болмағанда бір бата жаттап, біліп жүрген жөн болар! "әй құдайым ондасын, қыдыр ата қолдасын, еш жамандық болмасын....." деп кезінде атам батаны өлтіретін еді.....

+0
22 наурыз 2013, 19:40

Иә, жасы ұлғайса да төрге шығып алып бата бере алмай жүзі қызарған аталарды талай көрдім. Бата білмесе ең құрығанда адал жүрегінен сөз құрап та ләм демейтіндерін қайтесің. Құдайға шүкір бүгін жастар озық. Көпті біліп, игеруге тырысуда. Ауылдық жерлерде батагөй аталар баршылық, бірақ. Бата беруді де әркім үйренбегі керек. Әсіресе ер балалар. Өмірінде керек болады. Ішіңде дұға, бата сөзі болмаса, қаңғырлаған бос ыдыстай боласың...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...