Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2013 / 22 наурыз. Мәзір: Құрт

22 наурыз. Мәзір: Құрт

22 наурыз. Мәзір: Құрт

22 наурыз мерекесі қарсаңында ауыл тұрмысы мен тағамын аңсай бастаймыз. Ауылдың қою айраны, дәмді көжесі мен тұзды құртына не жетсін? Ауылына қайта алмайтын жандар мына мәзір бойынша құрт жасап, мерекелік көңілге бөленсін.

Әрине дәстүрлі құрттың жасалу жолы әлдеқайда басқа. Бірақ көп жағдайда ол қалалық ас үйде жасауға келмейді. Ал мына мәзір ерекше болса да, сол ауылдың құртына дәмі келеді әрі көп күш пен құрамдас бөлік талап етпейді.

Құрамы:

  • қолдан жасалынған үй ірімшігі - 500 гр;
  • сүт сарысуы - 250 гр;
  • тұз - 3 ас қасық.
Сүт сарысуына тұзды қосып, араластырамыз.
Сарысуды блендерге құйып, ірімшікпен араластырамыз.
Сүзгі не дәке даярлаймыз.
Пайда болған ірімшік массасын сүзгімізге суын ағызып қоямыз.

 Суы әбден ағуы үшін бірнеше сағат қажет.
Сүзбені кішкене бөліктерге бөліп, дөңгелетіп, құрғақ, бірақ ыстық емес жерге кептіріп қоямыз.
Құрт бір апта шамасында кебуі керек. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

2572 0
Рейтинг: +6

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 18 наурыз 2013, 13:38
Пікірлер
+0
18 наурыз 2013, 09:00

таң атпастан аузыма құрттың дәмін келтіріп :cry: бір кездері осы құртты күніге жасаудан шаршап, жыларман болушы едім, ауылдың құртын сағындым, қазір өмір бойы жасап өтші десе де келісер едім))) машақаты көп бірақ, сиырды сауудан бастап жазатын болса))

+0
18 наурыз 2013, 09:11

мынаны Сәния жасады ма?

+0
18 наурыз 2013, 09:27

массаған былай құрт жасауды білмеппін :P Сания мықты

+0
18 наурыз 2013, 17:34

Ең тәтті ауылдың сығылып жасалған сары құрты) Қатты әрі тәтті келеді)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...