Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2013 / 22 наурыз мерекесі қалай тойланады?

22 наурыз мерекесі қалай тойланады?

22 наурыз мерекесі қалай тойланады?

Наурыз мерекесінің пайда болуы жайлы әркім әртүрлі дерек айтады. Біреулер Сүлейменнің жүзігі табылған күн десе, Иран аңыздарында адамзаттың отты пайдалана білген сәтін Наурыз деп атаған деседі. Адамзат емес, бір ғана түркі тайпаларында бұл күн жайлы аңыз да, ертегі де көп.

Түркі халықтарында жаңа жыл көктем мерекесімен бірге басталады. Яғни, 22 наурыз көктемнің алғашқы күні деп хатқа түсірілген. Түркі халықтарының өткен ғасырлардағы тарихшы ғалымдарының еңбектерінде Наурыз мерекесінің қалай тойланғаны жөнінде деректер бар. Махмұт Қашқаридің «Диуани Лұғат ат Түрік» атты әйгілі еңбегінде және Әбу Райхан Бейрунидің «Өткендегі бабалардан қалған мұралар» деген кітабында Наурыз тойы жөнінде айтылған. Орта Азияны аралаған ерте дәуірдің саяхатшы ғалымдарының еңбектерінде де түркі халықтарының Наурызды қалай тойлағаны жайында мәліметтерді кездестіруге болады. Мәселен, 922 жылы Орта Азияда болып қайтқан белгілі араб саяхатшысы ибн Фадлан көрген-білгендерін хатқа түсірген. Ол саяхатнамасында Орта Азия халықтарының Наурыз мейрамын тойлағанын келтіреді.

«Жалпы, көне дәуірде бұл күндері әр жерге үлкен от жағып, отқа май құйған; жаңа жеті дәнге қарап болашақты болжаған; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынған; ескі киімдерін тастаған; ескірген шыны аяқты сындырған; 22 наурызға бір күн қалғанда, күл-қоқыстардан құтылған; бір-біріне гүл сыйлаған, үйге күн символын салу дәстүрі де болған. Бір сөзбен айтқанда, жаманат кетіп, мен де жаңарсам деген тілек. Халық бұл күнде жетім-жесір, жоқ-жітіктерге қол ұшын беріп көмектеседі. Олардың ұлы күнге сай шат-шадыман, көңілді жүруін қамтамасыз етуге тырысады» дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов.

Ал қазақ ұлысы болып қалыптасқалы Наурыз тойы ешбір қазақ хандығында елеусіз қалған емес. Қайта қазақ ұлтының ең ұлы мерекесінің бірі болып тойланып келді. Және бұл туралы көптеген деректерді келтіруге болады. Жалпы «Самарқанның көк тасы еріген күн» қазақ даласы үшін құт-берекенің басы.

Ал қазіргі кезеңде 22 наурыз қалай тойланып жүр?! Наурыз десе, жұрт тек қана ішіп-жеу мен ас мәзірін ғана тілге тиек етеді. Одан қалса, атам қазақ Алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнап қарсы алған дейтін сыңар жақтылы көзқарас бар. Әрине, 22 наурызда бұл дәстүрлі ойындар мен ас-тағамдар тарихтан бері жалғасып келе жатыр. Дей тұрғанмен, біз Наурыз тойының ең басты ерекшелігін ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Ол – қамқорлықтың, мейірімнің айы болған Наурызды ізгі тілек, ізетті қамқорлықпен қарсы алу еді. Бұл дегеніміз ошақтың үш бұтындай болған ұлыстың кем-кетігін толтыру, аш-жалаңашын тойындыру еді. Әз Наурыз мерекесін  тойлап, дәл осы күні үлкен қайырымдылықпен айналысып жатқан қазақ бар ма қазір?! Ескі жылдан қалған сарқытты сарқып ішіп, жаңа жылға жаңа тебінмен жетер бабалар мұрасын қазір кім ұстанып жатыр?! Ұлы мейірімділіктің айын біз дұрыс бағытта тойлай білсек екен!

Тәуелсіз елімізде жылан жылы енді туып келеді. Жыл басы 22 наурыз құт-береке әкелсін. 

Алшын Матай

Сурет: mehmetozbal.com, animation.kz 

44110 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 15 наурыз 2013, 12:13
Пікірлер
+0
15 наурыз 2013, 19:43

Аумин, алтыбақанды жақсы көрем

+0
15 наурыз 2013, 23:47

ең сүйікті мерекем ғой менің!

+0
18 наурыз 2013, 23:06

Менің ең сүйікті мерекем :D :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Тыйым салынған махаббат
Тыйым салынған махаббат

Кино-сериалдағы махаббат өмірде бар ма екен деген сұраққа жауап

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
Би өнерінің қызықтары
Би өнерінің қызықтары

Би-менің екінші өмірім.

Автор: tansamal tolebay
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім

Жайна Сламбек:
Жайна Сламбек: "Мен уақытты қадірлейтін, миды "қоқыр-соқырмен" толтырмауға тырысатын адамдардың бірімін"

Бәрінің бастауы - көркем әдебиет. Кітап оқымайтын ұлтқа айналып барамыз, кілтипан...


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...