Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2013 / 22 наурыз. Қазақтың шешендік сөздері (I бөлім)

22 наурыз. Қазақтың шешендік сөздері (I бөлім)

22 наурыз. Қазақтың шешендік сөздері (I бөлім)

Түркі халықтарының төл мерекесі саналатын Ұлы Наурыз жақындап келеді. 22 наурыз - қазақтың жаңа жылы. Өткенімізбен бүгінімізді байланыстыру үшін бабалар сөздерін үнемі жадымызда ұстауымыз керек. Босағамызды аттағалы тұрған жаңа жылдың құрметіне ұлы шешендеріміз айтып кеткен өнегелі шешендік сөздерді ұсынғалы отырмыз.

АЛЫСТА - НЕ АЛЫС!
 
Байдалы қартайып үйден шықпай күндіз-түні төсекте жататын болды дегенді естіп Мұса мырза іздеп келіпті. Байдалы шешен қараша үйінің ішінде бөстекке оранып жатыр екен. Мұсаның қолын алып, жөнін сұрап амандасыпты да, кәріліктің жайын айта беріпті.
—    Ой, кәрілік-ай, сөздің өзі бала, тербетсе оянады, тербетпесе оянбайды, заманым өтті ғой!—дей беріпті.
Мұса қонып, қонақасын жеп, таңертең жүрмек болады.
—    Е, шырағым, еліңе не айтып барасың? — депті Байдалы.
—   Мен не айтайын, ел ағасы болған Байдалы еді, енді кәрілік пен алысып жатыр екен деймін дағы,— депті Мұса.
—    Шырағым, оның рас. Үш ауыз сөз сұрайын, соны шешіп беріп кетші!—дейді қарт. Мұса «айтыңыз» деп тыңдайды. Байдалы қарт сонда:
—    Алыста не алыс?
Жақында не жақын?
Тәтті де не тәтті? — дейді.
Мұса ойланып отырып:
—    Жер мен көктің арасы алыс,
Кісіге туыс жақын,
Бала тәтті, депті.
Сонда Байдалы қарт басын көтеріп:
—    Балам, ақылың әлі алқымыңнан асқан жоқ екен. Білімді мен білімсіздің арасынан алыс жоқ, жаннан тәтті жоқ. Бала қанша жақсы болса да, жан шығарда адамның өз жанынан тәтті жоқ. Жақында — ажал жақын,— депті.

 ҚОНАҚ НЕШЕ ТҮРЛІ БОЛАДЫ?     
Есентемір Бөленді Асау шешен қонаққа шақырып отырып:
-Е, бөле! Сізден бір-екі ауыз сөз сұрайын, рұқсат па? — депті.
-Е, шырағым, сұра! — депті Бөлен.
-Құдайдың бергені, үйден қонақ кетпейді. Бірі кетсе бірі келеді. Біреулері бір келмейді, бірнеше келеді. Осыларды келініңіз көріп «мынау тағы келе жатыр ма?»—дейді. Бұл неткені? — депті Асау.
-Ол келіннің ырысы кеткені,— дейді Бөлен.
-Ауылдың жас балалары кәрі қонақты жақтырмайды, соны күтуден ерінеді. «Осы шалдарға не жоқ, қыдырды, жеді, бірсыпыра қызықты көрді, енді үйлерінде жатса қайтеді?»— дейді. Бұл неткені?
—    Ол балалардан ерік кеткені.
—    Бөле! «Қонақ-қонсы» дейді қазақ. Қонақ деген кім, қонсы деген кім?
—   Қонақ деген мына мен, жылына бір рет шақырту- мен келемін. Қонсы деген мыналар,— деп айналадағы кісілерді көрсетеді. Пәленнің үйіне пәлен келіпті, барып амандасайық деп келеді.
—    Ал, Бөле! Қонақ неше түрлі болады?
—    Қонақ төрт түрлі болады:
                        Арнайы қонақ,
                        Құдайы қонақ,
                        Қыдырма қонақ
                        Қылғыма қонақ.
Енді Бөлен Асаудан:
—    Жігіттің неше жұрты бар? — деп сұрайды.
—    Жігіттің үш жұрты бар деп ойлаймын,— дейді Асау:
                 Қайын жұрты — міншіл,
                 Өз жұрты — күншіл,
                 Нағашы жұрты — сыншыл.
Сонда Бөлен:
—    Жігіттің төрт жұрты болатын еді, біреуін тастап кеттіңіз. Ол — елінің азаматы. Бәрінен де артық сол еді- ау! — депті.

БАЛДАН ТӘТТІ НЕ БАР?
 
Бауадат дейтін жігіттің сұрақтарына  Назым деген қыздың берген жауаптары:
—    Балдан тәтті не бар, қылыштан өткір не бар?
—    Балдан тәтті бала бар, қылыштан өткір тіл бар. Удан ащы — әдепсіз адамның аузынан шыққан сөз бар.

ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН МЕН ҚАРАКӨЗ АЙЫМ
 
Әз Жәнібек жаяу мал қарап жүрген балаға кез болады.                         
—    Шырағым, елсіз жерде неғып жүрсің? — деп сұрайды.
—    Жалғыз түйемнен көз жазып қап, соны іздеп жүр едім,— деп жауап береді бала.
—    Түйеңді тұсап қойсаң болмай ма?
—    Түйемнің тұсауы өліп қалып еді,— дейді бала. Ол әкем өліп қалып еді деген сөзі екен.
—    Балам, біз қай үйге қонамыз?
—  Бір қой жеймін десеңіздер, қай үй болса да қона бересіздер! Екі қой жеймін десеңіздер, біздің үйге қонасыздар,— дейді бала. Ханның қасындағылар:
—   Мынау бір мырза бала екен, осының үйіне қонайық,— дейді. Келген соң бала бір буаз саулықты жетектеп келіп «иллаһи амин!» дегенде: «Шырағым, бойдақ қой жоқ па? — деп ескертеді хан.
—   Мен бойдақ қойдың жоғын мана далада айтпап па едім? Екі қой жесеңіздер, біздің үйге қон дегенім осы емес пе еді? — дейді бала.
Қонақтар жауабына қайран қалады.


Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: vse-skazki.ru

23940 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 18 наурыз 2013, 08:47
Пікірлер
+0
18 наурыз 2013, 14:49

Білгенге маржан!

+0
18 наурыз 2013, 16:00

Күшті сөздер

+0
19 наурыз 2013, 21:08

Маған керек малимет еди,рахмееет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...