Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2013 / 22 наурыз. Қазақтың ұлттық билері

22 наурыз. Қазақтың ұлттық билері

22 наурыз. Қазақтың ұлттық билері

Халқымыздың арғы-бергі тарихына терең зер салсақ, би өнерінің сонау ықылым заманның өзінде-ақ, қазақтың ұлттық өнерінің бір бұтағына айналғанын айқын аңғарамыз. Және Қазақ биінің бірнеше дәуірді бастан кешкені баршаға аян. Қазақ би өнерінің түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алып, бүгінде еліміздегі кәсіби бишілер, би ансамбльдері мен би студияларымен жалғасып отыр. Қазақ биі - ұлттық дәстүрді, салтты танытатын өнердің төресі десек артық айтқандығымыз емес. Сайып келгенде, қазақ биінің арқауы халықтың жан дүниесі, оның таным-түсінігі, табиғатпен байланысы, философиясы. Міне осының бәрі кез келген бидің құрылымынан, болмысынан айшықты көрініс тауып жататынына күмән жоқ. 

Шара Жиенқұлова сынды өнер саңлағының арқасында біздің биіміз әлемдік сахнаға азды-көпті шыққанын әсте жоққа шығаруға болмас. Осы дара тұлғаның еңбегінің нәтижесінде қазақ биінің әр өрнегі халыққа жетті. Ол өзінің түсінікті де тартымды, әсерлі де мәнерлі билерімен сол өзі өмір сүрген заманның талабын орындады, жүгін көтерді. Сөйтіп, Шара апамыз қазақ би өнерінің қайталанбас жарық жұлдызына айналып, халқымыздың тек өзіне ғана тән қазақ биін классикалық деңгейге көтерді. Бұған «Қамажай», «Аю биі», «Насыбайшы», «Ортеке», «Қазақ биі», «Айжан қыз», «Қара жорға», «Садақ биі» сияқты ондаған ұлттық билеріміз куә. Ендеше, ұлттық мерекеміздің қарсаңында ұмыт қалып бара жатқан ұлттық билерімізді ұлықтап көрейік.

«Мерген»

Бұл биде  мергеннің аулап жүріп, сүйген қызына кездескендігі бейнеленеді. Мергеннің қызу қарқынмен сахнаға шығудағы әрбір қимылы садақпен аң аулаған аңшының қимылдарын айнытпай бере аларлықтай дәл болуы керек. Қыздың сахнаға шығу кезеңі де, сондай-ақ жігітпен билейтін кейінгі билері де қатты би қимылдарынан нәзік, айлалы қимылдарға кенет ауысып отыруымен сипатталады. Дуэтте (қыз бен жігіт билегенде) жігіт қыздан көз жазбай және қыздың әрбір қимылынан әсерленіп билеп жүруі керек.

Киімдері:

Жігіт: ақшыл көйлектің үстінен бешпент киіп, белін былғары белдікпен немесе матамен буады. Тіке пішілген ұзын шалбардың балағы мен жеңі оймышталған, балағы тілінген болуы керек. Аяғында мәсі немесе жеңіл етік. Басында барқытпен тысталған бөрік (көбіне түлкі  бөрік). Оң қолында садақ болады.

Қыз: Жеңі бірнеше жерден қатпарланып әсемделген ұзындау көйлектің үстінен жеңсіз қамзол киеді, басында тақия, аяғында мәсі болуы керек.

«Бес қыз»

«... Кішкене өзенге бір топ жолдас қыздар жиналады. Олар өзенге қарап отырып, бір-біріне су шашады және қап-қара бұрымдарын тарқатып, қайтадан өріп, сонымен ойнайды. Қыздар өзенді жағалап жүріп гүл тереді. Қолындағы гүлдерін жерге қойып, тоқтайды да, тарқатылған бұрымдарын қайта жөндейді. Азырақ ойнап алып, жердегі гүлдерін алады да, үйге қайтады». Бидің қимылдары өте қиын болып келеді. Биге бес қыз қатысады. Немесе аз құрамда (үш қыз) билеуге рұқсат етіледі.

Киімдері: Қатысушы қыздардың бастарында үкі таққан (әдеттегі қазақ қыздарының бас киімі) тақия болуы керек. Жұқа матадан істелген, етегінің бүрмесі көп, жеңі кең көйлектің үстінен белін қынаған қамзол киеді. Қамзолдың (барқыттан, қамқадан) өңірінде, етегінде әшекейленген оюлар болу керек. Шаштарын қос бұрым етіп өреді. Білектерінде білезік, құлақтарында сырға.

«Келіншек»

Бұл биде жаңа орамал тартқан жас келіншектер көрсетіледі. Олар орамалдарын бастарына тартып, өлшеп көреді, сүйсініп қаранады және өздері де сәнденеді. Әдетте он қыз билейді. Би солисткамен де, солисткасыз да ойнауға келе беретін етіп құрылған.

Киімдері:

Биші жас әйелдер бүрмелі жиегі бар көйлектің сыртынан ұзындау жеңді бешпент киеді. Мақпалдан немесе жай тығыз матадан істелген бешпент өңірін, етегін  айналдыра ұстаған зері, яки оқасы болады. Белін асыл матадан істелген белбеумен буады. Екі ұшы шашақты болып, салбырап түсіп тұруы керек. Басында жеңіл матадан (жібек) істелген орамал болуы тиіс. Киімдердің әртүрлі болуына рұқсат етіледі. Немесе қыздардың жартысы басқа, екінші жартысы басқа түсті таңдауларына қарсылық жоқ. Бұл екіге жарылып билеуге де қолайлы.

«Мүше»

Бұл көпке белгілі ат ойынының бір түрін елестететін ойын биі («Мүше алып қашу»). Би негізінен атты кісілердің  тартыс кезіндегі әрекеттерін бейнелеуге және аттардың аяғының қимылдарын елестетуге лайықталып құрылған. Фигураларында ең маңызды нәрсе – әлгі айтылған қимылдардың анық бейнеленіп және барған сайын күшейе түсуінде.

Киімдері: Жігіттердің киімдері түсті матадан істелген сырт көйлек, оның үстінде жеңіл бешпент болады. Көйлек пен бешпент шалбарланады да, белін былғарыдан немесе барқыттан істелген белдікпен буады. Шалбар балағы етіктің ішіне жіберіледі (атқа мінгендей). Бастарында байламын алдына келтірген орамал, оның сыртынан бөрік киіледі. Оң қолдарына қамшы ұстайды.

Суреттер: uralsk-akimat.kz,baq.kz,np.kz,vsluh.ru,altyn-orda.kz,liveinternet.ru,ust-kamenogorsk.kz,kazakhistory.ru,hameleons.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

22386 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 15 наурыз 2013, 12:26
Пікірлер
+0
15 наурыз 2013, 13:47

:oops: мындай билер барын білмепін

+0
15 наурыз 2013, 14:50

дамбосын..би дегенди жактырмайм

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...