Махаббат күні. Алманы қалай сыйлауға болады?

Махаббат күні. Алманы қалай сыйлауға болады?
Фото: Ернар Алмабек

15 сәуір Махаббат күнінің дәстүрі – алма сыйлау. Алма ұсыну дәстүрін Massaget.kz жастар сайты көтерген еді. Бүгінде бұл дәстүр ел арасына таралып, қолдау тауып жатыр. Алманы сүйген жаныңа қалай сыйлауға болады? Біз алма сыйлаудың бірнеше әдісін ұсынып отырмыз. 

1. Алманы сыйлық бау тағып сыйлауға болады.

2. Сүйікті кітабының жанына қойып сыйласаңыз, көңіл-күйін көтеретініңіз анық. 

3. Сүйген жаныңыз қолөнер бұйымдарын жоғары бағаласа, алмамен бірге қолдан жасалған әшекей, естелік зат сыйлаңыз. 

4. Алманы орамалдың не шарфтың ортасына қойып сыйласаңыз, сүйіктіңіз ерекше әсер алатыны анық. 

5. Егер сүйіктіңізге ұсыныс жасағыңыз келсе, жүзікті алмаға іліп қойыңыз. Одан бөлек, сақинаны алманың ішіне жасырып та беруге болады. Ол үшін алманы екіге бөлу керек.

6. Алманың қасына ашықхат қосып, ішіне әдемі тілек пен мөлдір сезіміңізді жазсаңыз, ұмытылмас сыйлық болмақ. 

7. Басқа да сыйлықтардың жанына бір тал қызыл алма қосыңыз, бұл – сезіміңіздің белгісі. Өйткені қызыл алма – жүрек секілді. Ал алманы ортасынан кессеңіз, жұлдыздың суретін көресіз. Әр адам үшін сүйген жан – жүрегінің жұлдызы. 

Қазақта "селтеткізер", "ұйқыашар" дәстүрлері бар. Наурызда жігіт сүйіктісіне селтеткізер жасаған, ал қыз ұнатқан адамына ұйқыашар тарту еткен. Селтеткізер деген – қыз тұтынатын бұйымдар болса, ұйқыашар – қыздың қолынан шыққан тағам. Махаббат күнінде осы дәстүрді де қайта жаңғыртсақ, нұр үстіне нұр болмақ. 

М. Оңғарова