«Наурыз мейрамы» жарық шоуы алматылықтарды таңдандырды (видео)

«Наурыз мейрамы» жарық шоуы алматылықтарды таңдандырды (видео)
Фото: vk.com

15 сәуір күні мен ару қала Алматының 1000 жылдық мерекесіне орай М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының алдында «Наурыз мейрамы» жарық шоуы өтті. Бұл шоуды Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыс басқармасы «Filmation» компаниясымен бірігіп ұйымдастырды.

«Наурыз мейрамы» жарық шоуы - аудиовизуальды шығармасы ғимараттың қабырғасында 3D-нің көмегімен көрсетілді. Заманауи көрнекі мультимедиялық технология (видеомэппинг) негізінде ұсынылған шоу көрермендерді бір таңдандырды. 3D шоуда Наурыз мейрамының шығу тарихы, Ұлы дала мен Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері жайлы сыр шертілді.

Сондай-ақ, 15 сәуір ғашықтар күні мерекесіне орай Көктөбеде жастар шар ұшырды. 

О. Сансызбай