15 cәуір. Фотосуреттер байқауының жеңімпаздары анықталды

15 cәуір. Фотосуреттер байқауының жеңімпаздары анықталды

Құрметті оқырман, ғашықтар мерекесіне орай порталымызда байқау жарияланған болатын. Аталған байқаудың суреттері іріктеліп, байқаудың жеңімпаздары анықталды.

Байқаудың басты шарты - Қозы мен Баяндай жұптасқан екі жастың ақ адал сезімдері, риясыз махаббаттарымен үлкен өмірге қадам басқан күні (той күні) түскен керемет суреттерін жинастырып, еліміздің ең жарасымды жұбын анықтау.

Поштамызға әртүрлі суреттер келіп, шартқа сәйкес іріктелді. Байқауға қатысқан суреттерді 2 топтамаға бөліп жарияладық:

1-топтама

2-топтама

Бұл байқаудың 5 жеңімпазы анықталды:

3-орын жеңімпаздары:

Алтынбек+Гүлжан

Неке тортын кескен сәтіміз

Мәңгілік бірге боламыз

Есен+Арайлым

Махаббат - мәңгі ертегі

2-орын жеңімпаздары:

Асқарбек+Лаура

Біз - ғашық жандармыз

Өміріміздің ең жауапты кезеңіне қадам басқан сәт

Ғашықтың тілі — тілсіз -тіл,
Көзбен көр де, ішпен біл.

Махамбет+Мөлдір

Бүгінгі күн - мереке

Тек сенімен бірге

Жетеле мені белеске

Асылым

1-орын жеңімпазы:

Салтанат+Гүлден 

Сен мені қолымнан ұстап жетелесең болғаны, қайда баруым маңызды емес.

Неке - беріктік символы

Махаббат - адам әлсіздігінің ең кешірімді тұсы

Нағыз жігіт жарының еркелігін көтере біледі,
Нағыз әйел еріне еркелей біледі.
 


Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, уәде еткеніміздей, қанжығаларына сайтымыздың арнайы сыйлықтарын байлаймыз. 

Жеңімпаздар, сыйлықты алу үшін +7 707 114 36 58 нөмеріне хабарласыңыздар.

Ғашықтар мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан бәйгемізді қолдап, белсенділік танытып, қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз!

Ғашықтар мерекесі құтты болсын! Ғұмырларыңыз ұзақ, махаббаттарыңыз баянды болсын!

Сурет: Макс Галаев 

Қ. Бүйенбай