Екі қызға бір уақытта ғашық болу мүмкін бе?

Екі қызға бір уақытта ғашық болу мүмкін бе?

Сезімдердің падишасы махаббат бала кезімізден әртүрлі кейіпте өмірімізде тұтқиылдан пайда болып, ішкі жан дүниемізді тебірентумен болады. Ал оның шынайы екенін бір көргеннен байқаймыз. Кейде екі бірдей сұлуға ғашық болып, оның қайсысы сіз үшін маңызды екенін біле алмай әбігерге салынатын кездеріңіз де болады. Ендеше, расымен, екі бірдей қызға ғашық болу мүмкін бе?

Бұл тақырып әркімнің де ойын бір шалып өткені рас. Шындығында, шынайы сезімнің заңдылығына сәйкес, екі бірдей қызға ғашық болу мүмкін емес. Дегенмен оның да түрлі жағдайға байланысты болатыны бар. Жігіттер екі қызға бірдей сезімнің жүректе пайда болуына оң қарайтын болса, көптеген қыз жүрегі жармақталған жігіттерден алыста болуды жөн көреді екен. Ал соңында бәрібір біреуімен қалуға тұра келетіндіктен, қоғамда осылай бас қатыруды дұрыс емес көретін жігіттер тобы да бар.

Әдетте жігіттердің басым бөлігі қызға бір көргеннен ғашық болып, асығыс сезімін білдіреді. Сосын көп өтпей басқа қыздардың көркіне тәнті бола бастайды. Мұны қалай түсінуге болады? Шындығында адамның сырт келбеті сіздің ойыңызды жаулағанымен, бұл оның толығымен сізге сай келетін адам екенін білдірмейді. Сондықтан осындай жағдайда жүрекке емес, ақылға басымдық берген жөн. Себебі екі қызды бірдей үміттендіру жақысылыққа алып келмейді. Әйткенмен де, қасыңызда қызыңыз бола тұра, екінші қызға ойыңыз бөлінбеуі мүмкін емес. Солай болуы да табиғи заңдылық. Ол сіздің қалауыңыз емес, табиғаттың танымы. Сол себепті мұндай жағдайда тек өзіңізді ұстай біліңіз.

Ал кейде жігіттер сырттай екі қызды бақылап жүреді. Оның ойынша, екеуі де оның болашақ жары бола алады. Ал екі қыздың бірін таңдау оңайға соқпай, біршама уақытқа дейін жүріп қалады. "Таңдаған тазға жолығады" демекші, соңында белгілі болатындай, екеуі де сізге көңіл қойғысы келмейтін болып шығуы мүмкін. 

Дегенмен, жігіттер өзінің сүйген қызы үшін барлығынан баз кешуге дайын болады. Себебі сұлу қыздың күлкісі мен жылы орайы жігіттің бар болмысын жаулап алады. Сондықтан бір сезімді екі қызға бөліп беру мүмкін емес.

Әлде мүмкін бе? Жігіттер, сіздер қалай ойлайсыздар?

Сурет: amur.kz

Ж. Өрісбай