Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2013 / Бүгінгінің Қозы мен Баяны

Бүгінгінің Қозы мен Баяны

Бүгінгінің Қозы мен Баяны

Махаббат... Қай тілде болса да, ең танымал сөз, ең ерекше сезім. Бүгін, 15 сәуір – Ғашықтар күнінде қазақ интернетінде танымал және жай ғана сұлу жұптардың шынайы махаббат жайлы ойларын оқып көрейік.

Ардақ пен Анар


ҚазНетте танымал Ақзере мен блогер Ардақтың жұп болғаны бүкіл қазақ интернетін дүр сілкіндірді. Тойларына соңғы дайындықтарын жүргізіп жатқан жұп нағыз махаббаттың не екендігін әрине біледі.

"Әлбетте, екі адамның, былайша айтқанда, екі тұлғаның бас қосуы оңай шаруа емес. Әр адамның осы уақытқа дейін ұстанып келген өз көзқарасы, өз ойы, өз өмір сүру салты болады. Осы екі дүние бір арнаға тоғысқан сәтте көп кикілжіңдер туатыны анық. Осыдан да қазақтың «Үйлену оңай - үй болу қиын» деген мақалы шықса керек. Бақытты өмір сүру үшін, берекелі отбасын құру үшін осы екі тұлға да бір-бірінің ойына, пікіріне, көзқарасына сыйластықпен қарап, жағдайына кіріп, қолдап, жалпы түсінісуге барынша тырысу керек. Бұл да бір өз кезегінде өз-өзіңмен рухани жұмыс жасау. Махаббат - бұл бір-біріңе қарап тұру емес, махаббат - біріге бір бағытта қарау деген ғой. Екі адамның бір-біріне деген құштарлығымен қатар, ортақ мүдделері мен мақсаттары ұқсас болуы бақыт деген даңғыл жолға бастама болса керек-ті."

Мақсат пен Назира


Estetika атымен қазақ интернетінде танымалдыққа ие болған Назира гүл күтудегі шебер екені баршамызға белгілі. Өзі де бір нәзік гүлдей бойжетіп, Мақсат деген жігіттің көз назарына түсіпті. Екі жас бір-бірінен мәңгілік махаббатты тапқандарын айтады.

"Махаббат – мәңгі ертегі" оны айтып тауысу мүмкін емес... Махаббат – ол екі адамның бірін-бірі қас-қабағынан-ақ айтқызбай түсіну, әрдайым сүйгеніңді көргің келіп тұру, оның жанында өзіңді бақытты сезіну, қамқорлық жасау.  Адалдық пен пен сенімділік және түсіністік қол ұстасқан екі жастың бір-біріне  деген ішкі нәзік сезімін көрсетеді. Армандары бір, ойлары ортақ, мақсаттары айқын жандар өзара бірігуге ұмтылады... 

Әрине, өмірде бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Қуанышы мен қайғысы қатар жүретін өмірде басқа түскен қиындыққа ешқашан мойымау қажет. Осы күнге дейін махабатымызды сақтаған періштеміз өмірде кездесетін барша қиындықтан жол тауып көрсетіп, бізді шыңдайды деп үміттенеміз. Алла жазса, өмір жолында бірге, қол ұстасып өтерміз".

Алмас пен Маржан


Мадлен есімді қазақ интернетінің тұрақты тұрғыны қазірде кемелденіп, отбасы құруды жоспарлап жүр. Оның таңдауы - Алмас деген сымбатты жігітке түсті. 

"Махаббат ақылға беріледі деген көп адамдарды білемін. Бірақ, онымен келісе алмаймын. Ақылға берілген, белгілі бір ұстанымдарға жеңілген сезімдер махаббат емес... Менің махаббатым ешқандай ақылға қонбайтын, өзімнің де санама сыймайтын, жауабынан гөрі сұрағы көп, 1-2 жыл емес, бірнеше жылдардың тексеруінен өткен, менің өмірімде болған ең ғажайып сезімдердің бірі.

Бірге болған уақытымыз аз көрініп, маған үнемі жетпей тұратындай... Ренжітсе, қатты ренжітеді, жақсы көрсе, дүниеде сенен басқа ешкім жоқ деген көздерімен жақсы көреді... Алыста болса, сағынғаннан сарылып, жынданып кетердей боламын. Ол жоқ болған кезде қалай ғана тыныш өмір сүргенмін? Басқа адамдарға қалай ғана сүйемін деп айтқанмын? Неге өзім іздеп тауып алып, құшағына еніп кетпегенмін? Қалай ақымақ болғанмын...

Адамды сол қалпында қабылдап, онымен бірге жаңа заттарды үйренуге дайын болғанда махаббат өзі келеді, өзі сізді табады. Сізге сол адам тағдырыңызға жазылған болса, ешқайда қашып құтыла алмайсыз. Қытай халқының бір аңызы бойынша, Уақытқа, Орынға немесе Жағдайларға  қарамай, бірге болу керек жандар көрінбейтін бір жіппен байланған екен. Ол жіп қанша созылып не болмаса шатысып кетуі мүмкін болса да, ешқашан үзілмейді. Барлығымызға да сондай мәңгілік махаббат бұйырсын, сыйластық пен сүйіспеншілік сезімі әрдайым бірге болсын".

Есет пен Әсел


Әсел мен Есет бір-бірін осы интернет беттерінде тапты. Ортақ таныс, қызығушылықтар тауып, нәтижесінде әдемі, бақытты жұпқа айналды.

"Меніңше махаббат деген қасындағы адамның жанында еріксіз болғын келу, онымен бірге бақыт пен сәтсіздіктерді бөлісу.  Махаббат деген жарыңды әрқашан бақытты қылуға тырысу, оның бір құшағынан бар қиындықты ұмыту. Махаббат деген кешірімділік, қажеттілік. Шынайы махаббатты бір татқан адамға ол ауа сияқты қажет болады.

Махаббат – дүниедегі ең пәк нәрсе. Махаббат бар жерде асы-тасқан көкірек те, тәкаппарлық та жоқ. Ең бастысы өзіңнің екінші жартыңды бақытты қылып, күлімдеп жүргенін қалайсың. Екі жас арасында махаббат сезімі болмаса, оларды атақ пен даңқ та бақытты қыла алмайды.

Екінші жартыңды кездестірген сәтте, сен оны не үшін сүйгеніңді түсіндіре алмайсың. Сұлулығы үшін де, мінезі үшін де емес, әйтеуір көрдің де, ғашық болдың. Сол сәттен барлығы өзгеріп, бұрын осы жансыз қалай өмір сүрдім деп ойланасың.

Нағыз махаббатыңды кездестіргеніңді саған жүрегің айтады. Ішкі дауысың:"Бұл – сенің адамың!" деп тұрады. Ал сол жан сезіміне жауап берсе, әлемдегі ең бақытты жұп боласыздар".

Құрметті оқырмандар, Массагет.кз сіздерді 15 сәуір – Ғашықтар күнімен құттықтап, осы жұптардай махаббатқа бөленуіңізді тілейді. Махаббатымыз баянды болсын!

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

9765 22
Рейтинг: +14

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 15 сәуір 2013, 15:05
Пікірлер
+0
15 сәуір 2013, 13:22

Вау, вау, вау, ваууууу ) Керемеееет, супер ;) Сания, жарайсың, өте ұнады. Ғашықтар күні құтты болсын, ғашықтардың махаббаты баянды болсын!!!

+0
15 сәуір 2013, 13:29

КЕРЕМЕТ! ЖҰПТАРЫҢЫЗ ЖАЗЫЛМАСЫН!

+0
15 сәуір 2013, 13:31

Өте жақсы. Бұлар Тәуелсіздіктің жемісі ғой ))) ;) Бақытты болсыңдар! Ғашықтар күні құтты болсын! Мерекелеріңмен!

+0
15 сәуір 2013, 13:39

Мааа менің жандарым, бақытты болыңдар!!! ҚазНетте той көп биыл! уау!!! Күшті!!!

+0
15 сәуір 2013, 13:40

Махаббатарыңыз мәнді де мәңгі болсын!

+0
15 сәуір 2013, 13:51

Керемет!!! Той тойға ұласссын!!

+0
15 сәуір 2013, 14:06

Сәнияш, өзің қайда жүрсің?))

+0
15 сәуір 2013, 14:10

Сол ози жок екен да :|

+0
15 сәуір 2013, 14:18

өздеріңді ғана ойламай, Сәнияны да түсірулерің керек еді! Фотоға

+0
15 сәуір 2013, 14:38

мен тек түсірдім ғой))

+0
15 сәуір 2013, 14:40

айяйяй, сонда сені түсіретін ешкім табылмады ма?

+0
15 сәуір 2013, 14:46

бізге қайда мынандай жұптарға... бұлар шынайы махаббатын не екендігін білетін, үйленейін деп жүргендер ғой. Әдейі сондай жұптарды таңдадым, басқаларға үлгі болып, шынай махаббатты көрсетсін деп. Қатысқан жұптарға рахмет айтамын. Сіздерді түсіремін дегенше өзім де махаббаттын не екендігін сырттан қарап, түсінгендеймін.

+0
15 сәуір 2013, 14:07

Беееу, не деген керемет жұптар, тамаша суреттер! Әдемі! Махаббат мәңгі, мәнді болсын! Мерекелеріңізбен!

+0
15 сәуір 2013, 14:53

Не деген керемет жұптар! Ырзамын, махаббаттарың баянды болсын

+0
15 сәуір 2013, 18:13

қыздар-жігіттер әдемісіңдер, бақыттысыңдар, құттықтаймын барлықтарыңды!!! :) әсіресе 6-шы суретті көріп: "еххх..." деп көзімді сүртіп қойдым :)

+0
15 сәуір 2013, 18:19

Керемет!!! Махаббаттарың мәңгілік болсын!!! :)

+0
15 сәуір 2013, 18:46

Қыздааааааар! Сендерге әйел бақытын, ана бақытын тілеймін жандарым соооол Мадлен, Нәзира, Анарка <div><a href="http://www.topglobus.ru/besplatno-smajliki-forum-blog-web" title="Бесплатные Смайлики для форумов, web-сайтов, блогов (9 270 смайлов)"><img src="http://www.topglobus.ru/skin/smile/s3463.gif" width="68" height="56" border="0"></a></div> Санек күшті репортажға рахмееет ^_^

+0
15 сәуір 2013, 18:46

Қыздааааааар! Сендерге әйел бақытын, ана бақытын тілеймін жандарым соооол Мадлен, Нәзира, Анарка :*
Санек күшті репортажға рахмееет ^_^

+0
15 сәуір 2013, 19:59

Ардақ пен Анар фотоға әдемі түскен)Бақытты заманның бақытты ұрпақтары, еңбекпен есейе беріңдер!

+0
15 сәуір 2013, 20:14

Барлықтарыңызға рақмет! Бәріміз бақытты болайық! :)

+0
15 сәуір 2013, 20:18

Сәнияның еңбегіне тәнтімін, жарайсың! Рахмет! Бұл бізге үлкен сый болды. :)

+0
15 сәуір 2013, 20:42

Барлықтарың үшiн өте-өте қуаныштымын;) махаббаттарың мәңгi және бойдақтарға жұғысты болсын! :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...