Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2013 / 15 сәуір. Махаббат көбелегі

15 сәуір. Махаббат көбелегі

15 сәуір. Махаббат көбелегі

Табиғаты көркем шағын қалашықта бір-бірін өле сүйген екі ғашық өткен. Олар әр күні тау басына шығып, атар таңның шүлен шұғыласына шомылса, теңіз жағасында құшақтасып, батар күннің нарттай қызыл шапағынан ләззаттанатын. Оларды көрген жандардың бәрі де осынау балдай тәтті махаббатқа ақ тілегін айтып, іштей күбірлеп өтетін. Күндердің күнінде жас жігіт айықпас дертке шалдығып, емханаға түседі.

Бейшара бойжеткен сүйіктісінің жанынан бір елі аттап шықпай, оның атын атап, Тәңірден шипа тіледі. Арада апта, ай өтсе де, науқастың беті бері қарамады. Зар жылай жүріп, мінәжәт еткен арудың құр сүлдері ғана қалады. Ғашығының қасынан шыға алмай, қызғыштай шыр айналып, Тәңірге жалбарынды. Ақыры Тәңірдің махаббат құрбаны болуға шақ қалған бейшара қызға пейілі түсті:

- Сенің тілегіңді қабыл алып, оны сау-сәлемет қалпына келтіремін. Алайда саған қояр шартым бар. Үш жыл бойына көбелекке айналасың. Осыған ризасың ба?

Мұны естіген арудың қуанышында шек болмады. Көбелек, үш жыл... Ол аман болса, үш жыл деген лезде өте шығар әлі. 

- Мен ризамын! Тек оған шипа бере гөр!

Таң да атты. Сұлу бойжеткен шынымен-ақ әдемі көбелекке айналды. Ол әсем гүлдер арасынан ұшып шығып, емханаға келді. Терезе тұсына келгенде, қуаныштан құлап қала жаздады. Шынымен-ақ әлденеше ай бойы ес-түссіз жатқан ғашығы орнынан тұрып, дәрігермен сөйлесіп отыр. Ол бәрібір ести алмады. Біреуге алаңдап, біреуді іздеген секілді ме қалай? Көңілі жүдеу. Әлде жазылғанына қуанбай ма? Ол жігіттің өзін іздеп жүргеніне күмәнсіз сенді. Мен мұндамын дегендей әлсіз қанатымен терезені қақты. Ол бәрібір естімейтін, көрмейтін еді.

Бірнеше күннен соң, жігіт емханадан да шықты. Сырқатынан құлан-таза айықты. Бірақ, көңілінен кірбің кеткен жоқ. Ары-бері шапқылап, сүйіктісінің із-дерегін таппады. Ешкім де оған ғашығының қайда кеткенін айтып бере алмады. Шаршады, таусылды, сабырдан айрылды. Тіпті жындана жаздады. Кейде таң атпай тау басына шығып жалғыздан-жалғыз көтеріліп келе жатқан күнді күтетін. Ал кешкісін теңіз жағасына барып, батқан күнге телміріп, мелшиіп, ұзақ отыратын. Сондай сәттерде бұл оның иығына қонатын. Ол мұңын шаққандай, сағынғанын айтқысы келгендей, көзқарасымен аялай қарап қоятын да, тағы үнсіз қиырға көз тастап отыра беретін. «Мен қасыңдамын, ешқайда кеткен жоқпын! Сені әлі де сүйемін!» деп айтқысы, айқайлағысы келді. Бірақ, дәрмен жоқ.

Жанға жайлы жаз күндері өтіп, аспаннан жапырақ жауар мезгіл жетті. Қалтыраған көбелекке бұл ара пана болмады. Сонымен, ол ең соңғы рет ғашық жарының иығына қонып, нәзік қанатымен аймалады да, қиырға ұшып кетті.

Келесі жылдың көктемі де жетті. Тағаты таусылған, сағынған көбелек сүйіктісіне ұшып келе жатты. Өкінішке орай, оның жанында бейтаныс сұлудың отырғанын көрді. Ол өз көзіне өзі сенбеді. Нәзік қанаттары дірілдеп, көк жүзінен құлап түсті. Көбелек қатты қамықты. Ол баяғыдай-ақ тау басына шығып, атар таңды, теңіз жағасында отырып, батар күнді тамашалайтын. Бірақ, өзге біреумен. Көбелек, сүйіктісінің иығына қонып, жүрегі қан жылағанымен, ештеңе айта алмады. Бұл жаз тым ұзаққа созылды. Ол тіпті оларға жақындай да алмайтын. Олардың ләззатқа толы шақтары, шат күлкісі мұны тіпті қинай түсті.

Үшінші жылдың көктемін ол баяғыдай асыға күтті. Бірақ, олардың қасына бармайтын, жоламайтын болды. Шын сүйген ғашығы өзге қызға махаббатын арнады, бұл шынында азапты еді. Екеуінің құшақтасқанын, аймаласқан сәттерін көргісі келмеді. Тіпті, қуанышқа толы күлкі сыңғырын естігісі келмейтін. Енді бұл әсем бау-бақшаларда, гүлдер арасында ұшып-қонып, бойын сергітетін. Ең қиыны – ол мұнда да сол екеуін көретін. Тым көңілді, бақытты ғашықтар екеніне даусыз көз жеткізді.

Мені ұмытып кеткені ме?

Жоқ. Ұмытпапты. Жігіт жалғыз қалған сәттерінде, үнсіз ойға шомып, өткен күндерін еске алатын. Сондай сәттерде, ол мұның қасына барып, баяғыдай аймалай ұшатын. Жігіттің көз жасын сүртуге дәрмені жоқ, жанын қоярға жер таппай, жылап ұшатын. Сондай сәттерде де әлгі қыз жігіттің қасынан табылып, көңіліне медеу болатын. Алақанымен оның жасын сүртетін. Бауырына басатын. Ол оның шын жанашыры, сүйіктісі екен-ау!

Көбелек, енді шынымен үміт үзді. Тәңір мен көбелектің уәделі уақыты бітуге бір-ақ күн қалғанда, әлгі сұлу мен жігіт неке салтын өткізді. Қалықтай келіп қонған көбелек өз сүйіктісінің «Мен қосыламын» деп ант еткенін, жарының қолына неке сақинасын салғанын, емірене қол ұстасқанын көрді. Көрді де, қасіреттене көз жасын төкті...

Терең күрсінген Тәңір:

– Өкіндің бе? – деп сұрады бәсең үнмен.

– Жоқ! – деп жауап берді ол көз жасын сүртіп. Тәңір оған қуанышты хабар жеткізердей күлімсіреп:

- Ертең адам кейпіне енесің.

- Жоқ! Мен осы қалпымда қалғым келеді, - деп жауап берді бейшара көбелек. Сөйтті де, қанатын қағып, қиырға самғап кетті.

Иығыңызда сіз үшін жанын құрбан еткен көбелегіңіз бар ма?! 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

4534 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 12 сәуір 2013, 19:32
Пікірлер
+0
12 сәуір 2013, 19:05

Неткен әсерлі жазба. Неткен пәк, адал махаббат?! Расымен өзіміз үшін жанын беруге даяр адамдардың қадіріне жете бермейміз ғой. Ол жігіт бақытты болса, болар... Бақытты сезінер... Бірақ толық бақытты болады деп ойламаймын. Өткенін ұмыта қоймас...

+0
13 сәуір 2013, 05:22

Білмедім...

+0
13 сәуір 2013, 13:34

Өкінбеді. Мәләдес.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...