Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2013 / 15 сәуір – "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" күнінің нышаны

15 сәуір – "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" күнінің нышаны

15 сәуір –

Селт еткізер - көңілі қалаған бойжеткен қызға жас жігіттің ескерткіш сый-сияпат ұсынуы. Ол жігіттің ойын сезген сезімтал қыздар әрине «селк» ете қалады. Сондықтан да бұл сый "селт еткізер" деп аталған. Жаңадан тойлана бастаған Ғашықтар күнінде осындай бұрыннан келе жатқан салтымызды жаңғыртып, осы мерекенің дәстүрлі сыйлығын бекітуді ұсынамыз. Жігіттер ұнатқан қызына шашбау, не қазір дүкендерде толып тұрған көздің жауын алар шашқа арналған түрлі әшекейлерді сыйласа, ешбір қыз бас тартпайыны анық. Шашының ұзын-қысқалығына қарамай, әр бойжеткенге үйлесетін әдемі де қымбат сый болатын шаш қыстырғыш табуға болады. Техноны жаны сүйетін сұлулар үшін мына кеңестер кәдеңізге жарап қалар. 

Ал бойжеткендер сезімін ешқашан ашық жеткізбеген, артық сөзсіз ұсынған кестелі орамалы оның "оң" жауабын білдірген. Жігіттерге сыйлық табу әрдайым қиын. Сондықтан, біздің ұсынысымыз, осы мереке күнге арнап, қыздар әдемі орамалға кесте тігіп, жүрегіне жақын адамға сыйласа, есте қаларлық ерекше тарту болар еді.

Тек ғашықтар күніне ғана емес, сүйіктіңізге кез келген күні қуаныш сыйлай білу керек. 15 сәуір – Қозы-Көрпеш - Баян Сұлу күні болып белгіленгенімен, келесі күні сіздің сезіміңіз сөніп қалмайды. Тосыннан берілген сыйлық адамды одан сайын ерекше таң қалдырып, көңіл-күйін көтереді.

Былтырғы жылғы форумда жарияланған тақырып бойынша қолданушыларымыз "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" күнінің нышаны ретінде қызғалдақты ұсынған болатын. Сіз не дейсіз? Сәуір айында бүр жаратын қызғалдақ гүлін құлпырған қызыңызға сыйға тартуға келісесіз бе?

Үкі - пәктіктің, адалдықтың белгісі. Қадым замандардан бері үкі тағу дәстүрі көбіне қыз бен жігіт бірін-бірі ұнатқанда жасалған. Бастапқыда үкі қауырсыны бәле-жаладан келінге қорған болсын, ешқандай жамандықты жолатпасын деген ниетпен кәдеге қоса берілген.

Ал мынау бұрыннан белгілі өз қолыңыздан жасауға жеңіл идея – екеуге арналған қолғап.

Бұдан да оңай және сан түрлі нұсқасы көп идея – қос жастық, кесе, футболкаға салынған қызықты суреттер. Сізге керегі – ақ немесе түссіз (кесеге) негіз және матаға арналған не акрил бояу. Немесе нобайын сызып, принтті кез келген нәрсеге салып беретін көптеген фирмаларға жүгініңіз.

Бірнеше сәтті мысал:

Жұп кеселер – өте әдемі көрінеді, бірақ шынымен сәнді және ерекшесін табу қиын:

Ұқсас тақырыпта: жігіт – бұрыш, қыз – тұз. Немесе керісінше:

Ыдыс тек ерекше ғана емес, қызықты да болуы мүмкін.

Мына заңнаманы жүктеп алып, қағазға шығарып, қасына екі шекараға бөлінген ыдысты қосып сыйлауға болады. Ыдысты өзіңіз де бояп, екіге бөле аласыз. "Е", "Ә" әріптерінің орнына өз есімдеріңізді жазуға болады. 

 

Жүктеп алу


Ғажайып туынды. Roly Poly – алыста жүрген екі адамға арналған құрылғы. Оны Сингапур Ұлттық университетінің өнеркәсіптік дизайн бөлімі ғалымдары ойлап шығарған. Оның идеясы – екі адамға телефон не ғаламтор арқылы қол жеткізе алмайтын бір-бірін қашықтықтан физикалық (дәлірек тылсым) сезіну мүмкіндігін беру. Жиынтықта екі «жұмыртқа» бар. Оның жұмыс жасау принципі қарапайым: Бір адам өзінің құрылғысын қозғалтқанда, осы сәтте бірнеше шақырым жердегі екінші сыңары да теңселеді. Осылайша көзіне көрінбей, жанында болғандай болады. Бұл қашықтықтан осылай араласу мүмкіндігін беретін әлемдегі бірінші және әзірге бірегей құрылғы.

Біз ұсынған дәстүрді аяқ асты етпей, осы мерекенің кең таралған тұрақты "символ" сыйлығына айналдыруға ат салысатындығыңызға сенімдіміз!

Аяулы сұлу Баянның сіңлілері мен батыр Қозының інілері! Ғашықтарға арналған төл мерекеміздің нышанын бірге таңдайық!

Сурет: forum-grad.ru, facta-manu.ru, wizardfox.net, adyrna.kz

20127 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 11 сәуір 2013, 16:52
Пікірлер
+0
11 сәуір 2013, 15:20

жақсы идея екен! өзіміздің мерекемәізге арнап нышан қабылдайық! мен қызғалдақ пен орамалға дауыс берер едім!

+0
11 сәуір 2013, 16:12

қызғалдақ та әдемі. Орамалды жасайтын қыз табылып жатса ол да жақсы

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...