Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2013 / 15 сәуір. Әзілхан Нұршайықов пен жарының мәңгілік махаббат жыры

15 сәуір. Әзілхан Нұршайықов пен жарының мәңгілік махаббат жыры

15 сәуір. Әзілхан Нұршайықов пен жарының мәңгілік махаббат жыры

15 сәуір - Ғашықтар күні қарсаңында махаббат хикаясының тілге тиегі әйгілі жазушы Әзілхан Нұршайықов пен оның сүйікті жары Халима Өзақанова жайлы болмақ.

«Махаббат, қызық мол жылдар» романы қазақ оқырмандарының ішіндегі ғашық бола білген әрбір жүрек иесінің жастығының астына қойып, сүйіп оқитын кітабы бола білді. Ондағы кейіпкерлер, олар арасындағы кіршіксіз сүйіспеншілік, махаббат оқиғалары талай оқырманның көзіне жас алдырғаны белгілі. Шығармадағы Ербол мен Меңтай өмірде болғанымен, жазушының мұншама ғашықтықты қолдан жасап, құйып шыққан тұлғалары. Шын мәнінде Ерболдың (Әзілхан Нұршайықов) Меңтайға (Нұрғалима) деген сүйіспеншілігі, шексіз құрметі бөлек әңгіме. Ал негізінде бұл романдағы Меңтай образын сомдауда аяулы жары Халиманың болмысы әсер еткендігін жазушы сұхбаттарында да айтады. Енді осы қос ғашық жайлы әңгіме өрбіткенді жөн көрдік. Ғашықтардың танысуы әуелде былай басталыпты:

Әзілхан Нұршайықовтың өз әңгімесінде ең алғаш рет 1936 жылы он төрт жасында Орынкеш есімді қызға ғашық болғаны жайлы айтылады. «Үш жыл ішінде Орынкешке 100 хат жазыппын» дейді тағы бір әңгімесіне. 1939 жылдың соңына дейін ғашықтық сезімі үзілмеген бала ғашықтардың соңғы әңгімесі Әзілханның Халимамен танысуына мұрындық болады.

Халиманың оқушы кезі

Әзілхан Нұршайықов:

Қыркүйек айында оқу басталды. 5 қыркүйек күні қызымды іздеп, ол оқитын мектептің жатақханасына барсам, есіктің алдында отыратын кемпір: «Бұл араға келуге болмайды, аулақ кет», — деп ішке кіргізбейді. Не істерімді білмей тұрғанымда, мектеп жақтан шашы қиылған, аяғына детдомский бәтіңке киген бір аппақ қыз келіп қалды. Интернаттың киімін киген қызды тоқтатып, Орынкешті сұрадым. Ол Орынкешпен бірге оқитынын, бір бөлмеде тұратынын айтқанда: «Орынкешті шақырып жіберші» деп өтіндім. Дереу шақыратынын айтты. Шақырушы қыздан да жауап жоқ. «Не боп қалды екен?» деп дегбірсізденіп мен тұрмын. Әлден уақыт өткенде, аппақ қыздың өзі ғана шығып келеді. Тымпыңдаған аяғына тас байлап алғандай ілбіп басып, әрең қасыма келді де, басын төмен салып, үндемей тұрып қалды. «Орынкеш келе ме?» десем: «Жоқ. Енді келмесін, маған көрінбесін деді» деген сөзін әрең үзіп-үзіп айтты. Мынадай сөзді естіген мен еріксіз жылап жібердім. Сол үшін Алматыдағы оқуымды тастап келгенде, көрінбесін дегені несі деп жабырқадым. Жылап тұрып, қасымдағы қызға қарасам, ол да жылап тұр. «Сен неге жылайсың?» десем: «Саған жаным ашып кетті» дейді. «Саған жаным ашып кетті» деген сөзі жүрегімді дір-р еткізді. Мынау нағыз тазалықтың, адамгершіліктің белгісі ғой деген ой келді... 

Халима Өзақанова:

1936 жылы Семейде №11-мектеп ашылып, қазақша білім алуға көштім, 6 класқа бардым. Класымызға Жарма ауданының, Ақбұзау ауылынан Орынкеш деген қыз келді. Әзілхан деген дос жігіті бар екен. Екеуі бір ауылдан. Әзілхан жеті жылдық мектеп бітіріпті. Педучилищеде оқиды. Орынкешке қырындап келіп тұратын. Бірде: 

Халима, Орынкешті шақырып берші, – деп өтінді. 

Орынкеш, сенің жігітің іздеп келіп тұр десем, шықпайды. Қалаға келген соң, көңілі өзгелерге ауған ба, әйтеуір құлықсыз. Әзілхан да келуін кілт тоқтатты.

"Жастық шақта жарасады жас құшақ"

Әзілхан Нұршайықов:

Міне, сол қызбен Семейдің облыстық кітапханасында жиі ұшырасып қап жүрдік. Әр кездескен сайын Орынкешті сұраймын. Ара-тұра Орынкешке арнаған өлеңдерімді беріп жіберемін. Ертеңіне: «Жауап жазды ма?» деймін. «Жоқ», — дейді ол. Үш жылдың ішінде Орынкешке 100 хат жазыппын. Осылайша ортамыздағы хат тасушы, дәнекер, өте адал қызбен достасып кетіп, Халимаға ғашық болдым. Бірақ, оған ғашық екенімді білдіргенім жоқ. Өте тату, дос болып жүрдік. Бер жағым – дос, ар жағым – ғашық. Ол менің түпкі ойымды сезе ме, сезбей ме, білмеймін. Тіс жарып айтпайды. Бірақ, маған деген достық қамқорлығында қапы жоқ болатын. Ылғи жанашырлық жасап жүретін. Өзара достық хаттар да жазысатынбыз.  

Халима Өзақанова:

Мен кітапқұмар едім. Сол кезде Гоголь атындағы қалалық кітапханада кешкі 10-ға дейін сарыла кітап оқимын. Әзілхан да кітапсүйер жігіт екен. Екеумізді Семей кітапханасы табыстырды. Күнде кешкілік шығарып салады. Алғаш бозбала Әзілханның қолының ыстық табын, жүрек жылуын тұла бойыммен сезінген сәтте, қып-қызыл болып, ұялып төмен қарадым. Қолымды тартып ала қойдым...

"Қол ұстасып бақыт жырын шертеміз дедік"

Міне, осылай табысқан достық ұлы сезімге айналады. Бір-бірін шын сүйген екі жүректің әңгімесін ары қарай тағы да өз сұхбаттарынан үзінді келтіре отырып бергеніміз жөн шығар.

"Балапандарым менің..."

Әзілхан Нұршайықов:

Ата-анасы 32 жылғы аштықта өлген екен. Отбасындағы 7 баладан жалғыз өзі ғана аман қалғандығын және басынан кешкен азапты күндерін әңгімелегенде, менің де жүрегім қосыла жылап: «Орынкеш жақсы көрген қызым болса да, хат жазба депті. Енді мен сені жақсы көрем. Екеуміз өскеннен кейін қосылайық. Жарай ма?» — деген ұсынысыма: «Біраз ойланайын» деді. Арада біраз уақыт өткенде ол: «Сенің көңілің адал, мен сені жақсы көрем. Бірақ, қоятын шартым бар. Орынкеш саған тұрмысқа шықпай, өзгеге шығып кетсе ғана қосылам. Егер Орынкеш сені сүйетін болса, онда араларыңа кедергі болмаймын. Бұл — бірінші шартым. Екінші шартым — оқуымызды бітірейік, институтты аяқтайық. Тағы бір шартым — сүйіспейміз, сүйкеніспейміз, ешкімге берілмейміз, ешкімге бермейміз, ешкімнен ештеңе алмаймыз», — деді. Біз осылай уәделестік…

Осылай үш жылды оқумен өткіздік. Одан кейін төрт жыл соғыс болды. Екеуміз де әскерде жүрдік. Үзбей хат жазысып тұрдық. Енді ғашықтық жайы ашық айтылды. Ол да сезеді екен. Амандық болса, соғыс біткеннен кейін қосыламыз деп уәделестік. 

Халима Өзақанова:

Соғыс басталысымен, Әзілхан майданға аттанды. 1942 жылы мен де соғысқа сұрандым. Балалар үйлерінің барлық қыздары Ұлы Отанымызды қорғауға аттандық. Радист мамандығын игердім. Чита облысында, Борзая стансасында талай әскери тапсырмалар орындадым. Кейіннен денсаулығым ауырлады да, әскери цензураға жіберілдім. 

Әзілхан үш жолдасымен бірге Мәскеуге делегат боп кепті. Әңгімелесіп отырмыз. Содан соң, үстел астынан қол ұстастық. Бір жағы жігіттерден ұялдым, бірақӘзілхан қолыма снаряд жарықшығы тиді деп еді, жарасы жазылды ма деп еді, жарасы жазылды ма деп қарап отырғаным ғой, – деп ақталдым. 

"Шашымызға ақ қонса да, жүрек жас"

Соғыс аяқталған соң, қосылуға уәделескен қос ғашықтың басына тағы да қиын кезең тап болады. Соғыс біткен күні Халима ауруханаға түседі. Төрт жылдың соғыс азабы аз болғанда, енді әскери госпитальда бір жарым жыл жатады. Ал ол кезде Әзілхан өз романында айтқандай, әскерден келіп, университетте оқып жүреді. Бірақ, арадағы ғашықтық хаттар бір сәт те толастамаған екен. Ақыры ауруының айықпасын білген ізгі ниетті Халима өз ғашығын азапқа қалдырғысы келмегендіктен: «Менің ауруым жазылатын емес. Бәлкім, ауруханада өлетін шығармын. Енді сен де өзіңе лайық қыз ізде. Қазақта жақсы қыздар көп қой. Біріне жіп тақ. Ал мен тірі қалсам, сені өмір бойы ұмытпаймын, өле-өлгенше тілектесің боламын» деп хат та жазады. Міне, екі ғашық өміріне роман кейіпкері болған Меңтай – шын өмірдегі Нұрғалима ару сол сәтте кездескен екен. Алайда шын мәнісінде Меңтайдың ол тұста өз сүйгені болған және Әзілханның махаббат талабын тойтарған.

"Сен жанымда жүрсең, сен жадырап күлсең..."

Әзілхан Нұршайықов:

- Нұрғалима «Мен сіздің тілегіңізді қабыл алар едім. Бірақ уәде берген жігітім бар» деді. «Қызыл көрпе» өлеңі осы Меңтайға арналған болатын. 

Қайтадан Халимаға хат жаздым. «Жақсы қыздар маған қарайтын емес. Өзіңе қосылып, бір жыл, бір ай, тіпті бір күн өмір сүрсем де, өзімді бақыттымын деп санаймын», – дедім. 

Халимадай қыз таппайтыныма көзім жетті. Енді оның тез жазылып шығуын одан сайын тіледім. Асыға күттім. Бір жарым жылдан кейін ол емделіп, ауруханадан шықты. Екеуміз қосылып, 54 жыл бірге бақытты өмір сүрдік. Халима екеуміздің бір-бірімізді тапқанымызға Орынкеш себеп болды. Егер ол болмаса, біз бір-бірімізді білмес едік. Орынкеш екеуміздің арамыздағы бала махаббат Халима екеуміздің мәңгілік махаббатымызға жол ашты. Мен жан жарым қайтыс болғаннан кейін, оған арнап «Халима. Мәңгілік махаббат жыры» деген деректі шығарма жаздым.

Немерелерімен бірге

Халима Өзақанова:

1945 жылы Әзілхан соғыстан аман-есен оралып, Қазақ университетіне оқуға түсті. Мен Қазақ педагогикалық институтында оқығам. Соғыстан кейін «Әуелі Әзілхан оқысын, мамандық алсын» деген оймен, өзара келісіммен Суықбұлақ аулына аттандым, мектепте орыс тілінен сабақ бердім. Әзілханның сүйгені де, жанашыры да – өзім, сондықтан ақша салып тұрдым. 

1947 жылы Әзілхан академиялық демалыс алып, Семейге келді. «Екпінді» газетіне орналасты. 11 жыл бойы бір-біріне ынтыққан қос жүрек өмір-бақи бірге болуды армандап, Ақбұзауға келдік... «Мынау, жеті жыл бойы қаңырап тұрған үй – әкемнің шаңырағы. Осы үйге келін боп түсесің», – деді Әзілхан. 

"Ертелі де, кеш те, тұрасың сен есте"

Халима Өзақанова:

Әзілханның барлық шығармалары менің қолымнан өтті. Қолжазбаларын оқыдым, машинкаға бастым. Магнитофон таспасына түсіріп алғандарым бар. Архивтерге бірге бардым. Талай дәптерлерге құнды жазбалар көшірдім. 1979 жылы Брестке бардық, Әзілхан 4 дәптер, мен 4 дәптер деректер жинадық. 

Жазушының жаны нәзік, сондықтан жүрек сырқатына ұшырау ақын-жазушылар арасында жиі кездеседі. Әзілханның жүрек қабы алты рет жарылды, 40 түн күзеткен, көз ілместен таң атырған кездерім болды. Әсіресе, 1994 жылы жөргектегі сәбиімдей күттім. 40 күн шыдаған басым, 41-күні талықсып, ұйықтап кетіппін. Әзілхан «дүрс» еткен дыбыстан шошып ояныпты, қараса, мен ұйқыға басыппын. Осылайша жан жарымның қуат-күші сарқылса, сырқаты меңдесе, жүрегіне жігер қостым, дертіне дауа болуға тырыстым. Азаматтың өмір-бақи атпал күш иесі болып, қасқайып, қара нарша жүре беруі мүмкін емес, сондықтан тарықса – шыда, торықса – сүйеніш, тірек бол, ауырса – маңдайынан сипа деймін қыздарыма, келіндеріме.

"Қайда сол көктем?.."

Міне, ғұмыр бойы берекесін бұзбай, ынтымағы жарасқан қос ғашықтың махаббаты кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық әдемі роман болып, кітап болып жатталып жатыр. Күні кешеге дейін өзінің Халимаға деген ыстық махаббатын суытпаған әйгілі жазушының жүрегі 2011 жылы 12 ақпан күні мәңгілікке тоқтады. Артында ұрпаққа мәңгілік мұра болып көптеген шығармалары және «Махаббат, қызық мол жылдар» романы қалды.

(Мақала Әзілхан Нұршайықов пен Халима Өзақанованың көзі тірісінде әр басылымға берген сұхбаттарынан іріктеліп жазылды).

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: nurshaihov.kz

12534 9
Рейтинг: +5

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 08 сәуір 2013, 20:43
Пікірлер
+0
08 сәуір 2013, 19:28

Достықтан басталып, махаббатқа ұласқан... :roll: "Махаббат, қызық мол жылдар" нағыз шедевр дүние ғой...

+0
08 сәуір 2013, 19:30

Ғажап! Мәңгілік махаббат деп осыны айт! Көзіме жас алып отырып оқып шықтым) Барлықтарыңызға өз Әзілхандарыңыз бен өз Халималарыңызды тауып алуларыңызға тілектеспін!

+0
08 сәуір 2013, 20:12

Халима апайдың шарты қатаң болған екен.Әзілхан ағамда сөзінде тұрды МАХАББАТТАРЫНДА сөз жоқ !

+0
08 сәуір 2013, 23:37

осы мақаланы дайындаған Сізге көөөп рахмет! Әзілхан ағамыздай нағыз жігіттер көп болсын!

+0
09 сәуір 2013, 01:35

Әзекеннің "әскери күнделік" деп аталатын 500 беттік кітабын қақаған қыста кітапханаға барып оқитынмын күнде. Ондада осы Орынкеш Халима апаларымыз жайлы көп деректер бар. Әзекен шынымен 100 рет хат жазған жәнеде әр жазған хатын Өлен шумақтарымен жазған. Сонғы 100 ші жазған хатын 100 ші рет жазған хатым деп атап жазған екен. Орынкеш пен Халима апаларымыздың жас кезінде түскен фото суреттері бар екен. Екеуі де әп-әдемі сұлу болыпты. қазақ қыздары ғо дегенмен ) Әзекен соғыста артелерист болыпты. жарайды ол басқа әңгіме)))

+0
09 сәуір 2013, 11:06

Неткен махаббат хикаясы! бәрімізде осылай болсыншы)

+0
09 сәуір 2013, 13:21

Махаббат қызық мол жылдарға ешқандай кітап жетпейді ғой

+0
10 сәуір 2013, 11:15

Әз атаның көзін көріп, есті әңгімесін естігенім үшін өзімді бақытты адам қатарына қосамын. Бар өнегелі өмірін айтып берген еді.

+0
10 сәуір 2013, 17:03

сүйіспеншілік қашанда шынайылықтың құлы... тамаша жазба екен!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...