15 сәуір – Ғашықтар күнінде қызға қолдан сыйлық жасаңыз

15 сәуір – Ғашықтар күнінде қызға қолдан сыйлық жасаңыз

15 сәуір – Ғашықтар мерекесіне орай, сүйікті қызыңызға қолдан сыйлық жасап, таң қалдырыңыз. Мұндай сыйлықтар әдетте ұзақ уақытқа есте қалады. Мұндай сыйлық алған қыз міндетті түрде оны жақындарына көрсетіп, осы күнді ұмытпайтын болады. Біз сіздерге осындай сыйлықтардың бірнеше нұсқасын көрсетіп жіберейік:

Шоколад орамасы

Барлық қыздар тәттіге құмар. Орамасында оның суреті салынған шоколад неге сыйламасқа? Ол үшін плитканы онымен түскен суретіңіз бен әдемі жазулар жазылған жаңа орамаға орай салу қажет. Шоколадты оның атымен атап қойсаңыз, тіпті керемет болады.

Ол үшін не қажет:

  1. компьютер, принтер
  2. түрлі-түсті қағаз
  3. қайшы
  4. желім.

Іске көшейік:

  1. Сатып алынған шоколадтың сыртқы орамасын алып тастаймыз. Түрлі-түсті қағазға салып, шет-шетін белгілейміз.
  2. Алынған параметрлер бойынша компьютерде фотошоп бағдарламасы арқылы шоколад орамасын сызып аламыз. Оған алдын ала таңдап алынған суретті салып, сөздерді жазамыз.
  3. Суретті түрлі-түсті қағазда принтер арқылы шығарамыз.
  4. Шоколад плиткасын орап қоямыз.

Сыйлығымыз дайын.

Консерв құтысынан шам


Пайдаланылған қарапайым консерв құтысынан қалай шам жасауға болатынын қарастырып көрейік.

Ол үшін не қажет:

  1. бос консерв құтылары — 2 дана
  2. шамдар
  3. спрей-бояу
  4. бұрғы (дрель)
  5. қаламсап
  6. қағаз
  7. скотч

Босатылған консерв құтылары таза әрі құрғақ болуы қажет. Олардың түр-пішіндері бірдей болуы шарт емес.

1-қадам.

Бояғыш спрей арқылы құтылардың сыртын бояймыз. Қандай түс болатыны өз талғамыңызға байланысты. Кептіреміз.

2-қадам.

Суретті өзіңіз салыңыз немесе принтерден шығарып алыңыз. Көп тесік жасағандықтан, құты майысып қалмау үшін барынша қарапайым суретті таңдауға тырысыңыз.

3-қадам.

Сурет салынған қағазды құтыға скотчпен жабыстырып, сұлбасы арқылы бұрғымен тесіп шығыңыз. Ол үшін жіңішке бұрғы пайдаланғаныңыз жөн. Кейін скотчты алып тастап, ақырындап қағазды алыңыз.

4-қадам.

Енді сатып алынған шамдарыңызды ішіне салып, сыйға тарту ғана қалды. Кешке сыйласаңыз, тіптен жақсы. Бірден тәжірибе жүзінде көрсете аласыз.

Мұз ішіндегі гүл

Мұз ішінде гүл қызға ұнамай қоймасы анық. Ол үшін сізге пластмасс құты және сондай ұзындықтағы гүл керек. Құты неғұрлым үлкен болған сайын, композициямыз да әдемі шықпақ. Біз раушан гүлін таңдадық.

1. Стақанға толтырып су құйып, гүлді саламыз. Су оны толығымен жауып тұруы керек.

2. Стақанды мұздатқышқа салып, судың мұзға айналғанын күтеміз. Қатқан уақытта, стақаннан шығарамыз.

Әлбетте, мұндай сыйлықпен кездесуге бара алмайсыз. Бірақ үйде осындай сый тартып, кешкі ас ұйымдастыруға болады. Сүйіктіңіз мұндай күтпеген оригиналды сыйлыққа таң қалатыны сөзсіз.

Жігітке қолдан сыйлық жасау туралы мына жерде айтқан едік. 

Суреттер: lulusvadba.ru, blog4sad.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina