Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2013 / 15 сәуір. Махаббат торты

15 сәуір. Махаббат торты

15 сәуір. Махаббат торты

15 сәуір - Ғашықтар күніне арнап сүйіктіңізге романтикалық тарту ретінде мынандай "Махаббат тортын" жасап көріңіз. Еңбегіңіз бен ниетіңіз сөзсіз бағаланады.

Қамырдың құрамы:

  • 4 жұмыртқа;
  • 100г қант;
  • 60г ұн;
  • 20г крахмал;
  • 30г какао ұнтағы;
  • 30г сары май;
  • қызыл бояғыш.
Жұмыртқаның сарысы мен ағын бөлеміз.
Жұмыртқаның сары уызын қанттың жартысымен (50г) миксермен араластырамыз.
Ақуызды көбіктенгенше миксермен араластырып, қалған қантты қоса отырып, тағы да араластырамыз. Көбіктенген ақуыз бен сарыуызды қосамыз.
Ұн, крахмал мен какао ұнтағын араластырамыз. 
Қызыл бояуышты суда ерітіп, майды жібітеміз.
Дайын болған қоспаны құйып араластырамыз. 
Бояғыш пен еріген майды да осында құйып, жақсылап араластырамыз.
Жүрек пішінді табаны майлап, кішкене ұн себеміз (қамыр жабысып қалмау үшін).
Қамырды  құйып пісіру пешіне саламыз.
Орташа отта 25 минут пісіріңіз. 
Піскенін ағаш таяқшамен тексеріңіз. 5 минутқа пішінде қалдырыңыз.
Пішіннен шығарып, бірнеше сағатқа қалдырып қойыңыз. Осылайша қамыры қатайып, басылады.
Бәлішті ортасынан пышақ пен жіптің көмегімен екіге бөліңіз.

Крем мен әшекелеуге:

  • 300мл қаймақ;
  • 2 ас қасық қант;
  • 100г ақ шоколад.
Қаймақ пен қантты миксермен араластырыңыз.
Торттың бірінші қабатына крем жағыңыз. Қаласаңыз, ортасына жемістер салуға болады.
Екінші бәлішпен жабыңыз. Үстінен тағы крем құйып, ақ шоколадпен әдемілеңіз.
Торт дайын! Астарыңыз дәмді, махаббатыңыз баянды болсын! 15 сәуір - Ғашықтар күні құтты болсын! 

Дайындаған: Сания Аринова

10121 10
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 09 сәуір 2013, 15:27
Пікірлер
+0
09 сәуір 2013, 15:59

ай аузымнан су ағып кетті ғой, торт жегім кеп кетті

+0
09 сәуір 2013, 23:47

мм бізге қайда Сәния::??

+0
09 сәуір 2013, 16:06

мен жасадым өте дамді болды рахмет сания!

+0
09 сәуір 2013, 17:21

ас болсын)сүйіктіңізге сыйлаңыз)

+0
09 сәуір 2013, 17:43

өзініз жасап өзініз жеп алдынызба :lol: :lol: жігітінізге бермейсізбе? )))))))))

+0
10 сәуір 2013, 12:36

күлкілі екен)))) :D :D

+0
09 сәуір 2013, 16:31

дамдии, тек енди адемі лебізбен ғашығыңызға ұсыну керек! :D

+0
12 сәуір 2013, 20:46

Уау, уау, уау! Ням-ням :D Қызыл бояғыш не үшін айтпақшы? Оны кремге қосып, қызыл жүрек етуге де болаДкен ;)

+0
15 сәуір 2013, 14:43

көбірек қосса, бәліш қызыл болады. өзім көп қосуға қорықтым))иә кремін қызыл етсе болады сонымен, ақ пен қоңыр контраст болсын деп ақ крем жасадым.

+0
15 сәуір 2013, 15:21

туу, жасау керек болды ғой "ғашығыма"

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...