Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2013 / 15 сәуір. Жігітке сөз айтудың амалдары

15 сәуір. Жігітке сөз айтудың амалдары

15 сәуір. Жігітке сөз айтудың амалдары

Алдыңғы мақалада қыздың жігітке сөз айтуы дұрыс па, жалпы түрлі ситуациялық амалдарды қарастырып, керек кезде айтқан дұрыс деп шешкен болатынбыз. Ал енді, сол сезімді қалай жеткізген дұрыс? Соны талқылап көрейік. Жалпы сөз салуда арнайы бір қағида жоқ. Ең бастысы мұнда – сөзіңіз бен мен ғашық жанарыңыздың шынайылығы. Әлбетте, мұндай сәтке аса дайындық қажет, әйтпегенде қобалжып, дірілдеп, аузыңа сөз түспей, тіпті жылап қалуыңыз да ғажап емес. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін бәрін ойластырып алған жөн. Және өзіңізге ыңғайлы әдісті қолданыңыз.

Әрине, ең оңайы - жігітке сол көкейкесті үш сөзді жай ғана айта салу. Бірақ қыздардың табиғаты сол, романтикалық жолды таңдауға әуес. Бұл сәттің естен кетпес, оригиналды болуы үшін біраз еңбектену керек. Осыған байланысты бірнеше кеңес:

  • Бірінші кеңес. Әдемі ашық хат алып, ішіне жігітке айтқыңыз келетін бар сезіміңізді жазыңыз. Бұны міндетті түрде лирикалық ырғақпен жеткізген дұрыс. Егер қолыңыздан келмей жатса, ақынжанды достарыңыздың көмегіне жүгініңіз. Бірақ сүйіктіңіздің аты мен өз атыңызды жазуды ұмытпаңыз.
  • Екінші кеңес. Бұл әдіс біріншіге қарағанда турашыл емес, бірақ іске асуы керек. Махаббат әндері жазылған диск сатып алыңыз, не өзіңіз жазыңыз да, жігітке: «Осы әндерді саған арнаймын» деген сөздермен сыйлаңыз.
  • Үшінші кеңес. Поэзия мен лирикалық әуендерді суқаны сүймейтін жігіттер де болады. Мұндай кезде жігітті кешкі асқа шақырып, қазақша «ұйқыашар» сыйлаңыз. Яғни, өз қолыңыздан торт жасап, бетіне «Мен сені сүйемін» деп жазыңыз. Торт жасау қолыңыздан келмей бара жатса, тіпті жұмыртқа қуырып, кетчуппен жазсаңыз да болады. Жігіт түсінер деп сенеміз.
  • Төртінші кеңес. Бұл әдісті жүріп жүрген сүйіктіңізге қолданған жөн. Өйткені жанасуды талап етеді. Жігітіңіздің арқасына, қолына, алақанына, бетіне саусағыңызбен сол ғажайып үш сөзді жазыңыз. Бірақ жігітке алдын ала ескертіп қойыңыз. Сонша қалың бет болмаса, не айтқыңыз келгенін түсінер.
  • Бесінші кеңес. Бүгінде сүйген адамыңа ән жолдауға мүмкіндік беретін радиостанциялар көп. Жігітіңіз жиі тыңдайтын радиоға хабарласып, ди-джейге сіздің сөздеріңізді жеткізуіңізді, тапсырыспен ән қойып беруін сұраңыз.

Әрине, ең үздік әдісті бізге ешкім ұсына алмайды. Өйткені, әр адамның талғамы, болмысы, жеткізу әдісі әртүрлі. Ең бастысы бәрі шынайы, әдемі өткені жөн. Сол себепті қолайлы сәт таңдап, өзіңізді реттеп, ештеңеден қорықпау керек. Неге қорқасыз? Сезіміңіз жауапсыз болған жағдайда да тәжірибе жинақтайсыз. Ал жағымды жауап айтса, бақытты боласыз. Демек, қорқуға еш елеулі себеп жоқ.

Әлбетте, жігітке сөз айту деген оңай шаруа емес, қобалжу деген қалыпты. Тіпті мұны жасырып та қажеті жоқ. Өйткені бұл табиғи құбылыс және қыздың шынайылығын білдіреді. Ал екі бетіңіз қызып кетсе де, ұялмаңыз, бұл тек сізді көркейтіп тұрады. Мұндай кездесуге атмосфераға сәйкес киініп барған жөн – салтанатты, романтикалық, тартымды. Кездесуден кейін келіп, болған оқиғаны жақсылап саралау үшін бәрін кешкі уақытта ұйымдастырған дұрыс. Сөз айтып жатып, аспанға, не жерге қарап басты салбыратып тұрмаған жөн. Ең дұрысы жігіттің көзіне тіке қарап, оның бет-әлпетін бақылау. Бәлкім, басында бұл сөздеріңізден қайран қалар. Бұл қалыпты жағдай. Оған қыздар күнде келіп, сөз айтып жатпаған болар?! Ештеңе етпейді, біраз уақыттан кейін жігіт есін жиып, сөйлеу қабілеті іске қосылып, сіз күткен «Мен де сені сүйемінді» айтар. Және бұл сіздің батылдығыңызға үздік сый болмақ!

Суреттер: facebook.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

7248 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 15 сәуір 2013, 08:44
Пікірлер
+0
15 сәуір 2013, 09:30

ой, бүгін мерекеде біраз сырлар ашылайын деп тұр ғой) махаббаттарыңыз берік болсын!)

+0
15 сәуір 2013, 10:34

Сонша қалың бет болмаса... )))

+0
15 сәуір 2013, 11:11

ода тұрған не бар? ))) біз жаңа заманда өмір сүреміз ғо

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...