Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2013 / 15 сәуір. Қыздың жігітке сөз айтуы дұрыс па?

15 сәуір. Қыздың жігітке сөз айтуы дұрыс па?

15 сәуір. Қыздың жігітке сөз айтуы дұрыс па?

Ғашық болу қыз атаулыға да тән сезім. Тамылжыған күндердің бірінде жүрегіңді жаулап алатын сері жігіт пайда болады. Ол бәрінен сымбатты, ең ақылды, ең білімді, ең мықты, ең... ең... Алайда, сол қалаулымыз бізге сөз айтуға асықпайды. Әлбетте, мұның жауабын іздеп сергелдеңге түсесің. Бәлкім, жағдайды өз қолыңа алу керек шығар? Өз намысыңды таптатпай, ыңғайсыз болмайтындай, ақымақ боп көрінбейтіндей, сүйетініңді жігітке қалай жеткізуге болады? Жалпы, қыздың бірінші сөз айтқаны дұрыс па? Өйткені, дәстүр бойынша, ең алғаш қызға жігіт сөз салу керек емес пе еді?

Жалпы қыз жігітке сезімін білдіруі керек пе, бұл сұраққа жауап беру үшін жігіттің қылығына назар аударған дұрыс. Жігіттің кездесулерде үндемей қайтуына мынадай себептер болуы мүмкін:

  • Табиғатынан өте ұялшақ, жасқаншақ жігіттер болады. Оларға осы көп күттірген «Мен сені сүйемінді» айту – жауға қарсы шығумен пара-пар;
  • Жас жігіт құрбысына сөз айтамын деп, оны алыстатып аламын деп қорқады;
  • Бетім қайтып қала ма деп сезімін айтпайды;
  • Жігіт сөзден бұрын, іске көп назар аударып, іспен дәлелдегісі келеді;
  • Қыздың ұнатып қалғаны жайлы ишарасын күтіп жүрген болуы мүмкін;
  • Жас жігіт сөз салуға дайын емес;
  • Сүйетін, сүймейтініне сенімді емес;
  • Сөз айтпайды, өйткені расында ол қызды жақсы көрмейді.

Ал енді осы пиғылдарын саралай келе, қыздың сөз айту-айтпау керектігін сараптап көрейік:

  1. Бірінші нұсқа. Егер жігіт табиғатынан ұяң болса, жақын арада одан «Мен сені сүйемінді» естуіңіз екіталай. Сондықтан оны осыған итермелеп жіберу керек. Мұндай жігіттер ғашығымен жылдап кездесіп жүрсе де, осы үш сөзді айтуға батылы жетпеуі мүмкін. Сол себепті өзіңіз бірінші сезім білдірсеңіз, әбден болады. Бұл пиғылыңыз тіпті оны қанаттандырып жіберуі де мүмкін.
  2. Екінші нұсқа. Бұл тұста жігітіңіздің сізге деген көңілі үлбіреп тұрса, немесе өзіне сенімсіздіктен сүйетінін айтуға қорқуы мүмкін. Мұны естіп, қашып кетсеңіз не болмақ деп бас қатырып жүрген болса, сезіміңізді жеткізіңіз. Осы кезде сіз тек оған жәрдемші бола кетесіз.
  3. Үшінші нұсқа. Бір кездері сүйгенінен «Жоқ» дегенді естіген ол тағы сондай күйді кешемін деп қорқуы мүмкін. «Аузы күйген үрлеп ішер» деген, егер сүйіктіңізден осындай пиғыл байқасаңыз, сөз салып, өзіңіз қадам жасаңыз.
  4. Төртінші нұсқа. Жас жігіт махаббатының куәсі ретінде оның сөздері емес, істері дәлел дегенге сенеді. Молынша қамқорлық көрсетіп, сый тартып, жанында жүрсем, сол жеткілікті деп ойлайды. Ал қыздарға сол ғажайып үш сөзді есту маңызды. Сондықтан өз сезіміңді жеткізіп, оның жауабын білуге болады.
  5. Бесінші нұсқа. Қыздың ишарасын күтіп жүрген болса, қадам жасаудан қорықпаңыз. Бірақ кейін ол еш ымсыз-ақ өзі сезім білдіретіндей болсын.
  6. Алтыншы нұсқа. Жігіт сөз айтуға дайын емес болғаны, яғни қалай дұрыс істеудің амалын білмеуі мүмкін. Өзіңіз сөз айтыңыз. Бірақ ол бұл жаңалыққа не дерін білмей қалатын нюансты естен шығармаңыз. Сондықтан жауабы да түсініксіз болуы мүмкін. Ештеңе етпейді. Уақыт беріңіз. Өз-өзіне келсін.
  7. Жетінші нұсқа. Егер жігіт сүйетін, не сүймейтініне сенімсіз болса, «Мен сені сүйемін» деудің еш сөлекеттігі жоқ. Бірақ мұндай жағдайда жауап беруге асықтыруға болмайды. Және ол өз сезімін түсініп алу үшін, біраз уақыт бергеніңіз де дұрыс.
  8. Сегізінші нұсқа. Егер сүйген жігітіңіз сезім жайлы айтудан қашқақтап, жалпы сізді сүймейтіні анық болса, бәрібір сезіміңізді жеткізіңіз. Әрине, жауап сізді қанағаттандырмайды, бірақ бұл бәрін орын-орнына қойып береді. Сезіміңіздің жауапсыз екеніне көндігесіз. Және біраз саябырсып қаласыз. Бұл бүгінгі мұң ғой. Ертең бәрі өзгеруі мүмкін. Сіздің сөзіңіз жігітті ойландырып, сізге басқаша көзбен қарауға септігін тигізеді. Ал бұның немен аяқталары әлі белгісіз емес пе?

Сонымен, осы нұсқалардың бәрін талқылай келе, өз сезіміңді бірінші жеткізуге болатынын білдік, кейбір жағдайларда тіпті керек те екен. Ал енді оған әсер ете алатындай сөз салуды қалай ұйымдастырған жөн? Ол туралы келесі материалда.

Суреттер: facebook.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

3991 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 10 сәуір 2013, 18:32
Пікірлер
+0
10 сәуір 2013, 15:51

Алғашқыдағы 8 себепті қыздың білгені дұрыс шығар,қызда іштей уайымдамас үшін.Бірақ сөз айтуына қарсымын.Бұл сезім екеуара өздеріңде шешілгені дұрыс.Бүйте берсендер бір күні "жігітті айттырып келетін"түрлеріңіз бар. :) :) :)

+0
10 сәуір 2013, 16:11

Батылдықты қажет етеді, көп жігіттер түсінбеуі мүмкін

+0
10 сәуір 2013, 16:16

Жігіттер қиындықпен келетін махаббатты аңсайды деп ойлайтын едім, бірақ бүгінде көп жігіттер "Қыз көп" деген қағидамен жүретін сияқты, біреуі келіспесе, екіншісіне барып сөз айтады дегендей. :roll:

+0
10 сәуір 2013, 16:33

жуырда "қыздар көтерілісі" атты дауыл тұрайын деп тұр)

+0
10 сәуір 2013, 16:38

ал менің еш қарсылығым жоқ, еш жерде қыз жігітке сезім білдірмеу керек деген заң немесе қағида жоқ, және өзіңнің сезімің үшін күрескеннің еш айыбы жоқ, өзімнің басымнан өтпепті, бірақ осындай "батыл" қыздарды өте құрметтеймін!

+0
10 сәуір 2013, 17:09

егер ішкі ойын жеткізе алмайтын жігіт өмірден не көрген жігіт деп бағалайсыз? ұяң, ұялшақ жігітке қандай қыз ғашық болар екен білмедім, негізі қазір ұялып жүрген Жігітте Қызда жоқ, қазіргі жастар өз ойын тіке айта алатын болып өсіп келе жатыр, бірақ жігіт үндемесе қыз бірінші болып сөз айту деген Қазақтың салтына дәстүріне қарсы, біз орыс емеспіз, осылай қарсылығым жоқ қыз балада сөз айта берсін деген түсінікті жақсы қабылдап жатырсақ одан кейін қыз жігітті уйіне киеу етіп түсірсе қалай болады деген сұрақ пайда болуы ғажап емес, Қыз балдар табиғатында жігіт сиақты өз сезімін әдемі етіп жеткізе алмайды, жеткізседе жігітке ыңғайсыз жағыдай тудырады, және сол сәттен бастап ол жігіттің алдында бағасы өзгеріп кетеді, Қыз бала өз абыройын сақтап, сезімін тек көзбен ғана жеткізе білсе сөз айтудан мың есе артық сезімін жеткізе алады, көп жігіттер қыздың өзі сөз айтқанын қаламайды, егер сөз айтса өзі сынып тұрғой деген пендешілік әрекеттерге барып қояды, ал Мәдениетті жігіт болса онда өзі ақ айтады қандай ойы бар екенін

+0
10 сәуір 2013, 18:18

меніңше қыз ғашық екенін тура "мен саған ғашықпын" демесе де қылығы арқылы жеткізсе ақылды жігіт әрі қарай өзі де түсіне қояды

+0
10 сәуір 2013, 20:14

Тап осы жағдайда іштегіні екі жақта ашық айту керек секілді. Бар болса сезімің, іштей бүгіп не керек? Ол сенің тағдырың болса, ешкім тартып ала алмайды, ал егер бұйырмаса, басыңды бекер ауыртудың пайдасы не?))

+0
10 сәуір 2013, 21:19

онсызда теріс тәрбиелерден құтыла алмай жатырмыз, тағыда еуропадан кірген гендерлік саясатты алға тартып отырған саясаттың бір жемісі осы тақырып, қыз сөз айта берсе несі айып деген, егер жігіт шын ұнатса ертелі кеш айтады, шыдамы таусылады үндемеуден, Ерке ханым дұрыс айтады қылығымен жеткізген өте дұрысырақ Қазақтың салтына, Қыз басымен жігітке сөз салуға намыстану керек Қазақтың әдемі ибалы қыздары, егер жігіт басқаны сүйген болса сөз айтсаңда қылық көрсетсеңде пайдасы болмайды

+0
10 сәуір 2013, 23:51

Менің ойымша, қыздар өздерінің сезімін айтпау керек, қанша жерден ғашық болып ,өліп жатсада! Қыз балада алдымен ар-намысын, абыройын ойлау қажет! Оны өзі айтпаса артынан жүгіріп , сені сүйем деу мен үшін ерсі қылық! Ол жігіттің көзқарасын өзгертіп жіберуі мүмкін. Өзің жақсы болсаң, олөзі-ақ айтады!

+0
11 сәуір 2013, 00:53

:) ондай іс қолымнан келмейді, маған жат қылық :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...