Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2012 / Мерекелік фильм. Махаббат бекеті

Мерекелік фильм. Махаббат бекеті

Мерекелік фильм. Махаббат бекеті

Ардақты оқырмандарымыздың патша көңілін қанағаттандыру мақсатында әдеттегідей мерекелік фильмдер циклын бастаймыз. 

Келе жатқан мерекені өткізу жайлы қазірден бастап ойлап жүрген боларсыздар. Әлбетте уақыт өткізудің миллион жолы бар. Бірақ біздің ұжым тиімді де пайдалы деп тапқан ұсыныстарын білдірмек. Әркім өз қалауы бойыша шешім қабылдары анық.

Олай болса, біз ұсынатын алғашқы фильм - "Махаббат бекеті".

Фильмнің түсіріліп, көрерменге жол тартқанына биыл 19 жыл толып отыр. Сірә, бұл туындыны көрмеген адам кемде-кем шығар деп ойлаймыз. 

Картина белгілі режисер Талғат Теменовтың жетекшілігімен түсірілген. Оқиға желісін қысқаша баяндар болсақ, былай. Оқушы Гүлназға оның екі сыныптасы Орал мен Жеңіс ғашық болып, сезімдерін білдіреді. Ақыры жас қыз өзінің жұбы болуға Оралды лайық деп танып, сонымен көңіл жарастырады. Дегенмен Женіс оңай берілмеуге бекінеді. Солайша екі жас өсек пен күндестік секілді қарсылықтарға тап болып, талай қиыншылықты бастан өткереді.

Арада біраз жылдар өтіп, уақыт сырғи береді. Тағдырдың айдауымен күндердің күнінде Орал мен Гүлназ екеуі ең алғаш кездескен бекетте қайта қауышады. Фильмнің ең түйінді, жүрекке әсер берер тұсы осы болса керек. Бәрін айт та, бірін айт. Ғашықтық атты ұлы сезімнің көрінісін бақылап, ол жолда бізге ұрынуы мүмкін түрлі проблемаларға назар салып, ой толғауға да жақсы себеп болары анық осы күннің.

Рөлдерді Баян Мұхитденова(Есентаева), Қуанышбек Әділов, Бөпеш Жандаев секілді актерлар сомдайды.

Филм жанры: Мелодрама

Фильм ұзақтығы: 75 минут

Фильм саундтрегі:

15 сәуір күні мерекелік фильмнен ләззат алыңыз!

Фильмді мына жерден көре аласыз: МАХАББАТ БЕКЕТІ

сурет: kinofilms.tv

15134 23
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 12 сәуір 2012, 13:40
Пікірлер
+0
12 сәуір 2012, 20:26

Баян Мұхитденова мен Баян Есентаева екеуі бір адам емес па???
:shock:

+0
12 сәуір 2012, 20:52

Бағым Мұхитденова деп жазғылары келген шығар)

+0
12 сәуір 2012, 20:29

МЕНІҢ ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕҢҢҢҢҢҢҢҢ СҮЙІКТІ КИНОМ ҒООООООООООООО )))))) ҚАНША РЕТ КӨРСЕМДЕ КӨРЕ БЕРЕМ ШЕ, КӨРГІМ КЕЛЕ БЕРЕДЫ :D :D :D

+0
12 сәуір 2012, 21:23

"Енемнің" деп ұғып қалғасың емес пе! ;)

+0
13 сәуір 2012, 07:19

"Ең" деген сөзді "Енемнің" деп түсіндіңіз ғой да :lol:

+0
13 сәуір 2012, 10:31

Син Мин Вион Маң Хун Чен Ким Ир Сен дер жолда қала ма :D

+0
13 сәуір 2012, 10:35

Жолда қалады )) Дәл қазір "Жау жүрек МЫҢ БАЛА" деген кинонің трейлерін көрдім, ол ваще ))) күшті екен )))

+0
13 сәуір 2012, 10:41

Бірге корсек болар еді...

+0
13 сәуір 2012, 00:57

Неге Баян Мұхитденова?

+0
13 сәуір 2012, 01:07

ұмытпасам, Есентаеваның бұрынғы тегі Мұхитденова болған

+0
13 сәуір 2012, 01:15

ееее! Мен әпкесі Бағым Мұхитденова күйеуінің тегінде еке десем... :shock:

+0
13 сәуір 2012, 01:15

Кина ұнайды, бірақ тым қараңғы көрсетіледі.

+0
13 сәуір 2012, 01:33

бұрынғы кинолардың барлығы черно-белый болған ғой

+0
13 сәуір 2012, 09:44

Жақсы кинә, ұнайт маған

+0
13 сәуір 2012, 09:47

Талғат Теменовтың "Гүлнәз" атты кітабын оқуға кеңес беремін. Кино сол кітаптың негізінде түсірілгенмен, көп дүние кадрдан тыс қалған. Сондықтан, кітапты бір оқып алыңыздар

+0
17 наурыз 2013, 08:22

Салем Газиза Узак, бул китапты кайдан тапсам болады интернеттен, интернеттен табуга комектесининши...

+0
24 наурыз 2013, 21:35

Интернетте сол кітап жоқ-ау деймін. Себебі, бір шыққан соң, менің білуімше, ол кітап қайта басып шығарылмады.

+0
13 сәуір 2012, 10:04

кино деп осыны айт! Анау поездағы Гүлназдың қызы болып ойнайтын тәп-тәтті қыз өсіп қалған шығар да :?:

+0
13 сәуір 2012, 10:06

Иә, ол қыз бой жетті ғой. Оны режиссер аялдамадан тауып алыпты-мыс

+0
13 сәуір 2012, 10:24

ол кинода қыз шамамен 5-те болса, 19 жыл өтті, ой-бай :o біздің құрдас болуы мүмкін екен ғой))))))) :mrgreen:

+0
14 сәуір 2012, 18:20

Баянның әке-шешесі өнер адамдары, Оралда туып өскен. Бағым - Баянның сіңлісі. "Махаббат бекеті" біздегі романтикалық киноның бірегейі ғой.
Баянның тілі орысшалау болғанмен, қазақ өнеріне қосып отырған үлесі мол және ұнағаны - қызын қазақ мектебінде оқытуы. Сосын, Аша Матай екеуі бөле болып келетін сияқты.

+0
24 қаңтар 2013, 00:02

Музыкасы әдемі екен!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...