Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2012 / Махаббат әндері. Үздік ондық

Махаббат әндері. Үздік ондық

Махаббат әндері. Үздік ондық

Естеріңізде болса, «Қазақ тіліндегі ең үздік махаббат әндерін» анықтау жайлы бастамамыз іске асып, Массагет ауылының тұрғындары белсене ат салысқан болатын. Әрқайсысы үздік деп тапқан махаббат әндерінің атын атап, ең көп аталған ән үздіктер қатарына кірді. 50-ге жуық қолданушы пікірін білдіріп, 210-ға жуық әндердің аты аталды. Солардың ішінде ең көп аталған әндер:

Бірінші орын «МузАРТ» тобы мен «МелоМЭН-діктердің» біріге шырқаған «Келеді кездескім» әніне бұйырды.  Қолданушылардың үштен бірі осы әнді жақсы көреді екен.
Екінші орынды Ескендір Хасанғалиевтің «Гүлсезім» әні алды. Бұл әнді Маржан Арапбаева мен Еркін Мәуленнің орындауында да, Қарақат пен Қыдырәлі Болмановтың орындауында да тыңдармандар сүйіп тыңдайды.
Үшінші орын. «Жігіттер» квартетінің шырқағанына көп бола қоймаған «Кешір мені» әні көптеген тыңдармандардың көңілінен шыққан сияқты. Бұл ән де өзіне тиесілі орынға жайғасты.
Төртінші орын. «Орда» тобының «Белгісіз жан» әні ХХІ ғасырдың басындағы қазақ эстрадасындағы жаңалық десек те болады. Көптеген оқырмандарымыздың бозбала шағында сүйіп тыңдаған әнінің актуалдылығы әлі жоғалмапты.
Бесінші орын. Қазақ эстрадасының есігін «Арман» деген мұңлы әнмен ашқан Қайрат Нұртас осы қалпынан таймай, көптеген жүректі тербер хиттердің орындаушысы болып жүр. Біздің шеруде алғашқы хит әні бесінші орында.
Алтыншы орын. Қазақ тіліндегі ең үздік махаббат әндерінің шеруінде қалайша «МузАРТ-тың» аты аталмай қалады? Әндерінің көпшілігінде махаббатты жырласа да, тыңдармандар арасында «Күзгі бақтың» алар орны ерекше екен.
Жетінші орын. Ерекше қоңыр дауыспен талай қыз-қырқынның жүрегін жаулаған Мейрамбек Бесбаевсыз ән шеруі бола ма? Әсіресе шеру махаббат жайлы әндерге арналса? Әр әні үздік болуға лайық болғанымен, көпшілік «Сен үшін жаралғандаймын» әнін биік қояды екен.
Сегізінші орын.  Жастардың сүйіп тыңдайтын «МелоМЭН» тобының көптеген әндерінің аты аталды. Бірақ көптің қалауы «Бақыт құшағында» әніне түсті.
Тоғызыншы орын. Би алаңдарында жастардың қолтықтасып, баяу ырғаққа еліте билеткен әндердің бірі «Азия» триосының «Ғажайып күй» туындысы үздік ондықтың арасынан көрінді.
Оныншы орын. Махаббат деген ұлы сезімге уақыт та, заман да еш әсер етпесі анық. Осыдан жүз жыл бұрын жырланған махаббат сезімі осы күнгі ғашықтардың да сезімін дөп басуы мүмкін. Қашанда дәстүрлі өнерімізді биік қойған тыңдармандарымыз халық әні «Балқадишаны» ұлықтап, алдыға шығарыпты.

Кішігірім сауалнамамыз жастардың талғамын біраз болса да, айқындап бергендей. Адамзаттың жаны тірі болғанда, махаббат сезімі де бірге өмір сүрері хақ. Ғашық жүректер әрдайым жырға бөленіп, ана тілімізде бұдан да керемет туындылар шыға береді деп сенеміз.

22369 22
Рейтинг: +12

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 13 сәуір 2012, 00:00
Пікірлер
+0
13 сәуір 2012, 00:41

МелоМЕН тобы өте көп аталғаны есімде... :shock:

+0
13 сәуір 2012, 09:32

«Азия» триосының «Ғажайып күй» бірінші орынға қоюшы едім, қалғаны дұрыс-ақ)))))))))

+0
13 сәуір 2012, 09:35

Ухтыыыыыыыыы , толықтааайййй келісемін :D Әділетті болған сияқты :mrgreen:

+0
13 сәуір 2012, 09:52

Макс, Мейрамбектің әнін неге қоймағансың???

+0
13 сәуір 2012, 09:53

ой, ужі қойп қойпсыңғо)))

+0
13 сәуір 2012, 10:10

сауалнамаға қатыспасам да, тізіммен толықтай келісемін! Барлығы да ұнайды!

+0
13 сәуір 2012, 10:25

Кер-ре-мет! Жасасын, қазақ эстрадасы!

+0
13 сәуір 2012, 10:32

керемет!!! әсіресе "Ғажайып күй" әні!!! осы ән ротацияға шығып, бейнебаяны күнде көрсетілетін кезі ғой, менің жиенім 2-3жаста еді, күнде тыңдап жүрген әнін есіне сақтап қалған, бір күні қоғамдық көлікке міндік, осы ән басталып жатыр еді, жиенім : "О, Айым-ау" деп айқацлап жіберді.. :lol: Бүкіл көліктегі жолаушылар күлді ғой :lol: :lol: :lol: :lol: міне әннің құдіреті ;)

+0
13 сәуір 2012, 10:33

а тағы да айтарым, сол бейнебаяндағы қызға ғашық болған жиенім :mrgreen:

+0
13 сәуір 2012, 10:33

а тағы да айтарым, сол бейнебаяндағы қызға ғашық болған жиенім :mrgreen:

+0
13 сәуір 2012, 11:38

Маржан мен Еркіннің орындауындағы "Гүлсезім" әні ұнамады маған. Қыдырәлі мен Қарақаттың және Зивараның орындауындағы нұсқалары ұнайды. Ондықтағы қалған әндердің барлығы көңілімнен шықты. Әділ таңдау!!!!

+0
13 сәуір 2012, 11:59

"Бақыт құшағында" әнінің Медеу Арынбаевтың, Жанболат пен Жазираның орындауындағы нұсқалары жақсырақ екен. "Меломэннің" жігіттері жан-жақтан жамырап, біртүрлі айтады екен.

+0
13 сәуір 2012, 13:50

айтарға сөз жоқ керемет

+0
13 сәуір 2012, 17:06

"Сен үшін жаралғандаймын" әні мен үшін өте қымбат! Әнде мен үшін қимастықпен еске алатын көптеген естеліктер бар. Тіпті бір жыл бойы ұялы телефонымның қоңырауына қойып жүргенмін. "Гүлсезім" әні де қатты ұнайды!

+0
13 сәуір 2012, 18:06

О! Менің сүйікті әндерім бар арасында)))

+0
13 сәуір 2012, 23:10

Күштіііі! Әділ өткен!

+0
13 сәуір 2012, 23:15

«Орда» тобының «Белгісіз жан» әні ХХ ғасырдың басындағы қазақ эстрадасындағы жаңалық десек те болады.
"Гәкку" әнінің авторы Үкілі Ыбырай естіп ренжіп қап жүрмесін)))

+0
14 сәуір 2012, 18:49

өз дауысымды Қайрат Нұртастың орындауындағы Арман әніне берер ем,сол әнге бұрыннан ғашық едім,,

+0
14 сәуір 2012, 23:55

Маған ғажайып күй әні қатты ұнайды)))

+0
15 сәуір 2012, 19:53

Әділеттііі))))))

+0
30 сәуір 2012, 01:28

махаббат туралы үздік әндердің бастауы халықтың музыкасы болуы керек! тексте 210 әндер емес, ән деген дұрыс

+0
30 сәуір 2012, 01:35

ал "Балқадиша" әнінің авторы құдайға шүкір ұмытыла қойған жоқ, бұл Ақан Серінің әні делінеді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...