Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2012 / Қазақ даласындағы махаббат мекені. 2-бөлім

Қазақ даласындағы махаббат мекені. 2-бөлім

Қазақ даласындағы махаббат мекені. 2-бөлім

Басы

Махаббат бағдаршамы


Алматы қаласында махаббат бағдаршамы бар. Фурманов пен Гоголь қиылысындағы бұл бағдаршамның қызыл түсі жанған кезде, жүрек пішінді көруге болады. Бұл бағдаршам жанында талай жұптар қосылып, талай серілер өз сүйіктілеріне үйлену туралы ұсыныс жасайды екен.

Махаббат аллеясы


Өткен жылы қала күніне орай Өскемен қаласының әкімішілігі тұрғындарға тосын сый жасады. Қалада «Махаббат аллеясы» ашылды. Аллея пәк сезімді бейнелейтін мүсіндерге толы. Бұл аллеяның сәнін сері жігіттің мүсіні келтіріп тұр. Жүрек үстінде тұрған жігіт өз сүйіктісін іздеп жүргендей. Бірақ та, оның жұбы 90-60-90 параметріне сай болу керек. Әзілқой мүсін жанына тек қыздар ғана емес, жігіттер де келіп суретке түседі. Ал ақшам уақытында аллеяда шам жағылған кезде қол ұстасып, серуендеп жүрген қос ғашықтарды кездестіруге болады.

«Махаббат тасы» немесе «Махаббат аллеясы»


Алматы қаласының Чайковский көшесінің бойында (Төле Би көшесінің қиылысында) жүрек пішінді «Махаббат тасы» орналасқан. «Әлемнің барлық ғашық жандарына» деп қашалған тасқа өз сүйіктілеріне сезімін білдіріп, талай ғашық жан өз қолымен «Мен сені сүйемін» деп жазып тастаған. Бұл аллеядағы орындықтардың негізі де жүрек пішінді. Кешкі уақытта аллеяда сүйген жүректерді көптеп кездестіруге болады.

Махаббат көпірі


Алматыдағы ескі алаң саябағында орналасқан махаббат көпірінде кез келген күні қос ғашықтарды көруге болады. Бұл жаққа сүйген жандар арнайы келіп, көпірдің темір тұтқаларына құлып тағып кетеді. Әдетте, демалыс күндері некелерін қиған жас жұбайлар келіп, есімдері қашалған әдемі құлыптарды бекітіп кетеді. Алайда, бұл жаққа құлыпты тек жұптасқан жандар ғана емес, сыйластықтың құрметіне орай, жақсы достар да іліп кетеді екен.

Махаббат ағашы


Алматы қаласының Фурманов көшесінің бойында (Шевченко көшесінің қиылысында) «Махаббат ағашы» өсіп тұр. Кезінде бірге отырғызылған ағаштар қатар өсіп, бұтақтары бір-бірімен бірігіп өсіп кеткен. Тамырлары да ортақ ағаштар бір-біріне ынтызар қыз бен жігітті бейнелейтіндей. Ел аузында бұл ағашты «Қос ғашықтар ағашы», «Махаббат ағашы», «Сүйген жүректер ағашы» деп атап кеткен.

Суреттер: sbs.kz, zona.kz

16536 8
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 10 сәуір 2012, 23:53
Пікірлер
+0
11 сәуір 2012, 00:31

Мына бағдаршамды көргім-ақ кеп тұр.

+0
11 сәуір 2012, 09:01

Алматыда көп екен ғой, соның бірінде білмейді екем :oops: ана бағдаршамның қасынан күніңе кем дегенде төрт рет өтем сонда да байқамаппын :lol:

+0
11 сәуір 2012, 12:48

ол бағдаршамды 14 акпандагы ауле валентин куніне арнап койган болатын, сол бағдаршам алі кунге намысыма тиеді

+0
11 сәуір 2012, 13:59

ешқайсысын көрмеппін ше

+0
11 сәуір 2012, 14:11

Махаббат көпірі керемет екен :D

+0
11 сәуір 2012, 14:49

Махаббат тасында суретім бар)Ағашты білем,ал мына бағдаршам жасыл түсте болғанда байқар едік,а так жаяу мұса болған соң зу-зу ете қаламыз

+0
11 сәуір 2012, 17:36

махаббатым қайдасын қайда

+0
30 шілде 2012, 00:25

мына жерлер адеми екен, касында суйген адамын болса типти жаксы болар еди ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...