Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2012 / Қазақ даласындағы махаббат мекені

Қазақ даласындағы махаббат мекені

Қазақ даласындағы махаббат мекені

Кең-байтақ Қазақ даласы махаббат мекендеріне бай екен. Әр махаббат мекенінде сүйген жандар бір-біріне өз сезімдерін білдіре алады.

Көк-Төбе

Алатау баурайындағы Көк-төбеде ғашық жандар көп шоғырланады. Әсіресе, кешкі уақытта, жарық шамдары іске қосылғанда, бұл жақтан қол ұстасқан жұптарды көруге болады. Қала нышанына айналған алма жемісінің ескерткішіне жақын келіп, ғашық жандар су бұрқағына тиын тастап, іштерінен арман-тілектерін айтады.

Атырау қаласындағы көпір


Жайық өзенінің бойындағы қаланы Еуропа мен Азия құрлықтарына бөлетін үлкен көпір талай жас жұбайлардың бірге болуына себепші болған. Дәл осы көпір үстінде ер-азаматтар қауымы сүйген қыздарына үйлену туралы ұсыныстарын білдіріп жатады.

Махаббат ағашы


Темірден тұрғызылған «Махаббат ағашы» Ақтөбе қаласының көркіне айналды. «Махаббат ағашы» орнатылған алаңда су құдығы бар. Жас жұбайлар некелері қиылған бойда, ағашқа келіп, бұтақтарына құлып іліп кетеді. Әдетте, құлыпта жас жұбайлардың есімдері мен үйленген күні жазылады. Құлып бекітілгеннен кейін, оның кілтін су құдығына түсіріп жібереді.

Неке қию ағашы


Семей қаласында 2009 жылы «Неке қию ағашы» тұрғызылды. Темір металлдан жасалған ағаш бұтақтарына жас жұбайлардың есімдері жазылған құлыптар бекітіледі. Құлып бекіту беріктік пен тұрақтылықтың белгісі болып табылады. Бұл ағашқа өз құлыптарын тек жаңадан отау құрған жандар ғана емес, бір-біріне ғашық жандар мен жақсы достар да бекіте алады.

«Жас жұбайлар» ескерткіші


Бұл ескерткіш жақын жылдары Алматы қаласының маңындағы Алмарасан шатқалында бой көтерді. Жылдың кез келген мезгілінде ескерткішке неке қиып жатқан жас жұбайлар, бір-біріне ынтызар жандар арнайы келеді. «Жас Жұбайлар» ескерткіші махаббат пен пәк сезімнің нышанына айналды.

Жалғасы бар... 

Суреттер: meloman.kz, assastudio.ru

15547 16
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 10 сәуір 2012, 00:00
Пікірлер
+0
10 сәуір 2012, 00:45

Аз екен бізде романтик жерлер (

+0
10 сәуір 2012, 00:50

Көк-төбе ұнайды ) ;)

+0
10 сәуір 2012, 09:53

Қазақта махаббат мекені деген болмаған. Мәңгүрттердің ақша сыпыру үшін ойлап тапқандары :evil:

+0
10 сәуір 2012, 11:34

Семейдегі махаббат ағашына адамдар көп бара ма екен? :roll:

+0
10 сәуір 2012, 13:28

Бурабайда "Аллея любви" бар, кілең қайың ағаштарынан тұратын...

+0
10 сәуір 2012, 13:30

Атыраудың көпірі керемет екен :D

+0
10 сәуір 2012, 15:07

"Жас жұбайлар" ескерткіші күшті екен

+0
10 сәуір 2012, 19:32

керемет екен ;) :D :D

+0
10 сәуір 2012, 20:21

Көктебе эх

+0
11 сәуір 2012, 12:37

астанадагы ғашыктардың жие кездесетін орындарын махаббат мекеніне коспапсыз?

+0
11 сәуір 2012, 12:39

астанада козы -корпеш баян - сулу ескертші бар

+0
11 сәуір 2012, 12:42

атырау каласындағы көпір жалгыз сонда гана емес астанада семейде казахстанның тупір -тікпирінде бар гой

+0
11 сәуір 2012, 12:49

Бірақ олар дәл Атыраудағы көпірдей қаланы екі аймаққа, екі құрлыққа бөлмейді ғой. Әрине, кез келген ортаны романтикалық мекенге айналдырып алуға болады. Біз ең ерекше мекендерді жарияладық.

+0
19 сәуір 2012, 01:41

барлығыда керемет...........................

+0
30 шілде 2012, 00:45

Атырауда мостыдан баска адеми жерлер коп неге баскасын салмады екен :x

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз тұратын Еуразия сыры
Біз тұратын Еуразия сыры

оқып көріңіз бәлкім білмейтін шығарсыз

"ДенсаулықKZ" арнасы

Елімізге десаулық жайлы арна керек пе?

Автор: Ұлжан Лайық
Аспанға қараңызшы...
Аспанға қараңызшы...

Мен аспанға қарап отырмын. Сіз де қараңызшы...

Сплит +16
Сплит +16

«Внутри Кевина живут 23 личности. Вскоре еще одна явит себя миру»

Автор: Айкона Н

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...