Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2012 / Махаббатқа толы жүрек

Махаббатқа толы жүрек

Махаббатқа толы жүрек

15 сәуір - Ғашықтар күні қарсаңында бір-бірін жолықтырған қос ғашық Манас пен Гүлзат бүгінгінің Қозы Көрпеші мен Баян Сұлуындай. Екеуінің махаббатқа тұнған өмірінен бір үзік сыр шертпекпіз...

Ерке көктемнің шуақты күні. Манас достарымен бірге үзіліс уақытында демалып отыр еді.

Кенеттен күн нұрына балқып сызыла басып келе жатқан сұлуды көзі шалып қалған Манас бейтаныс сұлудан көзін тайдыра алмай қалды.

Достарымен бірге отырғанын ұмытып, еріксіз хор қызының артынан ілесе беріпті.

Тағдырдың сыйы ма? Манас сұлуға жақындай түсті.

Кенет... Қыз баспалдақтан түсейін дей бергенде, сүрініп кетті. Манас қыздың қолынан шап беріп ұстай алды.

Бейтаныс жігіттің қолынан ұстай алғанын жақтырмаған сұлу оның қолын серпіп жіберді де, шарт бұрылып, жөніне жүріп кетті.

Манас "Қарындас..." деген сөздің аузынан қалай шығып кеткенін байқамастан, оның артынан қалмай,

қуып жетті. Бейтаныс сұлудың жүзіне күлкі үйіру сымбатты жігіттің қолынан келді.

Дереу нөмір алмастырды.

Әңгімелері жарасқан екеуі әдемі күлкілерімен айналаны нұрға бөлеп жіберді.

Міне, ҚазҰУ қалашығының бір бұрышы тағы бір таныстыққа куә болды.

Қыздың жанарына үкілі үміт тұнып,

жігіттің жүрегінде сезім ұшқыны лаулағандай еді...

Жалғасы бар

Рөлдерде: Гүлзат Қостұрғанова, Манас Қайыртайұлы

11598 20
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 08 сәуір 2012, 23:26
Пікірлер
+0
08 сәуір 2012, 23:35

жақсы ақ лафстори екен... видеомен әдемілеп жасаса керемет болар еді...

+0
08 сәуір 2012, 23:56

Мейіргүл, бұл ойдан шығарылған ба, жоқ өмірде болған, болып жатқан махаббат па???

+0
09 сәуір 2012, 00:09

Бір жерде менің атым жазылып тұр ма? :D қайдан білесіз ))) көріпкелсіз-ау деймін. Бұл жағы құпия ) Жалғасын күтіңіз, жалғасы бар ) Видеоға қатысты. Видеоны істеуге әбден болады, бірақ, видеоға қарағанда суретті көріп шығу оңай адамдарға, сондықтан, суретпен болды. )

+0
09 сәуір 2012, 00:20

аталарым айтты :D
суретті сериал жасамақсызба сонда??? ондай ойыңыз бар, сол рөлдегілермен нағыз видео жасаса күшті болар еді деп ойлаймын! :ugeek:

+0
09 сәуір 2012, 08:40

жақсы жасалған!

+0
09 сәуір 2012, 09:35

Екі кейіпкердің жұмысы жоқ па, қыз бір жаққа асығып бара жатқандай еді, жігіт достарымен отырғандай еді. Олары қайда кетті? Жалғасы бар екен. Екіншісінде сценарийдің жазылғаны көрініп тұратын шығар енді? Солай сенемін. Сапалы суреттер екен. Бірақ тұлғаның басын суретке сыйдырмай тастайтын фотографтарға айтатын назым көп. Басын қиып тастау мода ма сонда? (соңғы екі суретті айтамын.)

+0
09 сәуір 2012, 11:33

керемет! Мерекеге орай құрылған тырнақалды аңыз-туынды)

+0
09 сәуір 2012, 12:50

керемет екен! ерекше нәрсе қыз өте сұлу екен :!:

+0
09 сәуір 2012, 13:40

Жалғасын күтіп отырмын!!!

+0
09 сәуір 2012, 16:46

жігіт сымбатты екен ;) өз аттарымен түскендеріне қарағанда оқиға шын болар 8-) 8-) 8-) 8-)

+0
09 сәуір 2012, 16:51

jalgasin asiga kutemiz!!!))) tezirek wigarinizdar!!!
:mrgreen:

+0
09 сәуір 2012, 17:32

Бұл бастамасы ғана ғой ;) Жалғасы бұдан да жақсы :) Сіздерге ұнайды деген ойдамыз :P

+0
09 сәуір 2012, 20:18

не дейд кұдай ау? :shock:

+0
09 сәуір 2012, 22:10

корей сериалдарын жүз орайтын түсірілім, корей актерларынан мына жогарыдағы сүйкімділердің несі кем? жарайсың, массагет!

+0
09 сәуір 2012, 23:28

Жалғасын күтем:)

+0
10 сәуір 2012, 09:56

Мағынасы жоқ...Банальный сериал

+0
10 сәуір 2012, 12:29

суреттер әдемі түсірілген ғой

+0
10 сәуір 2012, 12:29

өздері де әдемі

+0
10 сәуір 2012, 13:39

КазГУ уже көгеріп жатыр екен. Қыздың сұлуын ай, юбкасы да әдемі...

+0
10 сәуір 2012, 17:35

Қыздың телефон ұстап тұрған суретті көріп жігіті звондап қалған шығар, қап, Манастың жолы болмады-ау деп ойлап қалдым :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...