Махаббат туралы смстер

Махаббат туралы смстер

Жаным, Ғашықтар күнімен! Келесі ғашықтар күніне дейін сен екеуміз жұп жазбай, мәңгілікке бір-бірімізді сүйіп өтейік.

Ғашықтар күнінде ыстық іңкәрлігімді айта алатын сендей жанның барына бақыттымын. Сүйгенім, мынау жалпақ жалғаннан жүрегімнің жартысын адаспай тапқаным - тағдырдың маған жасаған сыйы деп білемін.

Егер маған сенсіз мәңгілік өмір сыйлаймын десе, мен сенімен бірге өткізетін бір сәтті таңдар едім.

Жұлдыздарға қарашы! Қандай көөөп... Соның әрбірі сені қалай сүйетінімді айтып сыбырласады... Сүйгенім, ғашықтар күнімен!

Мен сені ертең бүгінгіден де қатты сағынатынымды білемін, себебі бүгін сені кешегіден де қатты сағындым! Аяулым, сүйгенім, мерекеңмен!

Екеуміз тек қана дос екенімізді білемін, бірақ, өзіңді бәрінен де қатты жақсы көретін адамның бар екенін біл! Мен сені сүйемін...

Алдымен махаббат жалғыздықты өлтіреді, кейін жалғыздық махаббатты өлтіреді. Бүгін сен екеуміз махаббатымыз мәңгілік болсын деп тілек айтайық! Махаббат өлтірген жалғыздық қайтып оралмасын..

Менің сүйікті жұмысым – көзімді жұмып алып, сен туралы ойлау... Сен менің өмірімнің мәні, жүрегімнің әні, көңілімнің сәнісің, асылым!

Сені биге шақырдым... Билеп жүріп, маған сенен өзге ешкім керек емес екенін ұқтым.... Өмір бойы жұбымыз жазылмасын, күнім!

Жер бетінде миллиардтаған адам бар... Бірақ, мен тек саған ғана өз махаббатымды арнаймын. Себебі, олардың ешқайсысы сен емес...

Көше көңілсіз,күн де күлмейді, өзің жоқ болсаң, өңім кірмейді...Өзің жоқ болсаң, бәрі көңілсіз, мәнсіз бұл жалған... Өзіңсіз! Сүйгенім, сүйіктім, мен осы сөздерді саған арнағаным үшін бақыттымын!

Көзімді жұмсам болды, сен есіме түсесің. Мүмкін бүгін, ғашықтар күнінде көзімді жұмып отырма бермесін десең, кездесерміз?..

Мен ұсынған гүл үнсіз ғана саған өзіңді қалай сүйетінімді жеткізеді... Ол тілсіз, бірақ жүрек екеуі бір-бірін ұғынады... Гүлім менің, мен сені сүйемін!

Ұйқысынан күліп оянған менің патшайымым! Осы смсім де сені қалай сүйетінімді жеткізе алмас. Сені қалай сүйетінімді айту үшін кездесуге кел!

Мен Алладан қағаз сұрадым, ол маған ақша берді, мен Алладан бір тамшы су сұрадым, ол маған теңіз берді, мен Алладан періште сұрадым, ол маған Сені берді..

Мен өмір сүргім келетін бір әлем бар. Ол сенің тұңғиық жанарың!

Жаным, ғашықтар күні саған өзіңді қалай сүйетінімді айту үшін керек. Саған аспандағы айды алып берсем, ол да сезімімді жеткізе алмас...Терезеңнің алдына келіп, сен деп ән шырқасам, ол да аздық етер... Ендеше тек жүрегімнің дүрсілін тыңдауың үшін сені кездесуге шақырамын. Мен жеткізе алмаған сезімді жүрегім жеткізер...

Бақытты іздеп тауды да, тасты да кездім. Сөйтсем, бақыт деген тек қана Сен екенсің! Бақытымды тапқаным үшін қуаныштымын, бақытым!

сурет: vishalsmsguru.blogspot.com 

М. Оңғарова