Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 15 СӘУІР - 2012 / Қозы Көрпеш - Баян Сұлу мазары

Қозы Көрпеш - Баян Сұлу мазары

Қозы Көрпеш - Баян Сұлу мазары

Қос ғашықтың қайғылы махаббатына арнап тұрғызылған Қозы Көрпеш - Баян Сұлу мазары Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таңсық теміржол бекетінен 10 шақырымдай жердегі Аягөз өзенінің бойында орналасқан. Жалпы биіктігі - 11.65 м. Қабырғасы гранит қалақ тас пен сабан аралас балшықтан қаланған. Кірер есігі шығысқа қаратылған. Бір зерттеушілердің пікірінше, ол V-X ғасырда көтерілсе, басқалар X-XI ғасырда орнатылған дейді. Қалай дегенмен де, лиро-эпостық поэманың кейіпкерлерімен байланысқан мазар біздің күнге дейін жеткен ежелгі Қазақстан ескерткіші болып табылады.

Қазақ халқының ғасырлар бойы жырлап келе жатқан Қозы Көрпеш-Баян Сұлу хикаясын Шоқан Уәлиханов, Григорий Потанин, Василий Радлов, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан сияқты зерттеуші-ғалымдар, тарихшы, әдебиетшілер бірнеше ғасыр бойы зерттеп, қазіргі ұрпаққа асыл мұра етіп, жеткізіп отыр. Кесенені 1856 жылы зерттеген Шоқан Уәлиханов мазардың жанында төрт балбал тастың болғанын жазған екен. Халық аңызы оларда Қозы Көрпеш, Баян сұлу және олардың апалары Айтаңсық пен Айғыздың суреттері бейнеленген дегенді айтады. Алайда қазірде ол тастар жоғалған.

Қозы Көрпеш пен Баян сұлу аңызының ел аузында бірнеше нұсқасы жүр. Соның бірі әйгілі аңызды былайша өрбітеді: Кішкентайынан бірге өсіп, дос болған Сарыбай мен Қарабай әлі дүниеге келмеген балаларын атастырып қояды. Ұлы дүниеге келмей жатып Сарыбай аңшылықта қайтыс болады. Атастырылған Қозы мен Баян ер жете бір-біріне ғашық болады. Бірақ Қарабай сөзінде тұрмай, қызын бір кездері малын жұттан сақтап қалған палуан Қодарға беруді жөн көреді. Сөйтіп Қодар екі ғашықтың ортасына түседі. Екеуара шайқаста бірінші болып Қозының басы кетеді. Сүйіктісінен айрылған Баян кек алуды ұйымдастырады. Ол Қодарды алдап, егер ол құдық қазып берсе, оған тұрмысқа шығамын дейді. Қодар Баянның шашынан ұстап алып, құдықты терең етіп қаза бастайды. Құдық тереңдей бергенде, Баян шашын кесіп жіберіп, Қодарды құдыққа батырып, өлтіреді. Ал өзі өз-өзін қылыштап, бақилыққа аттанады.

Қозы Көрпеш жігіт пен сұлу Баянның бейнесі қазақ халқымен он бес ғасыр бойы ажырамай келеді. Олардың биік сезімі әлі күнге дейін бөлінбей, адамзаттың мәңгі жырлар тақырыбы махаббаттың символына айналды. Қос ғашықтың жалындаған, қайғылы махаббаты ақындарды, драматургтерді, этнографтарды нәсіліне, тегіне қарамай, сан ғасырлар бойы шабытқа жетелеп келеді.

Сурет: nur.kz

Видео авторы serikkazy

17909 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 08 сәуір 2012, 23:10
Пікірлер
+0
09 сәуір 2012, 12:50

символ десе, символ :!:

+0
09 сәуір 2012, 16:48

сол жерде жары ма екен расымен :?: :?:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...