Тоқтап-тоқтап өсетін ағаш

Тоқтап-тоқтап өсетін ағаш

"Жібек" ағашы немесе "сейба" деп аталатын өсімдік түрі Оңтүстік Американың тропикалық аймағы мен Африка құрлығының солтүстік бөлігінде өседі. Ағаш 60-70 метр биіктікке дейін барады. Алайда, сейба алғаш рет тамырын тереңге бойлап енді ғана топыраққа сіңісіп келе жатқан кезінде құратта (джунгли) биік-биік ағаштардың себебінен күн сәулесін жеткілікті түрде ала алмайды. Сол себепті ағашқа биіктікке жету үшін біраз жыл қажет. Жібек ағашының басқа ағаштардан ерекшелігі ол күткенді жақсы көреді. Мысалы, сейба биіктігі адам бойын шамалап қалған сәтте өсуін бір тоқтатып, жапырақтарынан құтылады. Мұның себебі ағаш қасындағы кәрі ағаштардың шіруін немесе белгілі бір себеппен құлауын тосады екен. Бұл үрдіс ұзақ мерзімге жалғасуы мүмкін. Тарихта өсімдік 20 жылдан аса уақыт күтіп, кейінірек екінші рет жанданып "қарсыластарын" аз ғана уақыт ішінде қуып жетіп алған кездері болған.

Оқи отырыңыз:

Аралардың үлкейтілген суреттері

Әлемдегі ең ылғал елді мекен қайда?

Бұл кісі басқалардың қолынан келмейтін іс жасайды

Бұл өсімдіктердің өмір үшін қалай күресіп жатқанын көріңіздер

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:www.panoramio.com

Н. Нұрмаханұлы