Бұл қызық: Жанартау жанында жасалған селфи (видео)

Бұл қызық: Жанартау жанында жасалған селфи (видео)

Канадалық тележүргізуші Джордж Курунис (George Kourounis) Тынық мұхитындағы Амбрим аралында орналасқан Марум жанартауының кратеріне дейін барып, түсірілім жасады.

Аса қауіпті жанартау жанында түсірілім ұйымдастырып, селфи жасаған тележүргізуші Марумға шамамен 400 метрдей жақын барған. Түсірілім тобы жанартауға дейін тікұшақпен жеткен. Керек-жарақтарын алып, дайындалған соң олар төменге темір арқанмен түскен.

Курунис  твиттеріне «Жанартау жанындағы селфи. Кейде қарапайым селфи қауіпті болуға жеткіліксіз болады», - деп жазды.

Ал, «The Weather Network» басылымына берген сұхбатында ол кратерге алдағы уақытта қайта оралып, тағы түсірілім жасайтынын айтты.

Сондай-ақ, Джордж Курунис пен басқа да қызметкерлер бұл сапардан қарапайым журналистің экстремалды түсірілімдері туралы бейнеролик әзірлеп қайтты.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: geonews.ge

Н. Айдархан