Британдық ерлі-зайыпты танысқанға дейін 20 жыл бұрын бірге түскен суретін тауып алды

Британдық ерлі-зайыпты танысқанға дейін 20 жыл бұрын бірге түскен суретін тауып алды

Британдық Ник Уилер мен Эйми Мейден той алдында Никтің әжесінің үйіне барып, бала кездегі альбомды қарап отырады. Эймидің көзіне Никтің жағажайда отырған суреті түседі, ал артқы планда кімді көріп қалады дейсіз ғой?

Иә, Эйми өзін.

Кішкентай қыз жақын жерде оның болашақ күйеуі отырғанын еш сезбей, жағажайда басқа қыздармен ойнап отыр.

Бұл сурет 1994 жылы Ұлыбританияда Эймидің туып өскен қаласы Маусхоллда түсірілген. Ник бұл өңірден үш жүз километр қашықтықта өмір сүрген, ал мұнда бір күнге отбасымен демалысқа келген.

Ник пен Эйми 2014 жылдың 25 шілдесінде Маусхоллда, 20 жыл бұрын бірге демалған жерге жақын өңірде үйленген. 

Сурет: adme.ru

Дайындаған: Диана Мамытбекова

A. Mustafina